Бородулиха ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауын ақпараттық-насихаттау жұмысы туралы ақпарат



Дата01.07.2016
өлшемі25.67 Kb.
#171147
Бородулиха ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауын ақпараттық-насихаттау жұмысы туралы ақпарат
Бородулиха ауданында 54 адамнан тұратын 14 аудандық ақпараттық- насихат топ және кенттік және ауылдық округтерде жұмыс атқаратын 188 адамнан тұратын 33 ақпараттық – насихат тобы құрылып, бекітілді, олар бекітілген кестеге сәйкес кенттік және ауылдық округтерге шығады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылау бойынша аудандық активтің отырысы және 19 122 адам қатысқан 938 кездесу, дәріс және дөңгелек үстел өткізілді, бұл жалпы халықтың 51,3% құрайды. Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша іс- шаралар жоспары әзірленіп бекітілді, кестеге сәйкес аудандық АНТ ақпараттық – насихаттау тобының медиа-жоспарымен қамтамасыз ету үшін шығуы ұйымдастырылды.

Түсіндіру жұмыстарына соғыс және еңбек ардагерлері, ауылдағы қоғамдық құрылымдардың басшылары, тұрғындар арасында беделі бар белсенділер тартылады.

Ауданда Республикалық, облыстық мекемеаралық ақпараттық –насихаттау тобымен кездесу өтті.

Түсіндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің әлеуеті пайдаланылады. Көрнекі үгіт ретінде барлық мерекелік іс-шараларда Мемлекеттік символика, Президент Жолдауынан дәйексөздер жазылған әлеуметтік жарнамалар қолданылады.

Апта сайын ауылдық АНТ пен аудандық АНТ мүшелерінің жұмыстарына сараптама жасалады, облыстық және аудандық ұйымның мекен жайына келген тұрғындардың жолданымдарын жинау ұйымдастырылған.

Округтерде қоғамдық-саяси жағдайларға мониторинг жүргізіледі. Кездесу кезінде туындаған мәселелер шешіледі.

Ақпараттық – насихаттау топтары мүшелеріне көмек ретінде үнемі Президент жолдауы бойынша және де Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмалардағы айтулы оқиғаларға, ағымдағы жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылау бойынша - 70 дана, «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаланың мәтіні -150 дана, т.б. материалдар дайындалды.

Қоғамдық пікірді зерттеу үшін сауалнама жүргізіледі, округтердегі қоғамдық көшбасшыларының пікірін телефон арқылы білу, жүйелі түрде азаматтар жиыны, тұрғындармен кездесу және басқа да қоғамдық маңызды іс шаралар өтеді.

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен ынтымақтастық байланыс орнаған, партия мүшелері аудандық және ауылдық АНТ мүшелері болып табылады. Ауданда 21 бастапқы партиялық ұйым тіркелген, жалпы саны 4050 мүше оның ішінде Жезкент тау кен өндірісінің жанында бастапқы партия ұйымында – 1961 адам және 20 аудандық бастапқы ұйым филиалында 1770 партия мүшесі бар.

«Жас Отан» жастар ұйымы ақпараттық –насихаттау топтары жастар желісін құрып, өз орындарында округтің қоғамдық құрылымдары мүшелерінің санынан саяси хабарламашылар ұйымдастырылуда, «Жас Отан» жастар қанаты 645 жастарды қамтиды.

Қазіргі уақытта 164 баннер орналастырылған, олардың ішінде Жолдауды насихаттау бойынша – 64 баннер,тілдерді дамыту бойынша – 97 баннер,патриоттық тәрбие,ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, Салауатты өмір салты және Үкімет бағдарламасы.



Аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттерінде

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауына пікірлер және тақырыптық мақалалар жарияланды. Жолдау шыққаннан бері 216 мақала және пікір жарияланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет