Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет130/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында еншілес ұйымдарға 
қарыздар есебінен 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы 
№ 124 шот-фактура мен жүкқұжаттарына сәйкес, 2700000 теңге 


214
сомада материалдар сатып алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1310 — 3320 = 2700000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында бағынышты ұйымдарға қарыздар есебінен 
2005 жылы мамыр айының 31 жұлдызындағы № 2 келісімі мен 6 
маусымдағы № 1339 төлем тапсырмасына сәйкес, 2000000 теңге 
сомада банктің қарыздары жабылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
3010 — 3340 = 2000000 2 типті операция
П (-) П (+) 
3) кәсіпорында бірлесіп бақыланатын ұйымдарға қарыздар 
есебінен 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы № 699 төлем 
тапсырмасына сәйкес, 1800000 теңге сомада жеткізіп берушілердің 
шоттары төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 3330 = 1800000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) Қысқа мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер 
№3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» пассивті шоттарында 
бейнеленеді. Активтер кредиторлардан алынатындықтан, шаруашы-
лық операция № 3510 шоттардың кредитінен № 1010, 1040 шоттардың 
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 3510 Келісімдер, төлем тапсырмалары 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 


215
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. 
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан 
бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық 
қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды 
жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы 
№ 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге 
сомада қысқа мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3510 = 2000000 3 типті операция 
А (+) П (+)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет