Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі255.5 Kb.
#11650
  1   2   3   4


Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің
2013 жылғы « » _____________
№ _____ қаулысымен

бекітілген



«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге өткізген сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш білдірген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын өткізу үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта ресімдеу.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан – әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіліп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

Көрсетілген қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

порталға:

1) көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он күн ішінде мыналарды:

көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

порталға: көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынуы қажет.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар, жарғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

арыз жазбаша түрде Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

Арыздың қабылдаудың растауы арызды қабылдап алған адамның тегін және аты-жөнін, берілген арызға жауап алатын мерзім мен орнын көрсете отырып, оның Министрлік, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі, күні) болып табылады. Тіркеуден кейін арыз жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға арызбен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.minfin.gov.kz;

2) порталда: www.e.gov.kz орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігіне ие болады.

14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.


_________________________

«Кәсіби аудиторлық ұйымды


аккредиттеу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

Өтiнiш
(кәсіби ұйымның толық атауы, БСН)


_______________________ кәсіби аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн

_________________________ аккредиттеудi (қайта ресімдеуді) сұраймын.

Орналасқан жерi: ___________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Кәсiби ұйымның


басшысы        _____________ __________________
(қолы)             (Т.А.Ә.)
М.О.                            _______________________
                                (күні)

_____________________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін

20___ж. «___» __________________________________

«Кәсіби аудиторлық ұйымды

аккредиттеу туралы куәлікті беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

Мәліметтер нысаны
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
тізбесі

Мүшелер ___________________________________________________________


             (аудиторлардың кәсіби ұйымының атауы көрсетіледі, БСН)

                                                        № 1 кесте



Р/с №

ЖСН

Ауди-
тордың
Т.А.Ә.

Тұрғылықты
жерінің
мекен
жайы,
теле-
фоны

Білік-
тілік
куә-
лігінің
нөмірі
мен
беріл-
ген
күні 

Кәсіби
ұйымға
өту күні

Аудитор-
лардың
кәсіби
ұйымына
мүшелігін растайтын құжаттың
немесе мүшелік
билетінің
нөмірі



Жұмыс орны
(аудиторлық
ұйымның
атауы)

1

2

3

4

5

6

7

8

















































                                    
                     № 2 кесте


Р/с



БСН

Ауди-
торлық
ұйым-
ның
атауы

Заңды
мекен
жайы, мем.
тіркеу
туралы
куә-
ліктің
нөмірі
мен
күні

Ауди-
торлық
қызмет-
ке ар-
налған
лицен-
зия
нөмірі
және
оның
беріл-
ген
күні

Аудитор-
лардың
кәсіби
ұйымына
өту күні

Аудитор-
лардың
кәсіби
ұйымына
мүшелігін растайтын құжаттың
немесе мүшелік
билетінің
нөмірі

Басшының
Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

7

8


















































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет