Бу және ыстық су құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Дәнекерленетін қосқыштардың сапасын бағалау нормалары



бет4/8
Дата11.07.2016
өлшемі0.78 Mb.
#190768
1   2   3   4   5   6   7   8

8-параграф. Дәнекерленетін қосқыштардың сапасын бағалау нормалары
286. Дәнекерленетін қосқыштардың сапасын бағалау нормалары құрылымдық құжаттамамен анықталады.

287. Дәнекерленетін қосқыштардың сапасын егер оларда кез келген түрде сыртқы ақаулар анықталған болса, қанағаттанарлықсыз деп саналады:

1) балқу желісі мен негізгі металдың жік жанындағы аймағы бойынша жік металында орналасқан барлық түрдегі сызаттар мен бағыттар, оның ішінде микро зерттеу кезінде анықталатын микро сызаттар;

2) қабатта орналасқан және дәнекерлеу қосқыштарының қимасы бойынша (жеке біліктер мен жік қабаты арасында және негізгі металл мен жік металы арасында) орналасқан дәнекерленбеген (балқымаған) жерлер;

3) жиектерді бөлмей орындалған бұрыш және таңбалайтын дәнекерлеу қосқыштарының басында (түбінде) дәнекерленбеген жерлер;

4) тұтас тор түрінде орналасқан бөліктер;

5) балқымалар (ағыстар);

6) қайнамаған кратерлер;

7) қуыстар;

8) жік металында қайнамаған күйіктер;

9) күйік пен негізгі металл балқымалары (құбырларды жапсарлас түйістіріп дәнекерлеу кезінде);

10) осы Талапта көзделген нормалардан жоғары жиектердің ығысуы;

11) құбырлардың негізгі металдарының тіліктері.

9-параграф. Гидравликалық сынақ
288. Құбырлар мен олардың элементтерінің, барлық дәнекерлеу және өзге де қосқыштардың тығыздығы мен мықтылығын тексеру мақсатында мыналар гидравликалық сынақтан өтеді:

1) құбырлардың барлық элементтері мен бөлшектері: егер олар 100 пайыздық ультрадыбыстық бақылауға немесе өзге де теңдес бұзбайтын дефектоскопия әдістерімен бақылауға алынса, оларды гидравликалық сынау міндетті болып табылмайды;

2) құбырлардың блоктары: егер оның құрамдас бөліктері осы Талапқа сәйкес сынақтан өтсе, ал дайындау және монтаждау кезінде тұтас ұзындығы бойымен орындалған дәнекерлеу сынақтары бұзбайтын дефектоскопия әдістерімен (ультрадыбыстық немесе радиографикалық) тексерілген болса, оларды гидравликалық сынақтан өткізу міндетті болып табылмайды.

3) барлық санаттағы құбырлар толық элементтерімен және олардың арматурасымен монтаждау аяқталғаннан кейін.

289. Егер дайындау және монтаждау кезінде оларды қазандықтан бөлек сынау мүмкін болмаған жағдайды қазандықпен бірге жекеленген элементтер мен құрастыру элементтерін гидравликалық сынақтан өткізуге болады.

290. Сынама қысымының ең төменгі шамасы құбырларды, олардың блоктарын және жекелеген элементтерін гидравликалық сынау кезінде 1,25 жұмыс қысымын құрайды, бірақ 0,2 МПа (2 кгс/см2) кем емес.

291. Құбырлардың арматурасы мен үлгі бөлшектері МСТ 356 сәйкес сынама қысымымен гидравликалық сынаққа тартылады.

292. Сынама қысымының ең жоғары шамасы төзімділікке тексеретін есептермен белгіленеді. Сынама қысымының шамасын дайындаушы (жобалау ұйымы) ең төменгі және ең жоғарғы мәндері арасындағы шектерде алынады.

293. Гидравликалық сынау үшін температурасы + 5°С төмен емес және + 40°С жоғары емес су қолданылады.

294. Құбырларды гидравликалық сынау қоршаған ауаның оң температурасында жүргізіледі. 10 МПа (100 кгс/см2) және одан астам қысыммен жұмыс істейтін бу өткізгіштердің гидравликалық сынағанда олардың қабырғаларының температурасы кемінде +10°С болады.

295. Құбырдағы қысымды бір қалыпты жоғарылату қажет. Қысымды арттыру жылдамдығы құрылымдық құжаттамада көрсетіледі.

Қысымды жоғарылату үшін сығылған ауаны пайдалануға болмайды.

296. Сынақ кезінде қысым екі манометрмен бақыланады. Бір типті, дәлдік класы, өлшеу шегі және бөлу бағасы бір манометрлер алынады.

297. Құбырлар мен олардың элементтерін сынама қысымға ұстау уақыты кемінде 10 минут.

298. Сынама қысымын жұмыс қысымына дейін төмендеткеннен кейін құбыр тұтас ұзындығы бойымен мұқият тексеріледі.

299. Сынақ уақытында металл мен қоршаған ауа температуралары арасындағы айырмашылық сынақ объектісінің қабатына ылғалдың өтуін болдырмайды. Гидро сынақ үшін қолданылатын су объектіні ластамайды, қарқынды түрде тотығуды болдырмайды.

300. Егер мыналар:

1) дәнекерленетін қосқыштарда және негізгі металда ағу, булану;

2) көрінетін қалдық өзгерістер, сызаттар немесе жарылу белгілері анықталмаса, құбырлар мен оның элементтері гидравликалық сынақтан өткен болып саналады.

10-параграф. Дәнекерлеу қосқыштарындағы ақауларды түзету
301. Дайындау, монтаждау, жөндеу, сынау және пайдалану барысында анықталатын ақаулар түзетілген учаскелерді кезекті бақылау арқылы қалпына келтіріледі.

302. Ақауларды түзету технологиясы мен бақылау тәртібі құрылымдық құжаттамада белгіленеді.

303. Дәнекерлеу қосқыштарының түзетілген учаскелері, түзету дәнекерлеу көмегімен жүргізілген негізгі металдың учаскелері бұзылмайтын дефектоскопия (ультрадыбыспен немесе радиографиямен) әдісімен бақыланады.

5-тарау. Техникалық куәландыру, пайдалануға енгізу

1-параграф. Техникалық куәландыру
304. Құбырларға паспорттар дайындайды (2-қосымша).

Паспортқа мыналар қоса беріледі:

құбырлардың элементтерін дайындау туралы куәлік (5-қосымша);

құбырларды жөндеу туралы куәлік (6-қосымша).

305. Құбырлар жұмысқа қосу алдында және пайдалану кезінде техникалық куәландырудан: сыртқы бақылаудан және гидравликалық сынақтан өтеді.

306. Электр станцияларының бу қазандықтарының қорек құбырлары көрсетілген куәландыру түрлерінен басқа пайдалану кезінде ішкі бақылауға алынады.

307. Құбырларды техникалық куәландыруды мынадай мерзімде:

1) барлық санаттағы құбырларды сыртынан бақылау (жұмыс барысында)-жылына кемінде бір рет;

2) дәнекерлеумен байланысты монтаждаудан, жөндеуден кейін пайдалануға қосу алдында, құбырларды екі жылдан артық консервациялау күйінде болғаннан кейін құбырларды қосу кезінде құбырларды сыртынан бақылау және гидравликалық сынау;

3) электр станциясының бу қазандықтарының барлық қорек қазандықтарын ішкі бақылау-төрт жылда кемінде бір рет жарамды жай-күйі мен оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға жүргізеді.

308. Шартты өту жолы 70 мм астам І санатты құбырлар, шартты өту жолы ІІ және ІІІ санатты құбырлар жұмысқа қосқанға дейін тіркеледі. Мынадай мерзімде:

1) сыртқы бақылау мен гидравликалық сынаққа-жаңадан жөнделген құбырды іске қосу алдында;

2) сыртқы бақылауға-үш жылда бір рет;

3) сыртқы бақылау мен гидравликалық сынаққа-дәнекерлеумен байланысты жөндеуден кейін және құбырды екі жылдан астам консервациялауда болғаннан кейін оны іске қосу кезінде техникалық куәландырудан өтеді.

309. Ашық тәсілмен төселген құбырларды сыртынан немесе өтетін және жартылай өтетін арналарда бақылауды оқшаулағышты алмай өткізу болады. Өтпейтін арналарда немесе арнасыз төсеу кезінде құбырларды сыртынан тексеру жекеленген учаскелердің топырағын ашу және құбырдың кемінде екі километрі сайын оқшаулағышты алу арқылы жүргізіледі.

310. Жаңадан жөнделген құбырлар оқшаулағыш төселгенге дейін сыртынан бақыланады және гидравликалық сынақтан өтеді.

311. Құбырларды гидравликалық сынау барлық дәнекерлеу жұмыстарын, термо өңдеуді аяқтағаннан кейін және тіректер мен аспаларды орнатқаннан және нақты бекіткеннен кейін жүргізіледі. Бұл ретте орындалған жұмыстың сапасын растайтын құжаттар ұсынылады.

312. Құбырларды гидравликалық сынау осы Талаптың 4-тарауында баяндалған талаптарға сәйкес жүргізіледі, сынама қысымның шамасы осы Талапқа сәйкес қабылданады.

313. Құбырдың ажырамас бөлігі болып табылатын ыдыстар құбырлардағыдай бірдей қысыммен сыналады.

314. 3 м жоғары биіктікте орналасқан құбырларды гидравликалық сынау үшін құбырларды қауіпсіз тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін төсеме тақталар немесе басқа да бұйымдар орнатылады.

315. Құбырдың қолданыстағы магистралмен қосатын дәнекерлеу жапсарының сапасын бақылау кезінде гидравликалық сынақты дәнекерлеу қосқышын екі бақылау түрімен радиациялық және УДБ ауыстыруға болады.

316. Қорек құбырларын ішкі жағынан тексеру техникалық қызмет көрсету кезінде бу қазандықтарының қорек құбырларын тексеруге сәйкес жүргізіледі.

317. Құбырды техникалық куәландыру кезінде құбырдың жарамды жай-күйі мен оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлғаның қатысуы міндетті.

318. Техникалық куәландыру нәтижелері мен рұқсат етілген қысым мен кезекті куәландыру мерзімін көрсетілген құбырларды пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыны куәландыруды жүргізген тұлға құбырдың паспортына жазады.

319. Егер құбырды куәландыру кезінде оның авариялық күйде екені анықталса немесе оның төзімділігіне күмән келтіретін ақаулары болса, онда құбырды одан әрі пайдалануға болмайды, ал паспортта тиісті дәлелді жазба жүргізіледі.

2-параграф. Пайдалануға рұқсат
320. Құбырларды пайдалануға рұқсатты паспортқа олардың жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жауапты тұлға жазады және ауысым журналында жазбамен ресімделеді.

321. Әрбір құбырда құбырдың ұштарында және ортасында кемінде үш көрсеткіш тақтайша орнатылады. Егер бір құбыр бірнеше орынжайға орнатылса, көрсеткіш тақтайша әр орынжайдағы құбырға орнатылады.

322. Форматы 400х300 мм көрсеткіш тақтайшаларға мынадай деректер жазылады:

1) рұқсат етілген қысым;

2) ортаның температурасы;

3) келесі сыртқы бақылау мен ішкі бақылаудың (қорек құбырлары үшін) датасы (айы және жылы).



6-тарау. Қауіпсіз пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыру

1-параграф. Қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру
323. Иегер:

1) білімдердің тексеруден өткен инженерлік-техникалық қызметкерлер құрамы қатарынан қазандықтардың жарамды күйі мен қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жауапты тұлға тағайындалады;

2) құбырларға қызмет көрсету құқығын беретін куәлігі бар және оқудан өткен қызмет көрсетуші персоналдан қажетті тұлғалар саны тағайындалады;

3) технологиялық регламентті әзірлейді және бекітеді.

4) арматураның, бақылау-өлшеу аспаптарының және сақтандыру құрылғыларының жарамдылығын, байқау тексеру арқылы жабдықты бақылауды қамтамасыз етеді; байқау және тексеру нәтижелерін жазу үшін ауысым журналы жүргізіледі;

5) 3 сәуір 2002 жылғы Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы Заңға сәйкес басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлердің ережелерді, технологиялық регламентті білуін тексеру тәртібін мен мерзімділігін белгілейді және қамтамасыз етеді;

6) инженерлік-техникалық қызметкерлердің ережелерді, ал қызмет көрсетуші персоналдың технологиялық регламентті орындауын қамтамасыз етеді;

7) мерзім сайын жылына кемінде бір рет құбырларды тексереді.



2-параграф. Өндірістік бақылау
324. Құбыр иегері қалдық өзгерістердің өсуін жүйелі түрде бақылауды орнатады. Бұл талап 450ºС және одан астам бу температурасында жұмыс істейтін көміртекті және молибден болаттан жасалған, 500ºС және одан астам бу температурасында жұмыс істейтін хром-молибден және хром-молибден-ванадий болаттардан жасалған және 550ºС және одан астам бу температурасында жұмыс істейтін жоғары қоспалы жылуға тұрақты болаттардан жасалған бу өткізгіштерге жатады.

325. Манометрлер мен сақтандыру клапандарының жұмысқа жарамдылығын тексеру мынадай мерзімде жүргізіледі:

1) жұмыс қысымы 1,4 МПа (14 кгс/см2) дейін қоса алғанда құбырлар үшін-ауысымына кемінде бір рет;

2) жұмыс қысымы 1,4 МПа (14 кгс/см2) астам және 4,0 МПа (40 кгс/см2) дейін қоса алғанда құбырлар үшін-тәулігіне бір реттен кем емес.

Тексеріс нәтижелері туралды ауысым журналына жазба жазылады.

326. Құбырды пайдалану барысында қызмет көрсетуші тұлға манометрдің жарамдылығын үш жүрісті кранның немесе оны ауыстырушы тиек вентилдерінің көмегімен манометр тілшесін нөлге орнату арқылы жүргізеді.

327. Манометрлер 12 айда бір реттен кешіктірілмей тексеріледі, олардың әрқайсысына таңба немесе пломба орнатылады.

328. Көрсетілген тексерістен басқа иегер алты айда бір реттен кешіктірмей нәтижелерін манометрлерді бақылап тексеру журналына жаза отырып, жұмыс манометрлерін қосымша тексеруді жүргізеді.

329. Бақылау манометрі болмаған жағдайда қолданылатын манометрмен бірдей шкаласы және дәлдік класы бар жұмыс манометрімен қосымша тексеруге болады.

330. Манометрлерді мынадай:

1) манометрде тексеріс жүргізілгені туралы пломба немесе таңба болмаған;

2) манометрді тексеру мерзімі өткен;

3) манометрдің тілшесі оны ажыратқан кезде осы манометр үшін шекті қателіктің жартысынан артық шамаға шкаланың нөлдік белгісіне қайта қозғалмаған;

4) шынысы сынған немесе манометрдің дұрыс көрсетуіне кедергі келтіретін өзге де ақаулар болған жағдайда пайдалануға болмайды.

331. Сақтандыру клапандарының жарамдылығын мәжбүрлі түрде оларды қысқа мерзімге тоқтату арқылы тексеріледі.

3-параграф. Жөндеуді ұйымдастыру
332. Құбыр иесі құбырды бекітілген жөндеу кестесі бойынша дер кезінде жөндеуді қамтамасыз етеді. Жөндеу жұмысты орындауды бастағанға дейін технологиялық регламент бойынша орындалады.

333. Құбырларды жөндеу рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.

334. Ұйымда жөндеу журналы жүргізіледі, онда құбырлардың жарамды жай-күйі мен оларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жауапты тұлғаның қолын қоюымен кезектен тыс техникалық куәландыруды болдырмайтын орындалған жөндеу жұмыстары туралы мәліметтер жазылады.

335. Кезектен тыс құбырларды куәландыру қажеттілігін болдыратын жөндеу жұмыстары туралы, жөндеу кезінде қолданылған материалдар туралы мәліметтер, дәнекерлеу сапасы туралы мәліметтер құбырдың паспортына жазылады.

336. Құбырда жөндеу жұмыстарын бастағанға дейін ол басқа құбырлардан тығындармен бөлінеді немесе ажыратылады.

337. Құбырларды ажырату кезінде қолданылатын тығындар мен фланецтердің қалыңдығы төзімділікке арналған есеппен анықталады.

338. Тығынның оның бар-жоғын анықтайтын шығыңқы бөлігі (ұшы) болады.

339. Фланецтер мен тығын арасындағы төсемдердің ұштары болмайды.



4-параграф. Құбырлардағы бояу мен жазулар
340. Бояу, шартты белгілер, әріптердің өлшемдері мен жазулардың орналасу орны МСТ 14202 сәйкес болады.

341. Құбырларға мынадай мазмұндағы жазулар жазылады:

1) магистраль желілерінде-магистраль желісі (рим цифрімен) және жұмыс ортасы қозғалысының бағытын көрсететін тілше. Егер көрсетілген режимде оны екі жағына қозғау мүмкін болмаған жағдайда екі жаққа бағытталған екі тілше беріледі;

2) магистралға жақын тармақтарда-магистраль нөмірі (рим цифрімен), агрегат нөмірі (араб цифрімен) және жұмыс ортасы қозғалысының бағытын көрсететін тілше;

3) магистралдардан агрегаттарға жақын тармақтарда-магистраль нөмірі (рим цифрімен) және жұмыс ортасы қозғалысының бағытын көрсететін тілше.

342. Бір құбырдағы жазулар саны нөмірленбейді. Вентилдерді, ысырмаларды және басқаларын басқару орнынан көрінетін жазулар жазылады. Құбырлардың шығу және басқа орынжайға өту жолдарында жазулар жазылады.

343. Құбыр оқшаулағышының қабатын металл қаптамамен (алюминий қаңылтырлармен, мырышталған темірмен және басқа тоттануға тұрақты металдармен) жабу кезінде қаптама бояуын тұтас ұзындығы бойымен жүргізбеуге болады. Мұндай жағдайда тасымалданатын ортаға байланысты тиісті шартты белгілер қойылады.

344. Вентилдерге, ысырмаларға және оларға берілетін жетектерге мынадай мазмұндағы жазулар жазылады:

1) пайдалану сызбаларына және нұсқауларына сәйкес тиек немесе реттеу органының нөмірі немесе шартты белгісі;

2) жабу жағына (3) және ашу (0) жағына айналдыру бағытының көрсеткіштері.

345. Арматура мен жетектерде жазулар мынадай орындарда жазылады:

1) штурвалды вентиль (ысырма) корпусына жақын орналастыру кезінде-корпуста немесе вентиль (ысырма) оқшаулағышында немесе бекілген көрсеткіш тақтайшасында;

2) штурвалдың көмегімен қашықтықтан басқару кезінде-бағанда немесе штурвалдың кронштейнінде;

3) шынжырдың көмегімен қашықтықтан басқару кезінде-шынжырлы шығырдың кронштейнімен берік қосылған және басқару алаңынан анық көрінуін қамтамасыз ететін күйде бекітілген тақтайшада;

4) алмалы-салмалы штурвалдың көмегімен қызмет көрсету алаңы еденінің астынан вентилдер мен ысырмаларды қашықтықтан басқару кезінде (біліктің ұшы еденге орнатылып, қақпақпен жабылған)-ішкі және сыртқы жағынан қақпақта;

5) электр жетектің көмегімен қашықтықтан басқару кезінде-іске қосқышта;

6) 5, 4, 3, 2 тармақшаларда қарастырылған жазулардан басқа қашықтықтан басқару кезінде басқарылатын арматураның тегершіктеріне жазылады.

Қабылданған қысқарулар
ЖҚҚ-жоғары қысымды қыздырғыш;

ҒТҚ-ғылыми-техникалық құжаттама;

УДБ-ультрадыбыстық бақылау;

ТШ-техникалық шарттар;

ИСҚ-импульсті-сақтандыру құрылғысы;

РСҚ-редукциялық-салқындату құрылғысы;

ӨТҚ-өндірістік-техникалық құжаттама.

_________________

Бу және ыстық су құбырларын

орнату және қауіпсіз пайдалану

жөніндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

1-қосымша

Құбырлардың санаттары мен топтары




Құбырлардың санаты

Тобы

Ортаның жұмыс өлшемдері







температура, С

қысым, МПа (кгс/см2)

I

1

560 жоғары

шектелмеген




2

520 жоғары 560 дейін

-//-




3

450 бастап 520 дейін

-//-




4

450 дейін

8,0 (80) астам

II

1

350 жоғары 450 дейін

8,0 (80) дейін




2

350 дейін

4,0 (40) астам 8,0 (80) дейін

III

1

250 жоғары 350 дейін

4,0 (40) дейін




2

250 дейін

1,6 (16) астам 4,0 (40) дейін

IV




115 жоғары 250 дейін

0,07 (0,7) астам 1,6 (16) дейін

Ескертпе. Егер ортаның температурасы әр санатта болса, онда құбырды орта өлшемінің ең жоғарғы мәніне сәйкес санатқа жатқызған жөн (сызбаны қара).



Бу және ыстық су құбырларын

орнату және қауіпсіз пайдалану

жөніндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

2-қосымша

Құбыр паспортының нысаны
1-бет
Құбыр паспорты

Тіркеу № ______

2-бет
Құбыр иегерінің атауы мен мекенжайы __________________________

Құбырдың мақсаты ___________________________________________

Жұмыс ортасы ________________________________________________

Ортаның жұмыс өлшемдері: ______________________________________

қысым, МПа (кгс/см2) ___________________________________________

температура, С________________________________________________

Есептік қызмет мерзімі, жыл * __________________________________

Есептік ресурс, сағ * ___________________________________________

Есептік іске қосу саны * (I және II санатты құбырлар үшін)

____________________________________________________________

Тіркеу кезінде ұсынылатын құбырларды дайындауға және монтаждауға сызбалардың, кескіндердің, куәліктер мен басқа да құжаттардың тізбесі ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

*Жобалау ұйымының деректері бойынша толтырылады


3-бет
Құбырдың жарамды жай-күйі мен оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жауапты тұлға


Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен датасы

Лауазымы, аты-жөні

Талапты білуін тексеру датасы

Жөндеуді өткізушінің қолы













4-12-беттер

Құбырды жөндеу және қайта құрастыру туралы жазба


Жазба датасы

Құбырды жөндеу және өткізу кезінде жүргізілетін жұмыстар тізбесі

Жауапты тұлғаның қолы










13-25-беттер


Құбырларды куәландыру нәтижелерінің жазбалары


Куәландыру датасы

Куәландыру нәтижелері

Кезекті куәландыру мерзімі










26-бет
М. О.


Ұйымның техникалық

басшысының

(құбыр иесінің)

қолы


«____»________ 20__ ж.

_________________

Бу және ыстық су құбырларын

орнату және қауіпсіз пайдалану

жөніндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

3-қосымша

Қысыммен жұмыс істейтін бу және ыстық су құбырларын дайындау үшін қолданылатын материалдар

1-кесте


Қаңылтыр болат


Болат маркасы

МСТ

Шекті өлшемдер

Міндетті механикалық сынақ1,2

Бақылау1













Иілгіштігіне

Микроқұрылым

Дефектоскопия3




Қаңылтырға

Болатқа

S, мм

р, МПа (кгс/см2)

t °С































В

Т





КС

КСА










Ст3псЗ











































Ст3спЗ











































Ст3псЗ











































Ст4сп3

МСТ 146374

МСТ 3805

12

1,6(16)

200

+

+

+

-

+

+

+

-

-

Ст3ГпсЗ











































Ст3пс4











































Ст3сп5











































СтЗГпс4











































10,20

МСТ 1577, МСТ 16253

МСТ 1050

12

4


1,6(16)

5(50)


300

300


+

+


+

-


+

-


-

-


+

-


+

-


+

+


-

+


-

+


20К

МСТ 5520

МСТ 5520

шектелмеген

шектелмеген

450

4-

+

+

+

+

+

+

+

+

22К

МСТ 5520

ТШ 108.1025

ТШ 24-3-15-870 ТШ 14-2-538


МСТ 5520

ТШ 108.1025-81

ТШ 24-3-15-870-75 ТШ 14-2-538-83


Дәл сондай

Дәл сондай

350

+

+

+

+

+

+

+

+

+

15ГС

ТШ 108-1268-84

ТШ 108-1268-84

-//-

-//-

450

+

+

+

+

+

+

+

+

+

17ГС, 17Г1С

МСТ 19281 МСТ 5520

МСТ 19281

50

-//-

350

+

+

+

+

+

+

+

+

+

14ХГС

МСТ 19281

МСТ 19281

25

-//-

350

+

+

+

+

+

+

+

+

+

16ГС, 09Г2С, 10Г2С1

МСТ 19281 МСТ 5520

МСТ 19281

шектелмеген

Шектел меген

350

+

+

+

+

+

+

+

+

+

12МХ

ТШ 14-1-642-73

МСТ 20072

Дәл сон

дай


Дәл сондай

530

+

+

+

+

+

-

+

+

+

12ХМ

МСТ 5520

МСТ 5520

-//-

-//-

540

+

+

+

+

+

-

+

+

+

10Х2М

МСТ 5520

МСТ 5520

-//-

-//-

570

+

+

+

+

+

-

+

+

+

12Х1МФ

МСТ 5520

ТШ 14-1-1584-75



МСТ 5520

МСТ 20072



-//-

-//-

570

+

+

+

+

+

-

+

+

+

15Х1 М 1Ф

ТШ 24-3-15-163 -71

ТШ 108-11-348-78



ТШ 24-3-15-163-71

ТШ 108-11-348-78



-//-

-//-

575

+

+

+

+

+

-

+

+

+

08Х18Н

10Т 12Х18Н

9Т 12Х18Н

10Т


МСТ 7350

МСТ 5632

-//-

-//-

600

+

+

+

+

+

-

+

+

+

Ескертпе: * Қаңылтырдан дайындалған бу және су құбырларының үлгі бөлшектер, арматура.



1Қаңылтырдың нормаланатын көрсеткіштері мен бақылау көлемі МСТ көрсетілгенге сәйкес болады. Сапа санаты мен МСТ көзделген қосымша сынақ түрлерін құрылымдық ұйым таңдап алады. Кестеде қарастырылған (+ таңбасымен белгіленген), бірақ МСТ жоқ талаптар оларды қайта қарау кезінде МСТ-қа енгізіледі.

2Созылуына сынау кезінде механикалық қасиеттерді бақылау 96 және 106-107-тармақтарға сәйкес, соққы тұтқырлығына сынау кезінде 97-105-тармақтарға сәйкес жүргізіледі.

3УДБ-ға қалыңдығы 60 мм қаңылтырлар, сондай-ақ І және ІІ санатты құбырларға арналған қалыңдығы 20 мм қаңылтырлар алынады.

4Тегіс фланецтер үшін 2,5 МПа (2,5 кгс/см2) дейін қысымда және 300°С дейін температурада ВСт3сп3-, І және ІІ санатты болаттан жасалған, 1,6 МПа (16 кгс/см2) дейін қысымда және 200С дейін температурада ВСт3пс, ВСт3кп, ВСт2кп, ВСт2кп, ІІ және ІІІ санатты болаттан жасалған қаңылтырды қолдануға болады.


2-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет