Бұрынғы премьер-министр С. Ахметов пен өзге де тұлғалардың ісі жөніндегі сот үкімі бойынша ақпарат



жүктеу 145.35 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі145.35 Kb.


Бұрынғы премьер-министр С.Ахметов пен өзге де тұлғалардың ісі жөніндегі

СОТ ҮКІМІ БОЙЫНША АҚПАРАТ





Сотталушылар

(Аты-жөні, лауазымы)

Айыптау бойынша қылмыс эпизодтары



Үкім бойынша жаза

1.

Серік Ахметов

Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі



Эпизодтар:

  1. «ТЛК» ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешенін салу үшін жер телімдерін бөлуде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.

  2. «Топарские теплицы» «Топар» мал шаруашылығы», «Сарыарка Агро Маркетинг» ЖШС құру, «Топарские теплицы» ЖШС-не арналған құрал-жабдықтарды мемлекет есебінен жоғарылатылған бағамен сатып алу.

  3. «Сталь-Цинк» ЖШС-ның мүдделеріне ықпал ету және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.

  4. Қарағанды қаласының еркін экономикалық аймағында металлургия және металл құрылымы индустриалдық саябағында кәріз жүйесін тазарту станциясын (КТС) салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру.

ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету), ҚР ҚК-нің 310-бабының 3-бөлігі (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу), ҚР ҚК-нің 307-бабының 3-бөлігі (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану), ҚР ҚК-нің 310-1-бабының 3-бөлігі (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру) бойынша кінәлі деп танылды.
ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.


2.

Бауыржан Әбдішев

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі



Эпизодтар:

1. «Евростандарт» ЖШС құру және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.

2. «Сталь-Цинк» ЖШС-ның мүдделеріне ықпал ету және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.

3. «ТЛК» ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешенін салу үшін жер телімдерін бөлуде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.




ҚР ҚК-нің 310-1-бабының 3-бөлігінде (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру), ҚР ҚК-нің 307-бабының 3-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану), ҚР ҚК-нің 310-бабының 3-бөлігінде (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 (бес) жылға айырыла отырып, түпкілікті 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

3.

Мейрам Смағұлов

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі



Эпизодтар:

  1. «Сталь-Цинк» ЖШС-ның мүдделеріне ықпал ету және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.

  2. «ТЛК» ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешенін салу үшін жер телімдерін бөлуде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.

  1. «Мәңгілік алау» ескерткішінің саябағын абаттандыру.




ҚР ҚК-нің 310-1-бабының 3-бөлігінде (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру) және ҚР ҚК-нің 307-бабының 3-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 (бес) жылға айырыла отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

4.

Мұхтар Адамбеков

Қарағанды қаласы әкімінің бұрынға орынбасары



Эпизодтар:

1. «Евростандарт» ЖШС құру және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.

2. «Сталь-Цинк» ЖШС-ның мүдделеріне ықпал ету және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.


ҚР ҚК-нің 310-1-бабының 2-бөлігінің «а,б» тт (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаза 3 жыл сынақ мерзімге шартты деп саналды.



5.

Айдос Жәкенов

Қарағанды қаласы ТКШ бөлімінің бұрынғы бастығы

Эпизодтар:

1. «Евростандарт» ЖШС құру және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.

2. «Сталь-Цинк» ЖШС-ның мүдделеріне ықпал ету және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.


ҚР ҚК-нің 310-1-бабының 2-бөлігінің «а,б» тт (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаза 3 жыл сынақ мерзімге шартты деп саналды.

6.

Ернар Дәрібеков

Қарағанды қаласы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы



Эпизодтар:

  1. «ТЛК» ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешенін салу үшін жер телімдерін бөлуде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.

  2. «DDKZGroup» ЖШС-не жер телімдерін бөлу және оларды қосалқы тұлғаларға беру кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.



ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану), ҚР ҚК-нің 325-бабының 2, 3-бөлігінде (жалған құжаттарды,мөртаңбаларды,мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 (бес) жылға айырыла отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.



7.

Айдар Телғарин

Қарағанды қаласы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы




Эпизод:

1. «ТЛК» ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешенін салу үшін жер телімдерін бөлуде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.

.


ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 (бес) жылға айырыла отырып, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

8.

Марлен Шалтақов

Қарағанды қаласы ТКШ бөлімінің, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімінің бұрынғы бастығы



Эпизодтар:

1. «DDKZGroup» ЖШС-не жер телімдерін бөлу және оларды қосалқы тұлғаларға беру кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.

2. «Мәңгілік алау» ескерткішінің саябағын абаттандыру.


ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану), ҚР ҚК-нің 325-бабының 2, 3-бөлігінде (жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 (бес) жылға айырыла отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаза 3 жыл сынақ мерзімге шартты деп саналды.


9.

Ғабит Матаев

«Сарыарқа ӘКК» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының бұрынғы басшысы



Эпизодтар:

  1. «ТЛК» ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешенін салу үшін жер телімдерін бөлуде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.

  2. «Топарские теплицы» «Топар» мал шаруашылығы», «Сарыарка Агро Маркетинг» ЖШС құру, «Топарские теплицы» ЖШС-не арналған құрал-жабдықтарды мемлекет есебінен жоғарылатылған бағамен сатып алу.




ҚК-нің 307-бабының 3-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану), ҚР ҚК-нің 310-бабының 3-бөлігінде (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу), ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігінде (астыртын жәрдемдесу) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 (бес) жылға айырыла отырып, түпкілікті 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаза 3 жыл сынақ мерзімге шартты деп саналды.



10.

Ғабит Мұхамбетов

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары



Эпизод:

  1. Қарағанды қаласының еркін экономикалық аймағында металлургия және металл құрылымы индустриалдық саябағында кәріз жүйесін тазарту станциясын (КТС) салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру.



ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
ҚР ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 (бес) жылға айырыла отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.



11.

Мұсаев Қанат

Қарағанды қаласының бас архитекторы



Эпизод:

1. «ТЛК» ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешенін салу үшін жер телімдерін бөлуде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.





ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану) көзделен қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаза 3 жыл сынақ мерзімге шартты деп саналды.


12.

Асқарова Бахтогүл

Қарағанды қаласының архитектура және қала құрылысы қалалық бөлімі басшысының м.а.



Эпизод:

1. «ТЛК» ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешенін салу үшін жер телімдерін бөлуде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.




ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану) көзделен қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаза 3 жыл сынақ мерзімге шартты деп саналды.


13.

Ессе Анатолий

Қарағанды қаласы Индустриалдық паркінің бұрынғы директоры



Эпизод:

1. Қарағанды қаласының еркін экономикалық аймағында металлургия және металл құрылымы индустриалдық саябағында кәріз жүйесін тазарту станциясын (КТС) салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру.



ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.



14.

Ысқақов Болатбек

Қарағанды қаласының «Индустриальный парк «Металлургия-Металлообработка»

бұрынғы директоры


Эпизод:

1. Қарағанды қаласының еркін экономикалық аймағында металлургия және металл құрылымы индустриалдық саябағында кәріз жүйесін тазарту станциясын (КТС) салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру.



ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, оның мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.



15.

Ақмолдаев Әлжан

«Казахстанская промышленная корпорация» ЖШС бас директорының орынбасары



Эпизод:

1. Қарағанды қаласының еркін экономикалық аймағында металлургия және металл құрылымы индустриалдық саябағында кәріз жүйесін тазарту станциясын (КТС) салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру.



ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК-нің 65-бабының 1-бөлігі (шынайы өкіну) негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды.




16.

Нұрбаев Думан

«Eco-treatment systems» ЖШС директоры 



Эпизод:

1. Қарағанды қаласының еркін экономикалық аймағында металлургия және металл құрылымы индустриалдық саябағында кәріз жүйесін тазарту станциясын (КТС) салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру.



ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК-нің 65-бабының 1-бөлігі (шынайы өкіну) негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды.




17.

Айтжанов Дулат

«КазАгро» холдингі басқармасының бұрынғы төрағасы



Эпизод:

  1. 1. «Топарские теплицы» «Топар» мал шаруашылығы», «Сарыарка Агро Маркетинг» ЖШС құру, «Топарские теплицы» ЖШС-не арналған құрал-жабдықтарды мемлекет есебінен жоғарылатылған бағамен сатып алу.




ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігі «б» тармағында (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану) көзделеген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

18.

Рахимжанов Гумар

«КазАгроФинанс» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы



Эпизод:

1. «Топарские теплицы» «Топар» мал шаруашылығы», «Сарыарка Агро Маркетинг» ЖШС құру, «Топарские теплицы» ЖШС-не арналған құрал-жабдықтарды мемлекет есебінен жоғарылатылған бағамен сатып алу.




ҚР ҚК-нің 176-бабының 2-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК-нің 65-бабының 1-бөлігі (шынайы өкіну) негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды.



19.

Қисықов Ерлан

«КазАгроФинанс» АҚ несие беру және лизинг департаментінің бұрынғы директоры



Эпизод:

1. «Топарские теплицы» «Топар» мал шаруашылығы», «Сарыарка Агро Маркетинг» ЖШС құру, «Топарские теплицы» ЖШС-не арналған құрал-жабдықтарды мемлекет есебінен жоғарылатылған бағамен сатып алу.



ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігінде ((астыртын жәрдемдесу)

ҚР ҚК-нің 307-бабының 3-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану) көзделен қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, оның мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.


20.

Айменбетов Оразалы

Қарағанды қаласының «Индустриальный парк «Металлургия-Металлообработка» директорының бұрынғы орынбасары




Эпизод:

1. Қарағанды қаласының еркін экономикалық аймағында металлургия және металл құрылымы индустриалдық саябағында кәріз жүйесін тазарту станциясын (КТС) салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру.




ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) көзделен қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, оның мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.



21.

Пиралиева Камилла

«Rufepa Tecnoagro» Орталық Азия елдері бойынша испандық компаниясының сату жөніндегі директоры



Эпизод:

1. «Топарские теплицы» «Топар» мал шаруашылығы», «Сарыарка Агро Маркетинг» ЖШС құру, «Топарские теплицы» ЖШС-не арналған құрал-жабдықтарды мемлекет есебінен жоғарылатылған бағамен сатып алу.



ҚР ҚК-нің 307-бабының 3-бөлігінде (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану) ,

ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігінде ((астыртын жәрдемдесу) көзделен қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.



4600000 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет