Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет134/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын 2005 жылы тамыз айының 
16 жұлдызындағы № 951 төлем тапсырмасына сәйкес, 2600000 
теңге сомаға құрылыс материалдары үшін үшін жеткізіп берушінің


223
шоттарын төледі. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше 
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1040 = 2600000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) кәсіпорын алынған құрылыс материалдары үшін 2005 жылы 
мамыр айының 17 жұлдызындағы № 2 салыстыру актісі мен шот-
фактураға сәйкес 1500000 теңге сомаға айырбастау (бартер) жасады. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1210 = 1500000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) кәсіпорын бұрын алынған қысқа мерзімді аванстар есебінен 
2005 жылы шілде айының 23 жұлдызындағы № 11 салыстыру 
актісіне сәйкес, 170000 теңге сомада мақтаны суаруға пайдаланған 
су үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1610 = 170000 4 типті операция
П (-) А (-)
4) кәсіпорын банкіден алынған қысқа мерзімді қарыздар есебінен 
2005 жылы қазан айының 23 жұлдызындағы банктің келісімі мен 
№ 18 төлем тапсырмасына сәйкес, 3700000 теңге сомада жеткізіп 
берушіден алынған табақ металл үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 3010 = 3700000 2 типті операция
П (-) П (+)
д) Басқа кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар
33 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бөлімшесі шоттарының 


224
дебеті бойынша бейнеленеді. Басқа кредиторлық қарыздар жабы-
латындықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040, 1250, 3120 
шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады. 
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3350, 3380, 1040, 1250 Еңбекақы, сыйақылар мен 
3220, 3390 1010, 3120 МСИ-ның декларацияларын 
есептеу бойынша есептер,
төлем құжаттары 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1010, 1040) 
орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті 
«Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның 
дебиторлық қарыздары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір 
мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары кемиді. 
Пассивті шот (№ 3120) орналасқан кезде баланстың пассивінде 
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция 
орын алады. Бір жағынан кәсіпорын кредиторлық қарыздарының 
көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның 
салықтар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай 
жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет