Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Себебі ол – тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікке түзілген органикалық затратды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі бөлігі өсімдіктер болып табылады. Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді амге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған.
Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз роль атқарған. Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің Дәрілік заттар деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің ялты жүз түрінің қолданнылу жолдарын жазған. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланнысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организме қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде.