Бүрын хабарлағанымыздай, Балқаш қаласында Қр парламенті Мәжілісінің жүмыс тобы бас қосып, әңгіме өткізді. Ондағы басты мақсат — Арқа өңіріндегі алтын алқадай болған, қазір басынан бағы тайып, суы тартыла бастаған Балқаш көлінің келешегі



жүктеу 29.73 Kb.
Дата27.06.2016
өлшемі29.73 Kb.
Нығматулин Е.

Заң жобасы дайын/Е.Нығматулин // Орталық Қазақстан.-2001.-1 желтоқсан



Бүрын хабарлағанымыздай, Балқаш қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің жүмыс тобы бас қосып, әңгіме өткізді. Ондағы басты мақсат — Арқа өңіріндегі алтын алқадай болған, қазір басынан бағы тайып, суы тартыла бастаған Балқаш көлінің келешегі үшін, оны сақтап қалу үшін «Балқаш көлі туралы» Заңды дайындау. «Сарыарқа» арнайы бетінің бүгінгі саны осы мәселе төңірегінде болған әңгімеге арналады.

Балқаш көлін қорғап қалу бэріміздің ортақ міндетіміз. Бү_л ретте өзімнің эріптестеріме көп рахметімді айтқым келеді. Мэжілісте олар мені қызу қолдады, үхыныстарын айтты. Заң жобасын жасауға қатыстырды. Жергілікті жерде кеңейтілген мэжіліс өткізуге атсалысты. Балқаш көліне қатысты мэселені Мэжілістің жұмыс жоспарына енгізді. Балқаш көлі жөнінде Заң жобасын қолға алмас бұрын тэжірибелі депутат В.Земльяновпен эңгімелестім. Бү_л өте кұрделі мэселе деді ол. Жеке көл туралы бізде бұрын ешқандай заң қабылданбаған. Сондықтан, тыңнан сүрлеу салуға тура келеді. Бір топ депутаттар Үкімет басшысының қабылдауында болдық. Ол Балқаш көлінің тағдыры туралы ойымызды муқият тыңдады, қуаттайтынын білдірді. Сөйтіп, Қоршаған ортаны қорғау жэне табиғи ресурстар министрлігіне арнайы бағдарлама жасау үшін тапсырма берді. Осы мақсатта жріыс тобы қү_рылды. Бағдарлама жасауға байланысты арнайы қаржы бөлінді. Балқаш көлі туралы бұрын да халықаралық деңгейде мэселе көтерілген болатын. Алайда, қандай үхыныс, жоспар болғанымен Заңсыз жүзеге аспайтыны белгілі еді. Бағыт, бағдар қажет болды. Балқаш өмір сүруге тиіс. Табиғат жанашыры М.Елеусізов көл туралы мэселені тиісті орындардың алдына көптен бері қойып келеді. Қоғамдық пікірде қалыптасып жатыр. Біздің барлық ниетіміз, ойымыз, Отаншылдық сезіміміз Заң жобасында көрсетілген. Сэтін салып, қабылданғаннан кейін жүйелі түрде жү_мыс жасауға мүмкіндік туатын болады. Ғалымдар да өз көзқарастарын айтты. Балқаш тағдыры -жылдар бойы қордаланып қалған мэселенің жиынтығы. Алайда, соңғы жылдары көлдің ластануы, судың төмендеуі қатты байқалды. Ендігі арада ұзын-сонарлыққа салынудың реті жоқ. Каспий жэне Арал теңізі басқа мемлекеттермен шектеседі. Олардың тағдыры сондықтан тек біздің қолы-мызда ғана емес, көршілерге де тэуелді. Ал Балқаш көлі өз республикамыздың ішінде, бүкіл халық болып бірлесіп, жріыс жасауымызға мүмкіндік бар. Арал тағдырын қайталауға жол бермеуіміз керек.Арал апаты біздің кінэміз.Біраз жылдан бері Іле өзенінің суы азайғаны байқалып жүр.Балқашқа су аз мөлшерде қү_йылады. Бұған Қапшағайдағы су электр станциясының да «үлесі» аз емес.

Мамандардың айтуына қарағанда су деңгейі 2,5 метрге дейін төмеңдеген. Көл суы жағалаудан 100 метрге дейін шегінген. Бү_рын балықшылар жылына

20 мың тоннаға дейін балық ауласа, кейінгі кезде оны 1000 тоннаға дейін эзер жеткізетін болды. Қабылданатын Заңда балық аулаудың мэселесі де сырт қалмауы керек.



Заң жобасын жасауда ғалымдардың, мамандардың, жүртшылықтың пікірі, үсынысы ортаға салынды. Осының бэрін егжей-тегжейлі сараптап, салмақтап барып Заңның жобасы өмірге келді. Бассейндік басқарма Балқаш қаласында орналасуы керек. Олардың арасында ғалымдардың отырғанын қалаймыз. Ресейдің Байкал көлі туралы Заңыңда 36 бап бар. Ал біздегі заң жобасы 52 баптан түрады. Бірақ шағын, эрі ықшам. Бір айта кететіні заң жобасындағы 14-20, 30 тараулар бір-бірін қайталайды. Менің ойымша, оны біріктірген дүрыс сияқты. Ал, 7-бапта адамдардың қүқығы мен міндеттері жазылған. Оның барлығы эрине, Балқаш бассейніне байланысты болып отыр. 14-15 бапта басқару қүрылымы жөнінде айтылған. Қалай болған күнде де біз өзіміздің табиғи байлығымызды сақтап қалу үшін, шын қожайын екенімізді сезінуіміз керек. Сондай-ақ, арнайы кеңес қү_рылса деген үсыныс бар. Жергілікті биліктің шаруашылық жетекшілерінің ғылыми бірлестіктердің бэрі-бэрі атсалысып, игілікті істерді бірлесіп шешуге үйытқы болуы керек. Көлді, қоршаған ортаны сақтау, қорғау жөнінде күзет болғаны жөн. Келешекте адамдардың таза экологиялық аймақта өмір сүруіне жағдай жасауымыз қажет. Көлдің шекаралары анықталып, кімнің қандай шара өткізетіндігі, жауапкершілігі анықталуы тиіс. Су режимін анықтайтын бөлім болса да артық етпейді. Ол көлдің төмендегенін, көтерілгенін бақылап отырады. Көл маңыңдағы шаруашылықты іріктеп, есепке алып отырудың да артықшылығы жоқ. Әлеуметтік, экономикалық сала заңының эр тармағында көрсетілген. Заң жобасында шаруашылық нысандарын салуға, оны кеңейтуге мүмкіндік болатындығы қамтылды. Қаржы мэселесі де заңды жолмен шешілуге тиіс. Өйткені көлді қүтқарудың, сақтаудың өзі қаржы арқылы шешілетіні белгілі.

Көл тағдыры - біздің келешегіміздің тағдыры.Жақсы бастама қолға алынды.Оның баянды болуына тілектеспін.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет