228
Дт Кт
Сома Ескерту
1310 — 4120 = 2700000 3
типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында бағынышты ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыздар
есебінен 2005 жылы мамыр айының 31 жұлдызындағы № 2 келісімі
мен 6 маусымдағы № 1339 төлем тапсырмасына сәйкес, 2000000
теңге
сомада банктің ұзақ мерзімді қарыздары жабылды. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4010 — 4140 = 2000000 2 типті операция
П (-) П (+)
3) кәсіпорында бірлесіп бақыланатын ұйымдарға ұзақ мерзімді
қарыздар есебінен 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы
№699 төлем тапсырмасына сәйкес, 1800000 теңге сомада жеткізіп
берушілердің шоттары төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 4130 = 1800000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) Ұзақ мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер № 4410
«Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарында бейнеленеді.
Активтер кредиторлардан алынатындықтан, шаруашылық операция
№ 4410 шоттардың кредитінен № 1010, 1040 шоттардың дебетіне
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 4410 Келісімдер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда
баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
229
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды
жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы
№ 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге
сомада ұзақ мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 4410 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
г) Жеткізушілерге болған ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз-
дардан. Бұл операциялар № 3310 «Жеткізушілерге ұзақ мерзімді
кредиторлық берешек» пассивті шотының кредиті бойынша
бейнеленеді. Активтер жеткізіп
берушілерден келетіндіктен,
шаруашылық операция № 3310 шоттың кредитінен № 1310—
1315, 1317, 1330, 1420, 7210, 8010 шоттардың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315 Келісімдер, шот-фактуралар,
1317, 1330 3310 жүкқұжаттар
1420
7210, 8010
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті»
операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп
берушілер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: