Бозкөл ауылдық округі әкімінің есебі бюджет. 2015 жылы «Бозкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»



Дата29.06.2016
өлшемі43 Kb.
#165815
БОЗКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Бюджет. 2015 жылы «Бозкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бюджеттен 45 584,0 мың теңге бөлініп, жыл қорытындысы бойынша 99,9 пайызға игерілді. Округ бойынша мүлік салығы 4960 теңге, жер салығы 41069 теңге, көлік салығы 624216 теңге, барлығы 670 245 теңге жиналып, 100 пайызға орындалды.

Ауылдық округ әкімі аппаратына жыл көлемінде жеке тұлғалардан 2 арыз түссе, жеке қабылдауда 13 ұсыныс-пікір айтылды. Олардың барлығы заңдылыққа сәйкес қанағаттандырылды.



Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. Округ бойынша 20 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, 6 адам маусымдық жұмысқа жіберілді. 4 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Өткен жылы әлеуметтік көмекке мұқтаж 49 отбасының баласына 1156,0 мың теңге төленді.



Кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы. Округ бойынша 7 кәсіпкер азық-түлік саудасымен, 3 кәсіпкер жолаушылар тасымалымен айналысады.

2015 жылы «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» арқылы 2 кәсіпкер несие алып, мал шаруашылығын дамытса, «Эко-Даму» бағдарламасымен 2 кәсіпкер жеміс және отын ағаштарын егумен айналысуда. Тағы 1 жеке кәсіпкер аукцион арқылы «Қарғаның сайы» учаскесінен 300 га жер телімін алды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша несие алу үшін 3 азамат кезекте тұр.

Округ бойынша 1536 мүйізді ірі қара, 2816 уақ мал, 429 бас жылқы бар. Мүйізді ірі қарадан 310 бас бұзау, уақ малдан 840, жылқыдан 126 бас төл алынып, жыл көлемінде 1026 цн ет, 2500 цн сүт, 14,0 мың жұмыртқа өндірілді. Округте ветеринарлық пункт ашылып, жұмыс жасауда.

2015 жылы «Бозкөл» ЖШС-нің ортақ пайдаланудағы 22305 га жерінің 20502 га жері мемлекет тарапына қайтарылып беріліп, жаңадан 7 шаруа қожалығы (Сарым, Тайкеткен, Бозкөл, Бижан, Үркімбай, Жарқын, Алихан) құрылды.

Көркейту-көгалдандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалық. 2015 жылы көктемгі көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге 303,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Әлеуметтік нысандардың аулалары мен көше қоршауларына 1500 түп тал отырғызылды. А.Жолжанов көшесін аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында Қандыарық каналынан бастау алатын 1,0 км арық қазылып берілді. Д.Қуандықов көшесін толық жарықтандыру үшін жоба сметалық құжаттары әзірленді.

Автомобиль жолдары. Өткен жылы Қожабақы-Бозкөл тас жолының 4 км жері асфальттанды. Бозкөл-Тасарық тас жолының 11 км жеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Д.Қуандықов, А.Жолжанов көшелерін жөндеуден өткізу үшін жоба сметалық құжаттары дайындалды.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт. 2014-2015 оқу жылында мектеп бітірген 12 оқушының 6-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 4 оқушы жоғары оқу орнының грант иегері атанды.

Өткен жылы мектеп жанынан ұйымдастырылған «Достық» жазғы тынығу лагеріне 50 бала, «Шағала» демалыс лагеріне 9 бала қатыстырылды.

Бозкөл ауылындағы №96 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірленді.

№18 «Ақкөгершін» балабақшасында 50 бала тәрбиеленуде. 90 орындық жаңа балабақша құрылысының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін облыстық бюджетке ұсынылды.

Бозкөл ауылдық ауруханасы 10 адамға арналып, тәулік бойы қызмет көрсететін стационар болып қайта құрылды. Жаңа амбулатория ғимаратын салу жоспарға енгізілді. Аурухана заманауи диагностикалық құралдарымен жабдықталған, ЭКГ, көз-қан қысымын өлшеу аппараты, небулайзермен қоса өткен жылы «микрокалориметр» аппараты алынды.

Ауылдық клубта әрбір мереке уақытылы аталып өтіледі. Жыл көлемінде 41 мәдени шара өткізіліп, 5835 көрермен қамтылды. Ауылдық кітапханада 15549 кітап қоры бар.

Округ көлемінде аудандық спорт бөлімінің «Әйтеке би» спорт клубынан 1 нұсқаушысы жұмыс жасайды. 90 адам үйірмеге тартылған. Қазалы қаласының №18 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Бозкөл ауылдық филиалы ашылды. Онда волейбол үйірмесінен 5 топ жұмыс жасауда.

Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылыққа қарсы күрес. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылды.

Қоғамдық тәртіп сақтауда учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Осы уақытқа дейін құқық бұзушылық болған жоқ.



Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:

  • Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

  • Халықты кәсіппен айналысуға тарту, төмен пайызбен несие алуына жәрдемдесу:

  • Ауылды аяқсумен қамтамасыз ету,

  • Көшелерді жарықтандырып жөндеуден өткізу, санитарлық тазалығын ұстау;

  • Апаттық жағдайдағы балабақша орнына жаңа 90 орындық балабақша ғимаратын салу, мектепті жөндеуден өткізу.



Бозкөл ауылдық

округінің әкімі Б.Ізімқұл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет