209
жағдай.
Аталған шаруашылық операциялар № 2710—2730 «Материалдық
емес активтер», 2412—2417 «Негізгі құралдар» шоттарының креди-
тінен бейнеленеді. Екі жағдайда да тозу
мен амортизация негізгі
құралдар және материалдық емес активтердің құнынан шығыс
етілетіндіктен (шегерілетіндіктен), олар № 2710—2730, 2412, 2417
шоттардың кредитімен байланысады. Проводка төмендегіше бо-
лады:
Дт Кт
Құжаттар
2720—2740 2710—2730 Есептер, активтерді өткізу
2421—2429 2412—2417 немесе шығыс ету актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз:
дебеттік жағында активті
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде кему
жағына өзгерістер болатын 4 типті «Пассивті-активті» операция
орын алады.
Бір жағынан тозу мен амортизация кемиді (жабылады), ал екінші
жағынан бір мезгілде кәсіпорын активтерінің құны кемиді (шығыс
етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында патенттер қалдық құны
бойынша өткізіледі. Сол кезде олардың баланстық құны 158000
теңгені құраған, ал олар бойынша есептелген амортизация 36000
теңгеге тең болған. Осыған сәйкес 2005 жылы тамыз айының 26
жұлдызындағы № 128 шот-фактура 122000 теңге сомада жазылды
(158000—36000).
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2720 — 2712 = 36000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) комиссия қорытындысы актісінің нәтижелері бойынша қалдық
құны бойынша тозған жабдық жойылды. Ол кәсіпорында 10 жылдан
артық уақыт қызмет етті. Кәсіпорынның балансына 380000
теңге
сомада қабылданған, ал ол бойынша жиынтық тозу 365000 теңгеге
тең.
210
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2423 — 2413 = 365000 4 типті операция
П (-) А (-)
Сонымен, біз 2 бөлімнің
шоттары бойынша шаруашылық
операциялар құрудың мүмкін болған үлгілерін қарап шықтық.
Достарыңызбен бөлісу: