Ботагөз Тасеменова, Манаш Қозыбаев атындағы СҚму студенті дидар және оның достары



Дата24.02.2016
өлшемі15.75 Kb.
#13371
Ботагөз Тасеменова, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті
ДИДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДОСТАРЫ


Өнер өлкесінде өз қырларымен танылып, талай додаларда бақтарын сынап, жеңіс тұғырынан көрініп, өңіріміздің абыройын асқақтатып жүрген талантты жастар баршылық. Солардың бірі – қаламыздағы өнер десе ішер асын жерге қоятын “Музыкалық эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналып, мамандандырылған мектеп-интернат-өнер колледжінің” биылғы түлектерінен құралған “MixArt” әншілер тобы. Құрамында төрт жігіт бар топ 2012 жылдың он бесінші қыркүйегінде өмірге келген. Содан бері түрлі сахналарда ән шырқап, тыңдармандарын әдемі дауыстарымен, ән айту мәнерлерімен, өзгеге ұқсай бермейтін дара қасиеттерімен тәнті қылуда. Квартеттің көркемдік жетекшісі Дидар Темірболатов:



cialis 5mg australiacheap no prescription cialisonline meds cialisbuy tadalafil europegeneric cialis 10mggeneric cialis cheapestcialis generic tadalafilovernight cheap cialiscanadian pharmacy cialis genericcheap no prescription cialiscialis 35 mggeneric cialis discount

argaiv1529

– “МixArt” ағылшын тілінен аударғанда “әртүрлі өнер, аралас өнер” деген мағынаны білдіреді. Бұл – біздің репертуарымызға қатысты айтылған сөз. Яғни, біз әртүрлі жанр мен тақырыптардағы әндерді орындаймыз. Ең бастысы, төртеуміздің дауысымыз үйлесіп, бір-бірімен жарасым тауып, кемшіліктерімізді толықтырып отырса болғаны, – дейді.  

Екі жыл ішінде аталмыш өнер ұжымы түрлі байқауларға қатысып, айтулы жетістіктерге жетіп жүр. “Таңшолпан”, “Роза ветров” атты республикалық ән сайыстарында лауреат атанса, талай өнерлі өрендердің бағын жандырып, талабына қанат байлап, үлкен сахналарға алып шыққан “Жас қанат” конкурсында жүлделі бірінші орын алған. Ал, “Майские звезды” әскери-патриоттық әндер сайысында бас бәйгені еншіледі.



Топ мүшелері жаңа әннің жарыққа шығып, көпшіліктің жүрегіне жол тартуы үшін бірігіп, аянбай жұмыс істейді. Елдос Есләмов ән мәтінін өз жанынан шығарса, ал әуенін Иса Әлимұсаев жазады. Дидар мен Нариман жан-жақты өңдеп, сахнаға сәтті алып шығуға бар күштерін жұмсайды. Бүгінде “МixArt” квартетінің ендігі жоспарлары – Астана қаласындағы “Шабыт” университетіне оқуға түсіп, музыкалық білімдерін жетілдіру.

// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 9 қазан

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет