Бөлімі: Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы



жүктеу 42.81 Kb.
Дата11.07.2016
өлшемі42.81 Kb.
Балабақшаның атауы _Павлодар қаласының № 16 сәбилер балабақшасы.
Аты – жөні Шолпан Бариқызы Хасенова
Қызметі _Тәрбиеші__________________________________________
Жұмыс өтілі 9 жыл
Санаты 1
Тақырыбы Менің Отаным-Қазақстан
Тобы ересек

Бөлімі: Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.

Мақсаты: Отан, атамекен туралы түсініктерін кеңейту, зерттеу әрекеті арқылы табиғатты аялай білуге дамыту, туған жер табиғатына қамқорлықпен, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Тақтада Қазақстан Республикасының картасы

ілініп тұрады.Үстел үстінде жатқан суретті карточкалар арқылы балалар туған еліне тілектерін айтады: - Менің елімде бидайы көп болсын!

- Менің елімде бейбітшілік болсын!

- Менің елімде алтыны мен күмісі көп болсын!

- Менің елімде достық болсын!

- Менің елімде өзендері мен көлдері таза болсын!

- Менің елімде алмалары тәтті болсын!





Барлығы: -Менің елімнің Президенті аман болсын!

Балалар алған суреттерін картаның сыртына айналдыра іледі.



  1. Кіріспе бөлім: (Сұхбат әдісі арқылы)

  • Балалар сендер айтқан тілектер біздің туған елімізде Қазақстан Республикамызда бар.

- Осы байтақ еліміздің Президенті кім? - Бас қаламыз қай қала?

- Сендердің туған қалаларың ше?

- Бірінші бас қаламыз –Астана болса, оңтүстіктегі астанамызды кім айтып картадан көрсетеді?

- Оңтүстік астанамыз - Алматы қаласы.





3.Негізгі бөлім.

– Осы байтақ еліміздің көлдері мен өзендері таза болсын деп айттыңдар, Павлодар өңірінде қандай өзен бар? - Ертіс өзені.

– Дұрыс, енді кім Ертіс таза болсын дегендер «Зауыт» тобы болып бөлініп отырады.

Елімізде бидайы, дәні көп болсын дегендер «Бидай» эмблемасын алып, топтасып отырады. – Елімізде алмасы тәтті болсын дегендер топтасып отырады. (Әр топ алдында зауыт,бидай,алма суреттері белгілері тұрады)


«Зауыт» тобы: 1 тапсырма.

– Ертіс өзені таза болу үшін зауыттар не істеу керек?

(Үстел үстінде зауыт макеті, Ертіс өзені, сетке, мақта, лай су және таза су. Балалар зерттеу әрекетін жасайды)



  1. тапсырма.

(Балалар алдында тор көздерге бөлінген карточкалар және қызыл, көк фламастерлер)

- Су шынығу үшін қажет.

- Судың да сұрауы бар.

- Суды ластауға болмайды! - Қайнамаған суды ішуге болмайды.



Бидай тобы: 1 тапсырма:

- Нан қайдан шығады? (Қима суреттер арқылы нанның шығу жолын орналастыру, ретімен айту)



2 тапсырма:

Нан туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айту.






Алма тобы: 1 тапсырма:

- Отан деген не?

(Үстел үстінде күннің көзі суретінің нұрына әр бала карточкалар арқылы сөйлем құрап айтады. Отан деген орманмызы, табиғатымыз, өсімдіктеріміз т.б.)

2 тапсырма:

«Болашақ менің Қазақстаным»жоба жасау.

(Әр түрлі табиғи заттардан: үйенкі ағашы, жаңғақ қабығы шишкадан, қоңыр түске боялған пенопласт, көк түсті сүлгілер, ермексаз, т.б.) 4. Сергіту сәті:«Киіз үй»

Дөңгелектеп тұрамыз

Керегені құрамыз,

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрамыз.



5.Өлең оқу: Тірек-схема арқылы тақпақты қайталау

«Туған өлкем»

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу,неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу,неткен көркем,

Осы менің туған өлкем! Тақпақты әртүрлі әрекетте оқу.

(Шынжыр,Тасбақа,Зымыран суреттерін көрсету арқылы өлеңді баяу,тез және бірінен соң бірі жалғастыра оқу) жаттау.


6. Қорытынды: Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Балалар жартылай шеңбер құрып тұрады.(Картаға оралу) - Бүгін кім сабақта жақсы қатыстым, көп білдім деген «Алма» суретін алып, Алматы қаласына орналастырады.



- Білдім, бірақ әлі де білгім келеді дегендер «Бәйтерек» суретін алып Астана қаласына орналастырады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет