Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!



Дата23.02.2016
өлшемі67.24 Kb.
#11547
Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз.

Қазақстан халқы Президент сайлауы арқылы бүгінін байыптайтын, болашағын бекемдейтін тарихи таңдау жасады.

Елдің тілегімен өткен, тағылымы тарихымызға енген сайлаудың нәтижесі – төккен тер, еткен еңбектің бағасы деп білемін.

Тәуелсіздік жылдарында мен халқымның бақытты өмірі, баянды болашағы үшін еңбек етіп келемін.

Құбылған заманда құбыласынан жаңылмаған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолына түсті.

Аз уақытта алапасы артқан алаш жұрты әлеуеті асқан, дәулеті тасқан, іргесі берік, беделі зор айдынды елге айналды.

Ізгілік нұрын шашқан Астана рухы күллі әлемге бейбітшілік пен келісімнің киелі кілтін ұсынды.

Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан осылайша жасампаз жаңа дәуірге қадам басты.

Осының бәрі біздің ұрпақтың маңдайына жазылған, пешенесіне бұйырған айрықша бақ екенін сезінуіміз керек, ұмытпауымыз керек.

Дегенмен, алдымызда алмағайып заман бар, ұлан асу, белес бар.

Ендеше, біз болдық деп босаңсымаймыз, толдық деп тасымаймыз.

Тұрақтылық пен татулыққа негізделген сарабдал жолымызды табанды түрде жалғастыра береміз.


Ауыл шаруашылығы
Округ бойынша жеке меншік шаруашылықтарында: 3325 бас ірі қара, оның ішінде 1442 сиыр, қой мен ешкі – 6660 бас, жылқы – 815 бас, құс – 1462 мал басы бар. Ал ірі шаруа қожалықтарында 1507 бас ірі қара мал, оның ішінде 704 бас сиыр, қой – 9364 бас, ешкі – 943 бас, жылқы – 1490 бас.

Округ аумағында орналасқан шаруа қожалықтардың арасынан «Айтказин» ШҚ ерекше атап айтуға болады, себебі бұл шаруашылықта 3 бағыт бойынша асыл тұқымды малдарды өсіреді: ірі – қара мал, қой және жылқы.

2011 жылы картоп салатын жер 67,0 гектар жер құраса, көкөніс салтын жер 3,7 гектар жер құрады.
Әлеуметтік сала
Әлеуметтік саланы айтатын болсақ, біздің округте 2 Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, 61 тыл ардагері тұрады. Зейнеткерлердің жалпы саны – 356 адам құрайды, ай сайын мемлекеттін тарабынан зейнеткерлерге уақытында зейнетақы төленеді.

2011 жылы 18 жасқа толмаған балаларға 66 отбасы жалпы мөлшері 2004100 тенге құрайтын ақшалай көмек алса, 30 отбасы жалпы мөлшері 1967700 теңге құрайтын адрестік көмек алды. Тұрғын үй жәрдемақы - 94 отбасы 1363930 тенге құрады.

2011 жылдың 1 қаңтарына Бозанбай ауылдық округі бойынша жұмыссыздар саны 81 құраса – 2011 жылдың 31 желтоқсанына 32 кісіні құрады. Жыл бойы Бозанбай ауылында сылақшы-маляр, тасқалаушы мамандықтары бойынша 37 адам оқу оқып, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Ұлан аудыны әкімнің грантына 1 бала оқуға түсті, «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 2 бала іс-тәжірибеден өтті. Жыл бойы жұмыспен қамту орталығынан 110 адам әлеуметтік жұмыстарға жұмырдылынды, ай сайынғы жалақы 15999 теңгені құрады.

Жаз мезгілінде «Тоғанас» шаруа қожалығымен тұрғындардан орталықтандырылған сүт жинау ұйымдастырылды, 1 литр сүттің бағасы 40 теңге құрады. Жыл бойы округ тұрғындары Өскемен қаласында, Қасым Қайсенов кентінде өткен ауылшаруашылық жәрменкеге қатысып 9 тонна ет, 5 тонна картоп және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерді сатты.

Жергілікті бюджеттін негізгі кіріс көзімен салықтар болып табылады. Бозанбай ауылдық округі бойынша салықтар 100% төленді.
Округтегі бизнес
Округ бойынша кіші бизнестің 19 нысаны тіркелген, соның ішінде 18 дүкен, 1 нан пісіретін наубайхана. Осы салада 26 адам жұмыс істейді. Инфляциялық процестерді болдырмау мақсатында шағын бизнес нысандарымен 10 пайыздық үстеме жайлы меморандумдар жасалды.
Бюджет
2011 жылы жергілікті бюджеттен 9 млн 112 мың тенге бөлінді, соның ішінде 7 млн 912 мың тенге Әкім аппаратының жұмысын атқаруына бөлінді, соның ішінде салықтар, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы, т.б. Көшелерді жарықтандыруға 200 мың теңге бөлінсе, санитарияға 100 теңге, 2 ұңғыманы («Айгөлек» балабақшасы және интернатқа) жасау үшін 800 мың тенге бөлінді.
Білім беру
Округ аумағында 2 орта мектеп бар. 2011 жылы 50 орындық интернат және 140 орындық бал - бақша ашылды. Бозанбай орта мектебінде 341 оқушы болса, К.Аханов орта мектебінде 82 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда «Айгөлек» балабақшасында 85 бала, интернатта – 36 бала тәрбиеленуде. 2012 жылдың ақпан айынан бастап балабақшада ясли тобын ашу көзделген.

Өткен 2011 жылы Бозанбай орта мектебін 25 түлек бітірді. Бірыңғай ұлттық тесттің нәтижесі бойынша орташа балл 80,2 құрады, 100 баллдан көп жинаған түлек саны – 1.

Мектеп ұжымының квалификациялық деңгейін айтсақ, 6 ұстаз жоғарғы санат иесі, 7 ұстаз 1 санат иесі, 18 ұстаз 2 санат иесі болса 7 ұстаздың санаты жоқ.

Оқушыларға жақсы және тұрақты білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Мектептерде 3 компьютерлік сынып бар, компьютерлер интернет жүйесіне қосылған, 165 бала ыстық тамақпен қамтылған.


Медициналық қызмет көрсету
Округ тұрғындарына медициналық көмекті Бозанбай ауылында орналасқан Бозанбай учаскелік ауруханасы көрсетеді. Ақжартас және Алғабас ауылында 2 ФАП бар.

Бозанбай учаскелік ауруханасында барлығы 47 қызметкер жұмыс атқаруда, соның ішінде 3 дәрігер, 24 медбике, қызмет көрсету радиусы 60 км құрайды. Стационар 20 жататын орынға көзделсе, күндізгі стационар 10 орынға көзделген, және жедел жәрдем пункті үзбей жұмыс атқаруда.


Округ инфрақұрылымы
Округ аумағында «Қазақтелеком» акционерлік коғамы телекоммуникация қызметін сапалы және үзіліссіз, ал «Алтайэнерго» учаскесі электроэнергия қуатымен тұрғындарды және ұйымдарды қамтамасыз етеді.

Біздің округте канализация жүйесі тозғаның және тазарту құрылғыларының жоқ болғандығын атап айту керек, оны жөндеуге шамамен 25 млн.теңге керек.

Бозанбай ауылдық округінде 2012 жылы көзделген мәселелер:

1. Бұрыңғы аудандық Райком партиясының ғимаратын ауылдық ауруханаға жөндеп беру;

2. Бозанбай психоневрологиялық-медициналық әлеуметтік мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, осы жұмыстарға облыстық бюджеттен 486 млн.теңге бөлінді;

3. Бозанбай ауылындағы Аманжолов көшесі бойына жарық тарту;

4. Ауылда автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясын ашу, Бозанбай ауылында орналасқан көпқабатты үйлердің және аурухана канализация жүйесін жөндеу;

5. Мал сою цехын, тері және жүн қабылдау пунктеррін ашу;

6. Тоғанас аулындағы Сібе өзеніне көпір салу.
Құқықтық қорғау
Бозанбай ауылдық округі аумағында учаскелік полиция пункті бар. Бұл пункт 5 елді-мекенді және Сібе көлдерінің аумағында қызмет көрсетеді. Округте 1 учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Акитбаев Ержан Кенжебаевич жұмыс атқаруда. Округ аумағында 2615 тұрғын бар. Үлкен аумаққа қызмет көрсету ұшін қосымша қызметкерлер – инспектор көмекшісі қажеттілігі туындайды.

Аталған әкімшілік учаскеде тұрақты тұратын тұрғындардың тарабынан учаскелік инспектордың алдын алу есебінде 65 адам тұрады. Әкімшілік құқық бұзғаны үшін барлығы 148 хаттама толтырылды.

2011 жылдың 12 айында әкімшілік учаскеде арыз тіркеу кітабында барлығы 73 арыздар, хабарламалар тіркелінді, оның ішінде 16 қылмыс болып табылды.
Азаматтардың өтініштері және арыздары бойынша жұмыс
Өтініштердің саны – 71, соның ішінде:


  • жер мәселесі бойынша – 51;

  • басқа мәселелер – 20.


Округті тазарту, көгалдандыру және санитарлық тазарту
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2 айлық сенбіліктер өткізу барысында округ аумағынан қоқыстар шығарылып, қираған 1 үйдің және бұрыңғы балабақша ғимаратының орны тазаланды. Сондай-ақ сенбіліктер барысында саябақтар мен Ұлы Отан соғысы адгарлерінің ескерткіші маңай тазалынып, қалпына келтірілді.

Округ мекемелері өз ғимараттарының аумағын тазалады. Тазалауға және көгалдандыру жұмыстарына округ тұрғындары белсене қатысты. Сондай – ақ 50 қарағай және 50 қайың бұталары отырғызылды.


«Туған жерге тағзым акциясы»
«Туған жерге тағзым» акциясын өткізу барысында Бозанбай ауылдық округі 2 млн. 210 мың теңгеге 25 меморандум жасасты. Бұл акцияға шаруа қожалықтардың басшылары және Бозанбай ауылының тумалары белсене қатысты.

«Айтказин» шаруа қожалығының басшысы Айтказин Василий Майдановичтің осы акцияға салған үлесі өте зор, себебі Бозанбай орта мектебіне 2 дербес компьютер, интернатқа теледидар, «Айгөлек» балабақшасынана мың теңге ойыншықтар сыйға тартты. Округте тегін қолдан ұрықтандыру пунктңн ашып, 100 бас ірі – қара мал ұрықтандырылды. Сондай – ақ Бозанбай учаскелік ауруханаға жаңадан келетін жас маман дәрігерге 2 бөлмелі пәтер сыйлады.



«Фариза» ШҚ басшысы Мукашев Манастың, «Бақжан» ШҚ басшысы Кадірбеков Саябек Сайлаубековичтің, «Сибинка» ШҚ Мухамедкалиева Гүлнәрдің осы акцияға қосқан үлесін атап айту керек.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 – жылдық мерейтойы шеңберінде «20 жарқын іс» акциясы өтті. Акцияға округтің мекемелері, шаруа қожалықтары және жеке кәсіркерлері 780 мың теңге көлемінде жалғыз басты қарияларға және мүгедектерге материалдық көмек көрсетті. Сондай – ақ әлеуметтік жұмыскерлер осы азаматтарға отын жару, көмір кіргізу, үй ағарту жұмыстарына көмек көрсетті. Соның арқасында жалғыз басты қариялар мен мүгедектер отбасылары кысқа дайын болды.
Қоғамдық ұйымдар
Қоғамдық ұйымдардың округтің дамуына өз үлестерін қосуда. Олар: «Ақсақалдар алқасы» төрағасы – Шакенов Қуаныш, «Әйелдер кеңесі» төрайымы – Бекбауова Гаухар. Осы ұйымдар барлық қоғамдық іс – шараларға белсенді қатысуда, сондай – ақ түскен араздар мен өтініштерді қарап дер кезінде шншңм қабылдайды.
АНТ (ақпараттық насихаттау тобы)
Тұрғындарды ақпараттандыру барысында 2011 жылы ақпараттық насихаттау топтары халықпен республика Президентінің 2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақты бірге құрайық» жолдауы бойынша кездесулер өткізді. Оның ішіне округтің қоғамдық-саяси жағдайы, гендерлің саясат, жемқорлыққа, алкогольге, шылым шегуге, нашақорлыққа қарсы қатынас, дін мәселелерін зерттеу мәселелері қаралды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет