Бопсалау немесе пара алуға азғыру (параға сатып алу) жағдайында не істеу керектігі жөнінде азаматқа жадынама



жүктеу 30.47 Kb.
Дата13.07.2016
өлшемі30.47 Kb.
БОПСАЛАУ НЕМЕСЕ ПАРА АЛУҒА АЗҒЫРУ (ПАРАҒА САТЫП АЛУ) ЖАҒДАЙЫНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕКТІГІ ЖӨНІНДЕ АЗАМАТҚА

ЖАДЫНАМА
Сізге қойылған шарттарды мұқият тыңдап алып (баға көлемін, тауардың аты мен қызмет сипаттамасын, пара беру уақыты мен амалдарын, коммерциялық парамен сатып алу түрлерін, мәселелерді шешу салдарын және т.с.с.) дәл есте сақтап қалу керек.

Өзіңізді өте сақ, сыпайы, бірдеңені тергемейтіндей ұстап, пара беру мен коммерциялық парамен сатып алудан бас тартуға дайындалып отырғандығыңыз немесе мүлдем бас тартатындығыңызды білдіріп қоятын ағат әңгіме айтып қоймауыңыз керек.

Шенеунікпен келесі кездескенге шейін пара беру орны және беру уақыты туралы мәселені басқа мезгілге көшіруге әрекеттеніңіз.

БОПСАЛАУ ФАКТІЛЕРІНЕН КЕЙІН СІЗ ТЕЗ АРАДА

НЕ ІСТЕУІҢІЗ КЕРЕК?
Сіз өзіңіздік азаматтық көзқарасыңызға, өнегелі ұстанымызға, ар-намыс пен өмірлік тәжірибеңізге қарай шешім қабылдауыңыз керек. Осыған орай Сізде екі түрлі жолмен әрекет ету мүмкіншілігі туады:

Бірінші түрі: бопсалаушымен қандай да бір байланыстарды тоқтату, қылмыс жасаудан бас тартатындығыңыз және Сіздің мәселеңіз шешілмейтіндігіне көнетіндігіңіз туралы, ал бопсалаушы жазаланбай адамдарды жәбірлеп, өзін сыбайластырмен және сыбайлас жемқорлық байланыстармен қоршауды әрі қарай жалғастыра беретіндігі туралы бопсалаушыға ұғым білдіру.

Екінші түрі: мұндай зұлымдықты әрбір нақты жағдайда жеңу керектігін, кез-келген жағдайда өзінің адамгершілік қасиетін сақтап, қылмыс жасау жолына тұрмай, сыбайлас жемқорлардың – парақорлар мен бопсалаушылардың жолына қарсы тұру.

Әрбір адам өз шешімдерін қабылдауға ерікті. Бірақ, еркін тұлға зұлымдықтың жазалануы керектігін түсінбей қалуы мүмкін емес. Сондықтан екінші түрмен әрекет ету моралдық және құқықтық нормаларға сай келеді.



Егер Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды шешкен болсаңыз

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ
Шешіміңізге қарай өзіңіздің жасау орныңыз бойынша жоғарғы органдарға немесе заң органдарына ауызша, не болмаса жазбаша арызбере аласыз:

«Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ, Ленин к–сі., 95 үй мекен–жайы бойынша орналасқан, сенім телефоны: 8 (71431) 4–66–28;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Рудный қаласы ішкі істер басқармасы» ММ, Горняк к–сі., 5 үй мекенжайы бойынша орналасқан, сенім телефоны: 8 (71431) 2–46–66;

Рудный қалалық прокуратурасы, Горняк к–сі., 58 үй мекенжайы бойынша

орналасқан, сенім телефоны: 8 (71431) 4–42–03.



Ішкі істер органдары, прокуратура, тергеу комитеті және басқа мемлекеттік органдар пара беруге бопсалаған жағдайында, көрсетілген органдардың жеке қауіпсіздік бөлімдеріне немесе жоғарғы инстанциларға тікелей жүгінуіңізге болады.



СІЗГЕ КЕЛЕСІНІ ЖАСАУ ҚАЖЕТ:

Сізден пара бопсалау туралы мәліметпен өзіңіз арызданған құқық қорғау органдарының басшысының қабылдауына келу.

Сізден пара бопсалау немесе коммерциялық парамен сатып алу фактілері туралы хабарлау, онда мыналарды көрсету қажет:


  • лауазымды тұлғалардың қайсысы (тегі, аты, әкесінің аты, мекеменің атауы) сізден пара бопсалады немесе коммерциялық құрылымның қай тұлғасы Сізді парамен сатып алуға итермелейтіндігін хабарлау;

  • бопсалаушы параның (парамен сатып алудың) сомасы мен сипаттамасы;

  • қандай нақты әрекеттер үшін (немесе әрекет етпеу үшін) Сізден пара бопсаланатындығы немесе коммерциялық сатып алу жасалынатындығын хабарлау;

  • қай уақытта, қай жерде және қалайша тікелей пара беру немесе коммерциялық сатып алу жасалынатындығын хабарлау.

Сыбайлас жемқорлық түріндегі құқық бұзушылық туралы хабарлау түрлерінің бірі – анонимді түрде хабарлау болып табылады. Дегенмен де бұл жағдайда арызданушы атын жазбағандығына қарай жауабын ала алмайды, ал қылмыс жасау туралы анонимді арыздың өзі қылмыстық іс қозғау үшін себеп бола алмайды (ҚР ҚПК 6 тар. 181 бабы) ол міндетті түрде тексеріледі (ІІБ сенім телефоны: 2–46–66, автоматты жауап беруші қосылған, тәулік бойы жұмыс істейді).



Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес:

Егер мемлекеттік қызмет орындаушы өкілет, немесе оған теңестірілген тұлға жағынан пара бопсалаланған болса немесе пара беруші пара беруі туралы қылмыстық іс қозғау құқығына ие органдарға өз еркімен хабарлаған болса, пара берген тұлға қылмыстық жауап беруден босатылады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет