Бозанбай ауылдық округінің әкімі А. М. Сембаевтың Бозанбай ауылдық округі тұрғындары алдындағы 2009 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата21.06.2016
өлшемі20.72 Kb.
Бозанбай ауылдық округінің әкімі А. М. Сембаевтың Бозанбай ауылдық округі тұрғындары алдындағы 2009 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Біз бүгін 2009 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін кездесіп отырмыз.

Өздеріңізге белгілі 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Жол картасы» бағдарламасының мақсаты – Қазақстан жолдары, балалар ойын орталығы, мемлекеттік мекемлерді жөндеу.

Осы бағдарлама негізінде Бозанбай ауылдық округіне төмендегідей қаражат бөлінді:

Бозанбай – Екатериновка жолдарын жөндеу үшін – 8 400 000 теңге;

- Бозанбай ауылында екі балалар алаңын салу үшін – 2 600 046 теңге;

- Бозанбай ауылы Аманжолов және Киров көшелері жолдарының шұңқырларын жөндеу үшін – 1 млн. 40 000 теңге.

Бөлінген қаражат 100% жұмсалды. Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген 44 жұмыссыз адам жұмысқа тартылды. Еңбекақы мөлшері 15 мыңнан 30 мыңға дейін болды.

Көшелерді жарықтандыру үшін, аудандық бюджеттен Алғабас ауылына 870 мың теңге бөлінді. Осы жұмысқа 10 адам тартылды.

Дағдарыстың алдын алу бойынша жұмыспен қамту бөлімі арқылы 21 адам жұмысқа орналастырылды, сонымен қатар 10 адам кәсіптік мамандық алып, жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту бөлімі арқылы 100 адам қоғамдық ақылы жұмыс істеді, еңбекақылары 15 мың теңгені құрады.

Тұрғындарға картоп өнімін егу үшін 100 га жер бөлінді. Бөлінген жерлерге 140 отбасы картоп салды.

Жазғы маусымда «Восток - Молоко» ЖШС – мен келісімшарт арқылы тұрғындардан сүт жинау ұйымдастырылды, 1 литр сүттің бағасы 40 теңгені құрады.

Жыл бойы Өскемен қаласында ауылшаруашлық өнімдерін сату үшін жәрмеңке өткізілді. Сонымен қатар, Бозанбай ауылында да жәрмеңке өткізіліп, 200 адам қатысты және 10 тонна ет, 10 тонна картоп және сүт өнімдері сатылды.

Екатериновка және Қызылсу ауылдарына интернатта тұрып, оқып жатқан балаларды апарып-әкелу ұйымдастырылды.

Бозанбай ауылдық округі бойынша 2010 жылы мыналар жоспарлануда:

1. Базарда тауар өнімдерін өткізу бәсекелестіктерін жүргізе алатын шаруа қожалықтарын біріктіруді ұйымдастыру;

2. Бозанбай және Алғабас ауылдарында екі мал сою алаңын ашу;

3. Картоп және көкөніс өнімдерін өсіремін деушілерге қосымша 50 га жер телімдері беріледі;

4. Алғабас ауылында клуб ғимаратын жөндеу, қоғамдық ауыз су құбырын орнату және Центральная көшесін жарықтандыруды жалғастыру;

5. Бозанбай ауылы Аманжолов көшесін толықтай жарықтандыру;

6. Бір балалар алаңын ашу;

7. Тұшпара цехін ашып, өнімдерді өндеу;

8. Техникалық қызмет көрсету станциясын ашу және учаскелік аурухана мен екі қабатты үйлердің канализациялық жүйелерін жөндеу;



9. Қызылсу ауылының клуб ғимаратын жөндеу;
«Жол картасы» бойынша мемлекеттік бюджеттен ауылдық мәдениет үйі және мектепті жөндеу жоспарлануда.


Бозанбай ауылдық округінің әкімі А. Сембаев
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет