КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірістің өсуі мен мұнай өндіруге үлкен мән беріліп отыр.
Батыс Қазақстан бойынша созылып жатқан үлкен кен орындары біздің республикага үлкен табыс әкеледі, біздің бюджетімізді және елдің казынасын толтырады.
Қойылатын тапсырманы орындау өндірісті күшейту негізінде, жаңа технологияларды бұрғылау, ұңғыны пайдалану кезінде кеңірек енгізілуде және де жоғары өнімді, сапалы және пайдалануға ғана мүмкін болады. Осыған байланысты бұрғылау кезінде ең тиімді бұрғылау ерітіндісінің құрамын таңдау қажет.
Бұрғылау ерітіндісі мұнай және газға геологиялық барлама бұрғылау кезінде қолданылады. Пайдаланылатын бұрғылау ерітіндісінің тиімді құрамына байланысты, оларды дайындаудың маңызы зор.
Бұрғылау ерітіндісінің тиімді дайындалу
құрамын таңдау негіздері
Тұзды шөгінді және терригенді жыныстармен алмасып отыратын тұздары бар тау жыныстарын бұрғылағанда, су негізді бұрғылау ерітіндісін қолдану ұңғы оқпанында қиындықтар тууына әкеліп соғады. Бұл қиындықтардың туу жағдайы ұңғы қабырғасын құраушы тау жыныстардың қуыстылығымен, тау жыныстардың үгітілуімен, тұздардың пластикалық ағуымен, саздардың жұқа қабаттарының болуымен байланысты. Сонымен қатар, қиыншылықтар су негізді бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін реттеу кезінде де пайда болады.
Тұз шөгінділерін бұрғылағанда пайда болатын қиыншылықтар бұрғылау ерітіндісінің-гидрогелді магний және мұнай негізді жаңа түрлерін ойлап шығаруды қажет етті. Ерітіндінің бұл жаңа түрін қолдану ұңғы қабырғасын құраушы жыныстардың тұрақтылығын арттыруға және де тұздардың, соның ішінде калий және магнийлі тұздардың еру дәрежесін күрт азайтуға септігін тигізеді. Бұрғылау кезінде болатын қиындықтар белгілі бір дәрежеге қысқарды және оларды туғызатын қиыншылықтар да азайды.
Төменде жаңа түрдегі бұрғылау ерітіндісінің қасиеттері, осы ерітінділірдің даярлану тәсілі және олардың көрсеткіштерін реттеу, сонымен қатар осындай ерітінділерді қолдану тәжірибелері қаралған.
Каспий маңы ойпатының ауданындағы тұнба жыныстар мынадай төрт құрылымдық кешенге бөлінген: неогенді-төрттік (жамылғы), жоғары-перм-палеогенді (тұздан жоғарғы), кунгур (тұзды), палеозойлы (тұздан төмен). Каспий маңы ойпатының тұзды қабаттың құрылымдар пішіні, өлшемі, тұз ядросының орналасу тереңдігі, даму ерекшеліктері [1-3] бойынша әртүрлі болып келеді. Бұл жерлерде тұз күнбездері, тұзды массивтер, антиклиналдар мен сынақтар (валы) жиі кездеседі.
Ұңғы құрылысын жүргізу кезінде бұрғылау ерітінділері оқпанның тарылуын, опырылулар мен тау жыныстарының құлауын болдырмау үшін терригенді, тұзды және тұз аралас терригенді жыныстардың беріктігін төмендетпеуі тиіс.
Бұрғылау ерітіндісінің ұңғының оқпан маңы аймағына химиялық және физика-химиялық әсер етуі.
Оқпан маңындағы тау жыныстарын орнықтылығының төмендеуіне, олардың жан-жақты сығымдалған күйлерінің өзгеруі ықпал етеді.
Бұрғылау ерітіндісінің ағынынан тау жыныстарының жуылып (эрозия немесе тозу) кетуі.
Ұңғы құрылысын жүргізу кезінде болатын шиеленістер (үгілулер және жыныстардың опырылуы, оқпанның тарылуы) мен апаттардың алдын-алу негізінде бұрғылау ерітінділерінің тұтқырлығына, статикалық ығысу кернеуіне, сүзгіштігі мен ерітіндінің химиялық құрамына, (РН) сутегі иондарының концентрациясының көрсеткішіне және т.б. қасиеттеріне байланысты екені белгілі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |