Б±рѓылау ерітіндісініњ тиімді дайындалу


Әртүрлі тұзды құрылымдағы ұңғыны бұрғылауға қолданылатын жуу ерітіндісіне қойылатын талаптар



бет5/6
Дата03.03.2022
өлшемі348 Kb.
#455941
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
stud.kz-39278

Әртүрлі тұзды құрылымдағы ұңғыны бұрғылауға қолданылатын жуу ерітіндісіне қойылатын талаптар

Тұзды кешенді ашар алдында саз ерітіндісін хлорлы натриймен қанықтырады. Ол үшін оны арнайы бұрғылау қондырғысының басына алып келеді немесе ерітіндіге бұрғылау кезінде араластырады. Соңғы жағдайда тұзды қабаттар орналасқан аралықта қуысшаларды болдырмау мақсатында ұңғыны ГТН-де көрсетілген қашаудың диаметрінен кішірек қашаумен қазады да, сонан соң саз ерітіндісін NaCl-мен қанықтырғаннан кейін оқпанды белгіленген өлшемдегі қашаумен кеңейтеді.


Біртекті тас тұзының қалыңдығын NaCl мен қанықтырылған мұнайэмульсиялық саз ерітіндісін [МЭСЕ] қолданып қиындықсыз қазуға болады.
Бірақта іс жүзінде МЭСЕ-ні қолданғанда сульфатты-терригенді қабаттарды жоғары ерігіш тұздар орналасқан аралықтарда опырылулар мен үгілулер болуына әкеп соғады. Сонымен қатар, тек қана NaCl қанықтырылған МЭСЕ-KCl оңай ерітеді.
МЭСЕ-нің тығыздығы жоғары болмаған жағдайда калийлі, магнийлі тұзы сонымен бірге, тіпті тұз тасы да геостатикалық қысымның әсерінен ұңғы қабырғасы құлап, бұрғылауды қиындатады және кей-кездерде шегендеуші құбырлар тізбегінің жаншылуына себеп болады. Осыған байланысты МЭСЕ-нің тығыздығын көтеру үшін бор және баритпен біртіндеп тығыздығы 1700-1800 кг/м3 дейін артқанша ауырлата береміз. Бірақта іс жүзінде қазіргі кездерде қолданылып жүрген NaCl қанықтырылған (соның ішінде МЭСЕ) ерітінділер тек қана «біртүрлі» тұз тастарын тереңдігі 2800-3000 м бастап, ерітіндіні 1700-1800 кг/м2 және одан да жоғарыға қарай ауырлата отырып тұз кешенінің төменгі бөлігін қазуға болатынын көрсетіп отыр. Қиыншылықтар әсіресе тұзды терригенді-карбонатты немесе тақтатастың текстурасы бар сазды тұздардан құралған өтпелі аймақ деп аталатын тау жыныстарын қазу кезінде кездеседі. Ол тау жыныстарын МЭСЕ мен қазған кезде мынадай қиындықтар болады: үгілулер, опырылулар, тарылулар, жұтылулар.
Қиындықтар МЭСЕ-ні біршама өлшемде (1900-2100 кг/м3 дейін) ауырлатқанның өзінде де тоқтамайды. Өтпелі аймақты қазу кезінде МЭСЕ-нің қасиетінің нашарлауы жұмсақ саз бөліктерінің ерітіндіде диспергирациялануынан болады. Осыған байланысты ерітіндінің статикалық ығысу кернеуі мен тығыздығы күрт өсіп дегазациялануы қиындайды.
Бұрғылау ерітіндісінің тығыздығының жоғары болуы және онда қатты фазаның көп болуы (70-80% дейін) қашау жұмысы көрсеткіштерінің төмендеуіне себеп болады. Сонымен қатар өткізгіш қабаттар орналасқан аралықтарда ұңғы қабырғасында қалың сүзінді қабыршағы пайда болуына әкеп соғады, ал өнімді қабат аймағы бұрғылау ерітіндісінің қатты фазасымен кольматацияланады да, оларды сынау кезінде үлкен қиындықтар тудырады.
Осындай себептерге байланысты галогенді қабатты қазу кезінде NaCl қанықтырылған МЭСЕ қолдану тиімсіз болып табылады. Сонымен МЭСЕ-ге қарағанда қасиеті сапалы, жаңа түрдегі бұрғылау ерітінділерін ойлап шығарып оны қолдану қажеттілігі пайда болды. Мұндай ерітінділердің бірі болып Каспий маңы ауданында 20-ұңғыда, соның ішінде Жаңажол алаңында (6 ұңғы) тәжірибеден өтіп өндіріске енгізілген жоғары минералды магний гидрогелі есептеледі.
Магний гидрогелі-бұрғылау ерітіндісінің жаңа түрі. Магний гидрогелі шетелдік және бұрынғы КСРО бойынша іс жүзінде қолданылды. Конденсация-коллоидты жүйеге қол жеткізудегі бірден-бір жақсы тәсіл болып саналады. Бұрғылау ерітінділеріне лайық конденсацияны, нақты ерітіндіге тұз ионымен қосылып қиын еритін қоспаны құраушы заттың электролитін (аса тұзды суда) енгізу арқылы алуға болады.
Магний гидрогелін-хлорлы магний ерітіндісін сілтімен (NaOH, Ca(OH)2 немесе т.б.) өңдегеннен кейін, жүретін химиялық алмасу реакциясының нәтижесі бойынша алады.
Көп жағдайда гидрогель басқа түрлі бұрғылау ерітінділеріне қарағанда көптеген төмендегідей артықшылықтарға ие:
Гидрогельдің белсенді құрылым құраушы компоненті саз болмағандықтан, оған ұңғы қабырғасын құраушы саздардың беріктілігін арттырушы және де коллоидтылығын күрт төмендетуші қоспаларды қосуға болады. Саз ерітінділері бұл қоспалардың әсерінен бір-бірінен ажыратылса гидрогельдер қалыптылығын сақтайды.
Гидрогельдердің көрсеткішінің жалпы минералдануы, саз ерітінділерімен салыстырғанда, өте жоғары болғанның өзінде, оңай реттеуге болады. Гидрогельді- MgCl2, KCl, NaCl қанықтыруға және аса қанықтыруға болады. Ондағы кальций ионының концентрациясы 100-150 гр/л дейін жетуі мүмкін. Бұлардың бәрі гидрогельдің терригенді тау жынысына қатысты ингибирлігін арттыра және ашылған тұздар мен қазылушы тұздардың еруін күрт төмендете түседі.
Магний гидрогелін галиттен басқа хемогенді сильвиннің, карналиттің және бишофиттің үлкен қабаттары бар тау жыныстарын қазуға қолдануға болады. Ал осындай тау жыныстарын қазғанда олардың кәдімгі NaCl ғана қанықтырылған саз ерітінділерімен байланысы-үлкен қуыстар мен жыныстардың езілулеріне әкеп соғады [11].
Магний гидрогелін қолданып қазылған ұңғыларда шегендеуші құбырлар сәтті түсірілді. Оларда сақиналық аралығы аз және тиянақтан шығуы жоғары болды.
Магний гидрогелін-тұзды шөгінділері бар Жаңажол алаңындағытерең ұңғыларды қазуда бұрғылау ерітіндісі ретінде қолдану, үлкен экономикалық тиімдікті берді.
Су бергіштігі төмен гидрогельді-өнімді қабатты ашуда тиімді пайдаланылады. Ондағы фазалар оңай жуылып немесе қышқылмен өңдеу кезінде толық еріп кетеді.
Гидрогелдер жоғары майлаушы және коррозиялық белсенділігі төмен қасиеттерге ие, соған байланысты сораптың қосымша бөлшектермен тозу шығыны азаяды. Гидрогельдің көрсеткіші цемент тасын қазу кезінде және оған қосылған кез-келген қабаттың судан өзгермейді. Оның тығыздығын үлкен диапазонда өзгертуге болады: 1220-1250 кг/м3. Ал алғашқы ас тұзды суының тығыздығын 2100-2300 кг/м3 дейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет