23. Сымның бөлігінен 20%-ды, кейін қалғанының 40%-ын кесіп алды. Сымның неше пайызы қалды?
A) 36% B) 40% C) 48% D) 50% Е) 56%
24. Асыл тақтаға бірнеше тізбектес натурал сандарды жазды. Олардын ішіндегі тақ сандардың пайызы қаншаға тең бола алмайды?
A) 40 B) 45 C) 48 D) 50 Е) 60
25. Үш санның қосындысы 420-ға тең. Бірінші сан қосындының
60%-ын, екінші сан бірінші санның 25%-ын кұрайды. Үшінші санды тап.
A) 85 B) 90 C) 95 D) 100 Е) 105
26. Тауардың бағасы қаңтар айында 10% қымбаттап, ақпан айында 10 % арзандады. Тауардың бағасы алғашқы бағадан калай өзгерді?
A) Кымбаттайды B) Арзандайды C) Өзгермейді
D) 20% өзгереді Е) Анықтау мүмкін емес
27. Ағаштын берілген массасының 20% - інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 25 г, ал кітап одан 16 есе ауыр. Сыныпта 32 оқушының әркайсысына 1 дәптерден және 1 кг кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет?
А) 68 кг B) 65 кг C) 63 кг D )70 кг Е)60кг
28. Ағаштың берілген массасының 20%-інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 30 г, ал кітап одан 15 есе ауыр. Сыныпта 28 окушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет?
A) 65,2 кг B) 60,8 кг C) 63,5 кг D) 67,2 кг Е) 70,8 кг
29. Ағаштың берілген массасының 20%-інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 30 г, ал кітап одан 16 есе ауыр. Сыныпта 30 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет?
A)67,2 кг B)70,8 кг C)75,2 кг D)70кг Е) 76,5 кг
30. Стакандағы 100 г ерітіндінің құрамындағы қанттың концентрациясы 15% еді. Оның үстіне тағы 250 г қайнаған су құйылып, 50 г қант салынды. Пайда болған ерітіндінің құрамындағы қанттың концентрациясын табыңыз.
A) 18,75% B) 13% C) 14% D) 16,25% Е) 25%
31. 10%-тік 800г тұз қоспасынан 25%-тік тұз концентрациясын алу үшін осы қоспаға неше грамм тұз қосу керек?
A) 550г B) 450 г C)160 г D)500 г Е) 350 г
32. Массасы 150 г, концентрациясы 40% ас содасы дайындалған. Оған қанша су қосқанда концентрациясы 15% ас содасының ерітіндісі алынады?
A) 350 г B) 250 г C) 160 гD)200 г Е) 150 г
33. Терезенің алдында тұрған судың салмағы 180 г, ал құрамындағы тұздың концентрациясы 15% еді. Бірнеше күннен кейін 60 г су буланып кетті. Қалған тұзды судың құрамындағы концентрациясын табыңдар.
A) 24% B) 12,5% C) 50% D) 22,5% Е) 18,75%
34. 120г шайдың құрамындағы сүттің концентрациясы 5%. Егер шайға тағы 30 г сүт қоссақ, шыққан шайдағы сүттің концентрациясы неше % болады?
A) 10% B) 12% C) 15% D) 20% Е) 24%
35. Тұзды су қоспасының құрамындағы тұз мөлшері 40%. Егер бұл қоспаға тағы 120 г тұз салынса, онда оның құрамындағы тұз мөлшері 70% құрайды. Бастапқыда қанша грамм қоспа болды?
A) 120 г B) 100 г C) 160 г D)110 г Е) 450 г
Достарыңызбен бөлісу: |