Брондау үдерісіндегі ақпараттық технологиялар Дәуітбаева А. О., Дайрабекқызы Ж. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ



Дата08.06.2016
өлшемі50.94 Kb.
#122261
Брондау үдерісіндегі ақпараттық технологиялар

Дәуітбаева А.О., Дайрабекқызы Ж.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

Әуежай – өзіне әуе қонуларын, әуе вокзалдарын, ауа кемелерін қабылдау мен жөнелтуге, ауа тасымалдарына қызмет көрсетуге және осы мақсаттарды көздеуге қажетті қондырғылары бар авиациялық персонал мен басқа да жұмысшыларына арналған құралдары бар жабдықтар кешені.

Әуежай миссиясы — әлемдік көліктік жүйенің интеграциясы, халықтың әуе тасымалары мен қызметтеріне сұраныстарын толықтай қанағаттандыратын сәйкес заманауи халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен сервистік сапасы.

Мақсаты қызығушылық танытқан топтардың қызығушылықтарының өрлеу моделінің бейнесі болып табылады: жеке меншіктік, қызметтік, менеджменттік, мемлекеттік және контрагенттік (әуе компаниялар, жолаушылар, тасымалдаушылар және т.б.). Аталған топтардың көздеген мақсаттары мен міндеттері әртүрлі болып келеді.

Кәсіпорын трансферлік тасымалдарды дамытуға аса назар аударып отыр.

Жұмыстар мен жобаларды жоспарлаудан бұрын қызмет көрсетілетін аймақтың алдағы даму деңгейіне болжам жасау қажет. Болжам кезінде төмендегілер секілді көптеген түрлі факторларды есепке алған жөн:



  • рейстер мен жолаушы ағындарының күтілетін саны;

  • тасымалданатын жүктер көлемі;

  • аймақтың экономикалық даму тенденциясы;

  • халықтың өсуі мен оның алға жылжуы.

Міндетке дамудың, маркетингтің және қызмет көрсетілуді ілгерілетудің бірыңғай саясаты, ал сонымен бірге әуе компаниялармен өзара байланысы кіреді.

«Әуежай» ақпараттық жүйесі әрқайсысының өзіне бекітілген функционалдық мүмкіндіктері бар қызметтерден тұрады.

Әуежай қызметі:


  • өндірістік-диспетчерлік қызметі;

  • әуежай қызметі;

  • авиациялық-техникалық қор;

  • тасымалды ұйымдастыру қызметі;

  • авиациялық қауіпсіздік қызметі;

  • ұшу қауіпсіздігінің қызметі;

  • ұшу кезіндегі жер асты штурмандық қамтамасыз етілу қызметі.

Өзінің тасымалдары мен тасымалды ұйымдастыру қызметіне бекітілген бәсекелестердің тасымалдарының сапалы болжам көлемі мен алдын ала бағалау үдерісі.

Тасымалды ұйымдастыру қызметінің негізгі міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:

- әуежайда жолаушыларға және жүктік клиентураға қызмет көрсетілуді ұйымдастыру және жаңарту;

- әуе компаниялармен бекітілген келісім шарттарға сәйкес ауа кемелеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

- ұшу қауіпсіздігін, өмірінің сақтығын және жолпушылар мен экипаждың денсаулықтарын қамтамасыз ету;

- жолаушыларға жер үсті қызмет көрсетуге кететін уақытты азайту шараларын құру және жүзеге асыру, ауа кемелеріне коммерциялық қызмет көрсету.

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуында осындай негізгі бағыттарынсыз, мысалы брондау жүйесін ендіру және интернет желісін, локалды компьютерлік желілерін пайдалану, кеңсені автоматтандыру және кәсіпорынды брондауда бағдарламалық өнімді ендірусіз мүмкін емес.

Сатудың электрондық жүйесі — бұл туристік қызметтегі сатуды тиімді арттыруға негізделген компьютерлік бағдарламалар. Электрондық сатудың бірнеше негізгі жүйелері бар:

GDS — алдын ала алып қоюдың әлемдік жүйесі;

Internet — бүкіл әлемдік компьютерлік желі;

Сатудың локалды жүйесі — нақты бір аймаққа немесе нақты бір сатып алушылар шеңберіне бағытталады.

Әлемдік желілер 60-шы жылдардың аяғында кәсіби туристік агенттіктер үшін әлемдік әуе тасымалдарының көлемінің артуына байланысты пайда болды. Сонда тасымалдың үлкен көлемі бар агенттіктері бар әуе компанияларында терминалдар орнатыла бастады. Бұл агенттіктердің тиімді қызметін арттыруға мүмкіндік берді. Онымен әуе тасымал сатылымдары ғана емес, сонымен бірге қызметтерге сәйкес қонақ үй нөмірлері де пайдалана бастады. Бұл көп көлемді қаржыны талап етті, осылайша сақтап қою жүйесінде әуе компанияларының бірігуі орын алды. Ол осы жүйенің құрылуы мен реттелуіне кететін шығындарды азайтты.

Бүгінгі күнде әлемдік деп аталатын төрт жүйені атап өтуге болады, олар: Amadeus/System One; Galileo/Apollo; Sabre/Fantasia; WorldSpan/Abacus.

"Әлемдік" терминін әуе компанияларының өздері енгізген болатын және сондықтан оның нақты бір анықтамасы жоқ. Әлемдік деп жер шарының әр мекенінде орналасқан көп терминалдары бар жүйені айтады. Әлемділіктің екінші белгісі брондау мүмкіндігінен басқа, қонақ үй қызметін, көлікті жалға алу, сонымен бірге туристікке қатысты әуе тасымалдары болып табылады.

Біздің нарықта ертеден келе жатқан және ең танымал әлемдік дистрибутивтік Amadeus жүйесі барлық жерлерде өз орнын тауып келеді – аймақтарға барады, брондауға қажетті өзінің интернет қозғалыстарының агенттік сайттарында белсенді жаңа, бюджеттік тасымалдаушыларды қосады.

Amadeus өзіне халықаралық әуе компаниялардың рейстері жайлы, авто көлікті жалға алу, қонақ үйлерде орындарды брондау секілді ақпараттарды жинақтайтын әлемдегі ең ірі көлемді деректер қорын ұсынады. Amadeus компьютерлік желілерде және автономды жүйелерде жұмыс жасайды.

Бұдан басқа, Amadeus жергілікті компаниялардың қызметтерін, оның ішінде темір жол, теңіз жолаушылар тасымалымен айналысатын фирмалар және барлық мүмкін мәдени іс шараларға арналған бірден брондауға мүмкіндік береді.

Amadeus брондауда ең танымал компьютерлік жүйе болып табылады және мұндай басқа жүйелерге қарағанда халықаралық қызметтердің көптеген түрлерін ұсынуға қабілетті. Санаулы секундтарда Amadeus нақты бір уақытта кез келген агентке брондауға қажетті қазіргі кездегі ақпаратқа сәйкес нақты деректі басқарудың жоғары дамыған сервисін толықтыра отырып алуға мүмкіндік береді, бұл жиі оның жұмыс өнімділігін арттырады. Мұндағы барлық ақпарат «нейтралды» кепілденген, яғни өз қызметтерін ұсынатын компаниялардың ешқайсысына таңдау жасалмайды. Бұл пайдаланушыларға мүмкін нұсқалар жайлы шынайы сипатты береді.

Даму үшін серіктестік - Amadeus компаниясының өнімдерінің дамуы мен қызмет көрсетулеріне бағытталған қозғалыс күші болып табылатын философия. Amadeus толықтай нейтралдылығы мен барлық өнімдерінің тәуелсіздігі клиентерге демалыс пен саяхаттың жан жақты қамтылған сипаттамасын ұсынуға көмектеседі.

Amadeus саяхат пен туризмнің ең сенімді спектрін, ал сонымен бірге кез келген орыннан мүмкін бола алатын толық құралдық басқаруды ұсынады.



Салалардағы даму тенденцияларын зерттей келе және әрдайым жаңа технологияларға инвестициялар жасай отырып, Amadeus бүгінде әуе компаниялар үшін де, тур агенттіктер үшін де әлемдегі электрондық коммерция бойынша алдағы тасымалдаушылардың бірі болып табылатына көз жеткіздік. Интернет каналдары арқылы брондаудың кең таралуна қарамастан, кейінгі кезде агенттік желілер арқылы сатылған әуе билеттерінің үлесі анағұрлым өзгерістерге ұшырай қойған жоқ екенін байқауға болады.


Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 жылғы 27 шілде, N 319. 2. Жұмашева Ж.Т. Онлайн режімінде вебинар форматында дәріс сабақтарын жүргізу/ «Садықов оқулары: білім беру кеңістігіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері және жолдары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 26-28.09.2013, Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2013, б.316-317.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет