214
сомада материалдар сатып алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт
Сома Ескерту
1310 — 3320 = 2700000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында бағынышты ұйымдарға қарыздар есебінен
2005 жылы мамыр айының 31 жұлдызындағы № 2 келісімі мен 6
маусымдағы № 1339 төлем тапсырмасына сәйкес, 2000000 теңге
сомада банктің қарыздары жабылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3010 — 3340 = 2000000 2 типті операция
П (-) П (+)
3) кәсіпорында бірлесіп бақыланатын
ұйымдарға қарыздар
есебінен 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы № 699 төлем
тапсырмасына сәйкес, 1800000 теңге сомада жеткізіп берушілердің
шоттары төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 3330 = 1800000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) Қысқа мерзімді аванстар алудан.
Олар бойынша есептер
№3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» пассивті шоттарында
бейнеленеді. Активтер кредиторлардан алынатындықтан, шаруашы-
лық операция № 3510 шоттардың кредитінен № 1010, 1040 шоттардың
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 3510 Келісімдер,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
215
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары,
екінші жағынан
бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды
жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы
№ 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге
сомада қысқа мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3510 = 2000000 3
типті операция
А (+) П (+)
Достарыңызбен бөлісу: