Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет102/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылы шілде айының 
30 жұлдызындағы № 16а реестрі мен сол жылы осы айдың 6 
жұлдызындағы № 1039 төлем тапсырмасына сәйкес, 3600000 теңге 
сомада номиналдық құн бойынша акциялар сатып алынды. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1150 — 1040 = 3600000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) кәсіпорында 2005 жылы қыркүйек айының 12 жұлдызындағы 
көлік құралын бағалау және № 6 қабылдау-өткізу актісіне сәйкес, 
1700000 теңге сомаға номиналды құн бойынша акциялар сатып 


167
алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
11150 — 2412 = 1700000 1 типті операция
А (+) А (-)
3) кәсіпорында 2005 жылы қараша айының 16 жұлдызындағы 
құрылыс материалдарын бағалау және № 19 қабылдау-өткізу актісіне 
сәйкес, 2900000 теңге сомаға номиналды құн бойынша акциялар 
сатып алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1150 — 1317 = 2900000 1 типті операция
А (+) А (-)
д) Қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан. Бұл есептер 
№ 1110, 1150 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар» активті 
шоттарында бейнеленеді. Активтер бағалы қағаздарды қайта бағалау 
нәтижесінде пайда болатындықтан, шаруашылық операциялардың 
жазылуы № 1110, 1150 шоттардың дебетіне № 5320 шоттың кре-
дитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1110, 1150 — 5320 Бағалы қағаздарды қайта
бағалаудың есебі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 5320) баланстың активі 
мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан кәсіпорынның активтері, екінші жағынан сол 
сомаға қайта бағалаудың көлемі көбейеді. Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет