Бухгалтерлік есеп


IV. БӨЛІМ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет136/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

IV. БӨЛІМ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Бұл бөлімнің пассивті және 5 (№ 40, 41, 42, 43, 44) бөлімшелерден 
тұратындығы кестеден көрініп тұр. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 
пассив болып табылады, өйткені олар ұзақ мерзімді инвестициялар, 
материалдық емес активтер, негізгі құралдардың есептелуі және 
басқа ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздардың келіп шығу көздерін 
бейнелейді. 
Олардың келіп шығуын (есептелуін) қараймыз.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің келіп шығуы (есептелуі)
Аталмыш жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз 
кредиторлық берешектердің қандай элементтерден пайда болуына 
назар аударуымыз керек.
а) Ұзақ мерзімді қарыздар (несиелер) алудан. Бұл операциялар
№ 4010—4020 «Банктік ұзақ мерзімді қарыздар» пассивті шотта-
рының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер несие берушілерден 
келгендіктен, шаруашылық операцияның жазуы № 1010, 1040 
шоттардың дебетіне № 4010—4020 шоттардың кредитінен жасалады. 
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 4010—4020 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем
тапсырмалары 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. 
Бір жағынан кәсіпорын ақша қаражаттары, екінші жағынан бір 
мезгілде сол сомаға оның несие берушіге кредиторлық қарыздары 
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын банктен 2005 жылы тамыз айының 
28 жұлдызындағы № 1326 төлем тапсырмасы мен банктің келісім 
шарттарына сәйкес, 3000000 теңге сомада ұзақ мерзімді қарыз 
(несие) алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік төмендегіше болады: 


227
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 4010 = 3000000 3 типті операция 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет