IX. Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесі, индексі 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-үй, анықтама үшін телефоны/факс: (8-714-2) 50-49-26, электронды адресі: Kostanay_bvi@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы, (негізгі маманның бала күту демалысы кезеңіне 2017 жылғы 11 наурызына дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: су заңдылықтарының сақталуы жөнінде шаруашылық субъектілерін тексеруге арналған жылдық және тоқсандық жоспарын әзірлеуге қатысады, судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнына және қайта жаңартуға жер учаскелерін беруге материалдарды қарайды; су нысандарының жай-күйiне әсер ететiн нысандардың жобалау құжаттамаларын қарастырады; су нысандарын оқшау немесе бірлесіп су пайдалануға беру туралы өтінішті қарауды жүргізу, су заңдылықтарының сақталуы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарды тексеруді жүзеге асырады, су ресурстарын қорғау сұрақтары бойынша Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының қоғамдық мекемелермен, әртүрлі меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындармен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жөніндегі құжаттар мен материалдарды дайындайды, су қорғау белдеулері мен аймақтарында, су нысандарындағы құрылыс және басқада жұмыстар жүргізу жөніндегі құжаттарды қарастырады және келісімдейді, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа да өкілеттіктерін жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі), ауыл шаруашылығы ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану), жаратылыстану ғылымдары (гидрология, экология), өзен ғимараттарының гидротехникалық құрылысы және гидроэлектрстанциялары, гидротехникалық құрылыс және ғимарат, сумен жабдықтау, кәріз, су қорын тиімді пайдалану және қорғау, гидромелиорация, гидрогеология және инженерлік геология, гидрометеорология, сумен жабдықтау, құбыр өнеркәсіп және ағынды суларды тазалау. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқса етіледі. Техникалық ғылымдар және технологиялар(қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі), ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану), жаратылыстану ғылымдары (гидрология, экология), өзен ғимараттарының гидротехникалық құрылысы және гидроэлектрстанциялары, гидротехникалық құрылыс және ғимарат, сумен жабдықтау, кәріз, су қорын тиімді пайдалану және қорғау, гидромелиорация, гидрогеология және инженерлік геология, гидрометеорология, сумен жабдықтау, құбыр өнеркәсіп және ағынды суларын тазалау. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Х. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, 040008, Талдықорған қ., Шевченко көш., 168-үй, 113 кабинет, анықтама телефондары: (7282) 32-47-59, факс (7282) 32-47-66, е-mail: fink.almobl@minfin.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Кадр және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің кадр бойынша бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: инспекция қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өткеруін ұйымдастыру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу; мемлекеттік қызметшілерді іріктеу, орналастыру және орындарын ауыстыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметшілердің арнайы міндетті тексеруден өтуі үшін құжаттарын дайындау және жіберу, жеке құрам, демалыстар мен басқа да кадрлық мәселелер бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау; мемлекеттік қызметшілердің аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу; кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз ету; Инспекция қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өтілін айқындау бойынша комиссия жұмысына арналған материалдарды дайындау; қызметтік тексерулерді жүргізуге қатысу; Инспекция қызметкерлерінің саны және сапалық құрамы бойынша мәліметтер әзірлеу, конкурстық, аттестаттау комиссияларының жұмысына материалдар дайындау; қызметкерлердің жеке істері мен еңбек кітапшаларын есепке алу мен сақтау; еңбек тәртібінің сақталуын бақылау және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: экономикалық немесе педогогикалық немесе құқықтық. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етеледі. Үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, осы санат бойынша функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. Мүмкіндігінше аталған салада жұмыс тәжірибесінің болуы.
XI. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10-үй, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 7-қабат, 714-кабинет, электронды пошта, еrlan0582@mail.ru, анықтама үшін телефондар: (8 7172) 741205, факс (8 7172) 741218, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Павлодар облысы бойынша аумақтық департментінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: электр және жылу станциялары, электр және жылу желілерінің сенімді, қауіпсіз және үнемді жұмыс істеуіне, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу тұтыну энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асыру. Электр энергетикасы обьектілеріндегі авариялық, технологиялық бұзушылықтар мониторингі және талдау. Электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың сақталуына, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығына, электр энергетикасы саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар. Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Аварияларды, жазатайым оқиғаларды және электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің техникалық талаптарының өзге де өрескел бұзушылықтарын жіберген кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың меншік иелеріне ұсыныстар енгізу немесе электр энергетикасы саласындағы заңнамаларды бұзуда кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға материалдар жіберу. Тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес аумақтық департаменттің жұмыс жоспарын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Өңірлік деңгейде материалдарға талдау дайындау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарауды жүзеге асыру. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және тұтынуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білуіне біліктілік тұрғысынан тексеруді қатысу және ұйымдастыру. Өңірлік деңгейде талдамалық материалдарды, өндіріс және электр энергиясын тұтыну теңгерімін дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе құқық немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі.
XII. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, 130000, Ақтау қаласы, 9 ш/а, 23 «а»-үй, анықтама телефондары: 8(7292) 43-84-14, 43-84-11, 42-16-13, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Техникалық реттеу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беру (қайта ресімдеу) туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау (лицензиаттар ұсынатын ақпаратты жинау, талдау, өңдеу). Төтенше жағдайларды және өндірістік қауіпсіздікті және энергетикалық қадағалауды және бақылау жөнінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтініш берген жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік органдарға сұрау салуды дайындау. Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру (қайта ресімдеу) жұмысын ұйымдастыру. Лицензиялар тізілімін жүргізу. Лицензиялық бақылауды жүзеге асыру. Өтінімдерді талдау және тіркелімге енгізілген табиғи монополия субъектілерінің нормативтік санын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды бекіту туралы бұйрықтардың жобаларын бекітуге ұсыну. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің штаттық кестесін, әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің еңбекақысының шекті деңгейін келісу. Өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкеп соқпайтын, ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметаларын келісу. Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін ақының мөлшерін және ақы алу тетігін келісу. Тіркелімге енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптар, шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту жөніндегі өтінімдерін қарау кезінде сараптамалық кеңестер өткізу. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің, лицензиаттардың қызметін тексеруге қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. «Табиғи монополия субъектілерінің қызметін мониторингтеу жөніндегі электрондық деректер базасы» ақпараттық жүйесін, әкімшілендіруді жүзеге асыру, Комитеттің веб-сайтына ақпарат жолдайды, бөлімнің мақалаларын дайындайды және БАҚ-қа жолдайды. Бөлімнің жұмысымен байланысты есептерді, хаттарды, анықтамаларды, ақпараттық материалдарды дайындайды. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады және бөлім басшысының, Департамент басшысының және орынбасарының тапсырмалары мен нұсқауларын белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз етеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды ресімдейді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «техникалық ғылымдар және технологиялар», (көлік, көлік техникасы және технология немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе құрылыс немесе технологиялық машиналар және жабдықтар) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) салалары бойынша жоғары білім. «Сервис, экономика және басқару» (қаржы (салалар бойынша) немесе есеп және аудит (салалар бойынша) немесе экономика (салалар бойынша) салалары бойынша орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат беріледі.
XIII. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі ММ, 090006, Орал қаласы Достық даңғылы, 204-үй, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 554763, факс 554737, электронды мекенжайы: 711-0201@sud.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.
Фунционалды міндеттері: келіп түскен өтініш, шағымдарын тіркеу және есепке алу, олардың қаралу мерзімдерінің сақталуын бақылау; сот істерін автоматты түрде бөлу; сот істері мен материалдары бойынша статистикалық есептерді жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық немесе білім саласында. Іс тәжірибесі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.
2. Бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы, С-R-4 санаты, 2 бірлік: Жәнібек аудандық соты; Теректі ауданының №2 соты.
Фунционалды міндеттері: сот мәжілісінің хаттамасын жүргізу, процессуалдық құжаттарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық немесе білім саласында. .Іс тәжірибесі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.
3. Аға сот приставы, С-R-4 санаты, 2 бірлік. Шыңғырлау аудандық соты; Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты.
Функционалды міндеттері: сот мәжілісінің залында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық немесе техникалық ғылымдар мен технология саласында. Іс тәжірибесі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.
4. Жетекші маманы, С-R-5 санаты, 3 бірлік: Бөрлі аудандық соты (негізгі қызметкердін бала күту демалысында болған мерзіміне 20.04.2014-07.03.2017 ж.); Казталов аудандық соты (негізгі қызметкердін бала күту демалысында болған мерзіміне 07.09.2015-27.07.2018 ж.); Орал қаласының №2 соты (негізгі қызметкердін бала күту демалысында болған мерзіміне 28.09.2015-21.07.2018 ж).
Фунционалды міндеттері: азаматтық істер бойынша іс жүргізу, арыздар мен шағымдарды тіркеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім: құқық немесе білім саласында. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.
5. Сот приставы, С-R-5 санаты, 3 бірлік: Орал қаласының №2 соты; Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты; Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.
Функционалдық міндеттері: сот мәжілісінің залында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім: құқық немесе техникалық ғылымдар мен технология саласында. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. Қосымша: Конкурска қатысушылар шетелдік оқу орнын бітіргендер білімі туралы құжаттарын нострификациялау қажет.
XIV. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 150000 Петропавл қаласы, СҚО, заңдылық мекенжайы: Интернациональная көшесі, 70-үй, анықтама телефоны: факс (8-715-2)49-04-14, 50-24-90 depsko@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, жұмыс орны: Петропавл қаласы.
Функционалды міндеттері: мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының іске асырылуына бақылау жасау; мүгедектерді мемлекеттік статистикалық есепке алу үшін дерекқор қалыптастыру және өңірлердегі мүгедектік жағдайын, динамикасы мен себептерін зерттеу; мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке жарамдылығының дәрежесін, мерзімдерін және мүгедектікте болу уақытын анықтау үшін ауруларға және мүгедектерге куәландыру жүргізу, МӘС мәселелері және мүгедектерді оңалту бойынша бағдарламалар және басқа да нормативтік құжаттардың жобаларын дайындауға қатысады, денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлеріне МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету, денсаулық сақтау және басқа да ұйымдардың (мекемелердің, кәсіпорындардың) мүгедектерге іс-шараларын (ОЖБ-на сәйкес) өткізілуіне бақылау жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында: педиатрия немесе емдеу ісі мамандықтары бойынша, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.
2. №2, №3, №4,№ 5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің бас маманы, С-О-5 санаты, 5 бірлік, жұмыс орны Петропавл қаласы.
Функционалды міндеттері: мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке жарамдылығының дәрежесін, мерзімдерін және мүгедектікте болу уақытын анықтау үшін ауруларға және мүгедектерге куәландыру жүргізу, медициналық-әлеуметтік сараптама (МСЭ) мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету, МӘС және мүгедектерді оңалту, мүгедектіктің алдын-алу мәселелері жөнінде ұйымдарда және жұртшылық арасында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсініктеме жұмысын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында: педиатрия немесе емдеу ісі мамандықтары бойынша, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.
3. Мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны Петропавл қаласы.
Функционалды міндеттері: мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке жарамдылығының дәрежесін, мерзімдерін және мүгедектікте болу уақытын анықтау үшін ауруларға және мүгедектерге куәландыру жүргізу, медициналық-әлеуметтік сараптама (МСЭ) мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету, МӘС және мүгедектерді оңалту, мүгедектіктің алдын-алу мәселелері жөнінде ұйымдарда және жұртшылық арасында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсініктеме жұмысын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында: педиатрия немесе емдеу ісі мамандықтары бойынша, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.
4. Мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің жетекші маманы (негізгі қызметкердің 2016 жылдың 20 қазанына дейін бала күту бойынша демалыс кезеңінде), С-О-6 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Петропавл қаласы.
Функционалды міндеттері: медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне мүгедектерді және науқастарды қабылдауды және куәландыруды ұйымдастырады; науқастар мен мүгедектердің тіркелу мәліметтерін ұсынылған құжаттарына сәйкес Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған мәліметтер банкінің Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (МОМБ ААЖ-ға) енгізеді, бөлімде іс жүргізуді орындайды (құжаттамалар, хат алмасу және т.б.); басқа ұйымдардан және Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан науқастар мен мүгедектердің қажетті медициналық құжаттарын сұратады.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: жоғары: медициналық немесе әлеуметтік ғылым мамандығы бойынша, экономика және бизнес (психология), немесе әлеуметтік жұмыс, немесе ортадан кейінгі медициналық (мамандандырылған мед.бике), немесе әлеуметтік жұмыс, осы санаттағы лауазымның функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімі болуы.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, 060007, Атырау қаласы, Махамбет көшесі 118Е, анықтама үшін телефоны: 8(7122) 35-56-21, факс: 35-56-18, depatyrau_enbek@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. №1,4 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің бас мамандарына, С-О-5 санаты, 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 14.02.2016 ж. дейін), жұмыс орны: Атырау қаласы.
Функционалды міндеттері: мүгедектік тобын, кәсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін тұлғаларды куәландыру, дербес сауықтыру бағдарламаларын жасау, сауықтыру іс-шараларын жүргізу, мүгедектерді сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.
Конкурсқа қойылатын талаптар: емдеу ісі немесе педиатрия мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу, мемлекеттік тілді және компьютерде жұмыс жасай білу.
2. Әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 17.09.2017 ж. дейін), жұмыс орны: Атырау қаласы.
Функционалды міндеттері: зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы, жәрдемақылардың төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған іс-құжаттардың дұрыстығын тексеріп, тағайындау және уақытылы төлемге жіберілуін бақылау. Қазақстан Республикасының зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің заңдылықтарында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды халық арасында түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау жұмысын ұйымдастыру.
Конкурсқа қойылатын талаптар: жоғары: гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласындағы білім (құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе әлеуметтік қызмет.
3. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 03.09.2017 ж. дейін), жұмыс орны: Атырау қаласы.
Функционалды міндеттері: зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы, жәрдемақылардың төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған іс-құжаттардың дұрыстығын тексеріп, тағайындау және уақытылы төлемге жіберілуін бақылау. Қазақстан Республикасының зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің заңдылықтарында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды халық арасында түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау жұмысын ұйымдастыру.
Конкурсқа қойылатын талаптар: жоғары: гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласындағы білім (құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе әлеуметтік қызмет. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |