Бруцеллездің алдын алу. Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылғы 15 наурызынан 15 сәуірге дейін «Облыс тұрғындарын бруцеллезге шалдығудың алдын алу бойынша»



Дата15.07.2016
өлшемі22.16 Kb.
Бруцеллездің алдын алу.
Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылғы 15 наурызынан 15 сәуірге дейін «Облыс тұрғындарын бруцеллезге шалдығудың алдын алу бойынша» айлық жүргізіледі. Қатонқарағай ауданында 2009-2012 ж.ж. бруцеллезге шалдықан адамдар тіркелмеген.

Бруцеллез бұл адамдар мен малдардың, бруцелла – төменгі температура мен дымқыл ортаға тұрақты ұсақ микроағзалармен жұғатын жұқпалы ауру. Көңде 5-6 айға , жерде – 3 айға, қойдың жүнінде 3-4 айға,сүтте – 20-70 күнге дейін сақталады. Қайнатқан кезде олар бірден өліп қалады.

Қалай жұқтыруға болады.

Қоздырғыш көзі ауыл шаруашылық малдары (ұсақ және ірі мүйізді жануарлар,шошқалар), кей жағдайда ит пен мысықтар. Жануарларда ауру белгілерсіз, жасырын өтеді, бірақ та бруцелла зәрмен, нәжіспен, сүтпен бөлініп шығады.

Адамдар осындай малдармен байланыста болғанда және зарарланған тамақ өнімдерін(сүт,ет,ірімшік,май т.б.) қолданғанда,тері бүлінуі арқылы (мал тудырғанда,мал сойғанда) жұқтырады.

Бруцеллезбен ауырған адам қоздырғыш көзі болып табылмайды.



Жіті бруцеллез қалай өтеді

Ауру жұқтырғаннан аурудың бірінші белгілері білінгенше 1-3 апта, кейде бірнеше ай, ауру біртіндеп басталады. Қызу 37-ден 39-40 –қа дейін көтеріліп 3-7 күн адам қалтырап, дірілдейді. Сонымен қатар, лимфа түйіндері ұлғаяды. Бұлшық ет және буындар ауырады.



Бруцеллездің салдары

Аурудан сауығу жіті және созылмалы түрден кейін де болады, бірақ бәрібір буын, омыртқа немесе ішкі мүшелердің өзгерістері болуы мүмкін. Жиі жағдайда ірі буындарда түрін және қызметін өзгертетін өзгерістер қалады.



Бруцеллезді қалай анықтауға болады

Бруцеллезге диагноз зертханалық және рентгендік зерттеуден соң қойылады. Қанды бактериологиялық зерттеуден өткізеді.

Бруцеллезбен ауырған адам айналасына қауіп төндірмейді.

Бруцеллездің алдын алу

Бруцеллездің алдын алу – бұл ауылшаруашылығы малдардың бруцеллезімен күресу және оларды күтіп- баптаудың ережелерін сақтау. Бруцеллез ауруы қаупі бар адамдарды

(сауыншы, табыншы,ет комбинаты жұмысшылары) бруцеллезге қарсы егу.

Міндетті алдын алу шараларының бірі тамақты зарасыздандыру: сүтті қайнату, дайын ешкі ірімшігін 2 ай, қатты ірімшікті 3 ай ұстау.

Мал ұстайтын жай көңнен, түсік қалдықтарынан тазаланып, 20% хлор әгімен, 5% сабынкреозол қоспасымен, 2% формальдегид ерітіндісімен зарасыздандырылуы керек.

Бруцеллез болған малды күткен кезде барлық алдын алу шараларын қолдану керек (арнайы киім, халат, резиналы қолғап, етік, алжапқыш кию керек). Ауырған малдын етін лақтыруға және иттерге беруге болмайды. 2 метр шұңқыр қазып үстіне хлорлы әкті себіп көмү керек. Егер малда түсік болса жедел мал дәрігеріне хабарлап, ауру малды сау малдардан бөлектеу керек.

Ауыл тұрғындары өздерінің кінәләрінан жұқпалы аурудың ережелерін қатан сақтамаған үшін зардап шегеді. Малдың иесі қолын жұмай асқа отырып немесе баласымен ойнаса баласынада, өзінеде ауруды жұқтыруы мүмкін. Малмен жұмыс істеген кезде арнайы киім және резиналы қолғап кию керек. Мал қораны тазарту керек, себебі бруцелла қоздырғы көнде жарты жыл тұрады. Даладан сүт, кілегей,ірімшік сатып алуға болмайды.

Санитарлық тексеруден өткен ет пен сүтті қолдан.



Бруцеллез аурумен күрес үшін малға қарсы вакцина маңызды рөлін атқарады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің бастығы А. Ибраева


СӨС қалыптастыру бөлімінің медбикесі Г. Әбдікерова
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет