Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі


беттік кітаптың беттерін 1-ден бастап нөмірлеу үшін неше цифр пайдаланғанын табыңыз. A)522 B)432 C)501 D)450 Е) 504 26



бет59/81
Дата11.11.2022
өлшемі4.61 Mb.
#464609
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81
Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары

25. 203 беттік кітаптың беттерін 1-ден бастап нөмірлеу үшін неше цифр пайдаланғанын табыңыз.
A)522 B)432 C)501 D)450 Е) 504
26. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 430 цифр пайдаланылды. Егер кітап 3-беттен басталса, осы кітапта барлығы неше бет екенін анықтаңыз.
A)195 B)202 C)178 D) 180 Е)183
27. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 600 цифр пайдаланылды. Осы кітапта неше бет екенін анықтаңыз.
A)200 B)235 C)215 D)300 Е)236
28. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 501 цифр пайдаланылды. Осы кітапта барлығы неше бет екенін анықтаныз (нөмірлеу 1-ден басталды).
A)201 B)200 C)203 D)215 Е) 104
29. Кітаптың бірінші беті 1 цифр мен нөмірленген, 333 цифр пайдаланылды, кітапта барлығы неше бет екенін анықтаңыз?
A)137 B)333 С)135 D)145 Е) 147
30. Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға , 19-ы биге қатысады және 5 бала екі үйірмеге де катысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?
A)10 B)3 C)9 D)7 Е) 1
31. Оқушылар топтарға бөлініп ойнайды. Егер әр топқа екі-екіден немесе үш-үштен бөлінсе, бір оқушы артық қалып қояды. Топтарға бес-бестен бөлінгенде артық оқушы қалмайтын болса, барлык оқушы саны ең кем дегенде нешеу болатынын анықтаңыз.
A)31 B)55 C)15 D)13 Е)25
32. Би үйірмесіне 25 ұл және 19 қыз қаттысып жүр. Әр апта сайын үйірмеге 2 ұл және 3 қыз келіп қосылды. Қанша аптадан кейін үйірмедегі ұлдар мен қыздар саны теңеседі?
A)6 B)2 C)3 D)4 Е)5
33. Қаладан 15 км/сағ жылдамдықпен велосипедші шықты. Бірнеше сағат өткеннен кейін сол қаладан автобус 45 км/сағ жылдамдығымен шығып, қаладан 90 км қашықтықта қуып жетті. Велосипедші неше сағатқа ерте шықты?
А)2 B)3 C)4 D)5 Е)6
34. Суретші бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-сінде орман, 29-ында өзен, ал 13-де орманда, өзенде салынған. Қанша түсініксіз сурет бар?
A)12 B)25 C)29 D)13 Е)9
35. Бір айда 105 адам дәптер және 164 адам қалам сатып алды. Олардың 87-і дәптер де, қалам да сатып алды. Неше адам тек қана қаламды сатып алды?
A)18 B)77 C)42 D)53 Е) 59
36. Сыныпта 37 оқушы бар. Олардың 20-сы вокалға, 15-і биге және 7-еуі екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын оқушылар саны қанша?
A)9 B)5 C)6 D)7 Е)8
37. Сыныпта 30 оқушы бар. Олардың 22-сі спорттық үйірмеге, 11-і биге, 4-еуі екі үйірмегеде қатыспайды. Екі үйірмегеде қатысатын оқушылар саны жататын аралықты табыңыз.
A) (12;16) B) (1;4) C) (10;14) D) (3;5) Е) (2;12)
38. Сыныпта 28 бала бар. Олардың 14-і вокалға, 10-ы биге және 3 бала екі үйірмегеде қатысады. Сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша ?
A) 5 B) 7 C) 4 D) 3 Е) 6
39. Сыныпта 32 оқушы бар. Олардың 17-сі вокалға, 15-і биге және 5-еуі екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын оқушылар саны қанша?
A) 6 B) 5 C) 4 D) 1 Е) 3
40. Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға,19-ы биге қатысады және 5 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де катыспайтын бала саны қанша?
A) 6 B) 3 C) 4 D) 1 Е) 5
41. Би үйірмесінде 30 адам бар. Олардың 20-ы вальсті жақсы билейді, 17-і румба биін, ал 14-і вальсті және румба биін жақсы билейді. Осы 30 адамның арасында вальсті де румба биін де билей алмайтындар санын анықтаңыз.
A) 5 B) 9 C) 3 D) 4 Е) 7
42. Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар сатып алды. 18 адам мұздаткыш алды. Олардың 9-ы мұздатқыш та, теледидар да сатып алды. Неше адам теледидар ғана саттып алды?
А) 10 В) 11 С) 12 D) 13 Е) 8
43. Сыныптағы оқушылардың 18-і араб, 16-сы түрік тілін үйренеді. Осы оқушылардың 7-і араб және түрік тілін бірге үйренеді. Сыныптағы барлык оқушылардың санын табыңыз.
A) 26 B) 32 C) 27 D) 30 Е) 28
44 . 6-сыныпта 25 бала қазақша жақсы біледі, 20-сы орысша, ал 18 бала орысша да, қазақша да сөйлейді. Сыныпта барлығы неше бала бар?
A) 27 B) 28 С) 26 D) 30 Е) 29
45. Сыныпта 35 оқушы бар. 20 оқушы математика үйірмесіне, 11 оқушы биология үйірмесіне қатысады, ал 10 оқушы ешқандай үйірмеге қатыспайды. Математика мен биология үйірмелерінің екеуіне де қанша оқушы қатысады?
A) 9 B) 10 C) 6 D) 7 Е) 8
46. 100 жинаушының 70-і ескі тиын, 75-і белгілер, 80-і сіріңке қорабының этикеткасын және 85-і марка жинайды. Жинаушылардың кемінде нешеуі 4 затты да жинайды.
A) 35 B) 25 C) 20 D) 15 Е) 10
47. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін жәие 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде бір ғана ағьлшын тілін білетіи неше қызметкер екенін анықтаңыз.
A) 10 B) 16 С) 20 D) 12 Е) 25
48. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде барлығы неше қызметкер екенін анықтаңыз.
A) 41 B) 36 С) 33 D) 45 Е) 30
49. Қонақтардың 16-сы қымыз, І9-ы шұбат, 14-і айран ішті. 7 қонақ қымызда, шұбатта, 4 қонак қымыз да, айран да, 6 қонақ шұбатта, айран да ішті. Ал 2 қонаққымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әр бір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Тек қана қымыз ішкен қонақтар санын тап.
A) 7 B) 9 C) 10 D) 6 Е) 8
50. Қонақтардың 16-сы қымыз, І9-ы шұбат, 14-і айран ішті. 7 қонақ қымызда, шұбатта, 4 қонақ қымыз да, айран да, 6 қонақ шұбатта, айран да ішті. Ал 2 қонаққымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әр бір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Тек қана шұбат ішкен қонақтар санын тап.
A) 7 B) 9 C) 10 D) 6 Е) 8




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет