243
Бұл операциялар № 5310, 5330, 5340 «Резервтік капитал»
пассивті
шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Дивидендтер немесе
басқа сыйақылар төленетіндіктен, шаруашылық операцияның жазуы
№ 5310, 5330, 5340 шоттардың дебетіне № 3030 «Қатысушылардың
дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шоттарының кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
5310, 5330, 5340 — 3030
Жалпы жиналыстың
хаттамалары, төлем
есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы кемиді,
ал екінші жағынан бір мезгілде
сол сомаға оның дивидендтер
мен басқа сыйақыларды төлеу бойынша кредиторлық қарыздары
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз:
кәсіпорында өткен жыл жұмысының нәтиже-
лері бойынша 2007 жылы қаңтар айының 12 жұлдызындағы
жалпы жиналыстың № 1 хаттамасына сәйкес, 850000 теңге сомада
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер есептелді. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5340 — 3030 = 850000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) Есепті жыл немесе бұрынғы жылдардың залалдарын жабу
үшін пайдаланудан. Бұл операциялар № 5310, 5330, 5340 «Резервтік
капитал» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.
Есепті жыл немесе бұрынғы
жылдардың залалдарын жабуы
жүргізілетіндіктен, шаруашылық операцияның жазуы № 5310, 5330,
5340 шоттардың дебетіне № 5430 шоттардың кредитінен жасалады.
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
5310, 5330, 5340 — 5430 Жалпы жиналыстың
244
хаттамалары,
төлем есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы кемиді,
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның бөлінбеген табысы
көбейеді (залалы жабылады). Бұл
жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында былтырғы жылы жұмыстың
нәтижелері бойынша 2007 жылы сәуір айының 10 жұлдызындағы
жалпы жиналысының №6 хаттамасына сәйкес, 350000 теңге сомада
есепті жылдың залалы резервтік капиталдың есебінен жабылды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5340 — 5430 = 350000 2 типті операция
П (-) П (+)
Сонымен, біз 5 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опе-
рациялар құрудың мүмкін болған үлгілерін қарап, талдадық.
Ескерту: № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» және
5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» бөлімшелерінің шоттарын
толығырақ қарау және талдау үшін осы оқу құралында жеке бөлім
қарастырылған.