ІІ – кезең. «Ойлан тап». Бұл бөлімде топтар кесте бойынша берілген тақырыптарға байланысты 10, 20, 30, 40 ұпайлық ұяшықтар таңдайды.
(ұпайы аз топ бастайды. Жауап бере алмаса басқа топтардың жауап беру мүмкіндігі бар) Өсімдіктер әлемі: 10-ұпайлық сұрақ: Өсімдіктерді зерттейтін ғылым. Ботаника
20-ұпайлық сұрақ: Қант, спирт, бояу, лакмус алуға қолданылатын өсімдік қына
30-ұпайлық сұрақ: берілген суреттен гүлдің құрылысын атаңыз
1-гүлсағақ, 2-гүлтабан,3-гүлсерік,4-тостағанша, 5-күлте, 6-аталық (а-тозаңқап, б-жіпше),7-гүланалық (в-аналық аузы, г-мойны,д-жатыны).
40-ұпайлық сұрақ: ....не... .неден...... шығады, дана — көптен шығады. Мақалды толықтырыңыз ( дәрі шөптен шығады)
Жануарлар дүниесі: 10-ұпайлық сұрақ: Қанның иісін 0,5 шақырымнан сезетін балық акула
20-ұпайлық сұрақ: Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым герпеталогия
30-ұпайлық сұрақ: Жануарлар мен өсімдіктердің аралық формасы жасыл эвглена
40-ұпайлық сұрақ: Бұл жәндікқоректілердің тіршілігі сумен тығыз байланысты ұзынша тұмсығы бар аң. Аяқтары қысқа, саусақтарының арасында терілі жүзу жарғағы болады. Денесінің ұзындығы 18-21 см, ал құйрығының ұзындығы 17-21 см. Танау тесіктері тұмсығының ұшында орналасқан. Құлақ қалқаны болмайды, құлағын терілі қатпар жауып тұрады. Ол Қазақстанда тек жайық өзенінің арнасында кездеседі. Жұпартышқан
Химия өндірісте: 10-ұпайлық сұрақ: Медицинада сүйек сынғанда таңууға пайдаланылатын
қосылыс. Гипс
20-ұпайлық сұрақ: Қандай галоген жетіспесе, тісте қанқұрт пайда болады?
Фтор
30-ұпайлық сұрақ: Аммиактың судағы 4-6 пайыз ерітіндісін не деп атайды?
Мүсәтір спирті
40-ұпайлық сұрақ: Жүрек тамырларының тарылуын азайтатын жарылғыш зат.
Нитроглицерин
Жүргізуші: Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай шешу жолын табыңдар.– дегендей, келесі