Бухгалтерлік есеп


Қосарлы жазудың бақылаудағы маңызы



Pdf көрінісі
бет16/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

8. Қосарлы жазудың бақылаудағы маңызы
Есептің барлық объектілері екі көзқарастан: бір жағы шаруа-
шылық құралдар, екінші жағы олардың қалыптасу көздері ретінде 
қаралады. Бұл қатынас баланста өз көрінісін табады. Қосарлы жазу есепті 
жүргізу дұрыстығының үстінен бақылаудың жетік жүйесін құруға 
мүмкіндік береді. Сол бақылау жүргізуді төмендегі мысалдан көрейік.
20__ жылдың қаңтар айындағы шаруашылық 
операцияларының журналы 

Операциялардың 
мазмұны
Сома-
сы
Байланысатын шоттар
Дебет
Кредит
1.
Шаруашылық мұқ-
таждықтарға есеп 
айырысу шотынан 
кассаға ақша алынды
1000
1010 «Кассадағы 
теңгемен ақша 
қаражаттары»
1040 «Ағымдағы 
банктік шоттардағы 
ақша қаражаттары»
2.
Еңбекақыдан жеке 
табыс салығы 
ұсталды (есептелді)
3000
3350 «Еңбекақы 
төлеу бойынша 
қысқа мерзімді 
берешек»
3120 «Жеке табыс 
салығы»
3.
Жеткізушілерден 
материалдар келіп 
түсті, бірақ төлемдер 
жасалған жоқ
30000
1310 Шикізат пен 
материалдар»
3310 Жеткізушілер-
ге қысқа мерзімді 
кредиторлық 
берешек»
4.
Бюджетке есеп 
айырысу шотынан 
жеке табыс салығы 
төленді
4000
3120 «Жеке 
табыс салығы»
1040 «Ағымдағы 
банктік шоттардағы 
ақша қаражаттары»
ЖИЫНТЫҒЫ: 
38000
Кіріспе бухгалтерлік баланстың мәліметтерін пайдаланып, шот-
тарда сол операцияларды жазамыз.


29
1310 «Шикізат пен
1040 «Ағымдағы банктік 1010 «Кассадағы
материалдар» шоттардағы ақша теңгемен ақша
қаражаттары» қаражаттары»
Дт
Кт
Дт
Кт
Дт
Кт
С. 20000
С. 80000
С. 1000
3) 30000
1) 1000
1) 1000
Айн. 30000 Айн. -
4) 4000
Айн. 1000
Айн. -
С. 50000
Айн. -
Айн. 5000
С. 2000
С. 75000
501 «Жарияланған капитал»
3120 «Жеке табыс салығы»
Дт Кт
Дт Кт
С. 50000
С. 1000
4) 4000
2) 3000
Айн. -
Айн. -
Айн. 4000
Айн. 3000
С. 50000
С. 0
3310 «Жеткізушілерге
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша
кредиторлық берешек»
кредиторлық берешек»
Дт Кт
Дт Кт
С. 20000
С. 30000
3) 30000
2) 3000
Айн. -
Айн. 30000
Айн. 3000
Айн. -
С. 50000
С. 27000
Айналымдарды есептеп, соңғы қалдықтарды есептеп шығарамыз.
Балансты құрастыруға кірісуден алдын, айналым ведомосын 
құрып, шоттардағы жазулардың дұрыстығын бақылау қажет.
20_ жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша
айналым ведомосы
(теңге)
Шифр
Шоттардың 
аталуы
1.01.20… ж. 
сальдосы
Қаңтар 
айындағы 
айналымдар
1.02.20… ж. 
сальдосы
Дебет Кредит Дебет Кредит Дебет Кредит
1
2
3
4
5
6
7
8
1310 Шикізат пен 
материалдар
20000

30000 —
50000 —


30
1
2
3
4
5
6
7
8
1040
Ағымдағы банктік 
шоттардағы ақша 
қаражаттары
80000


5000
75000

1010
Кассадағы теңгемен 
ақша қаражаттары
1000

1000

2000

5010
Жарияланған 
капитал

50000



50000
3120
Жеке табыс салығы —
1000
4000
3000


3310
Жеткізушілерге 
қысқа мерзімді 
кредиторлық 
берешек

20000

30000

50000
3350
Еңбекақы төлеу 
бойынша қысқа 
мерзімді берешек

30000
3000


27000
ЖИЫНТЫҒЫ:
101000 101000
38000
38000
127000 127000
Айналым ведомостың жиынтықтары екі-екіден тең болуы тиіс.
Айдың басына қалдықтардың жиынтықтары дебет пен кре-
дит бойынша тең болады, өйткені шоттарды ашу үшін активтің 
жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болған (101000 = 101000) ба-
лансты пайдаланамыз.
Біз әрбір соманы екі реттен, бір шоттың дебеті бойынша және 
басқа шоттың кредиті бойынша жазғандықтан (қосарлы жазу) 
(38000 = 38000), айдың ішіндегі айналымдардың жиынтықтары 
дебет пен кредит бойынша тең болады. Бұл сомалар шаруашылық 
операциялардың тіркеу журналының жиынтығымен сәйкес келуі 
тиіс. Егер мұндай сәйкестік болмаса, онда кей бір операция қалып 
кеткен немесе қате жіберілген болып шығады.
Айдың соңындағы қалдықтардың жиынтығы дебет пен кре-
дит бойынша тең болады, өйткені олар бастапқы сальдолар мен 
айналымдардың негізінде алынған. Енді бұл қалдықтар келесі жаңа 
баланс құрастыру үшін қолданылады. Біздің мысалда бұл төртінші 
операциядан кейінгі баланс.
Айналым ведомостары аналитикалық шоттар бойынша жазулар-
ды бақылау үшін толтырылады.


31
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Айналым ведомосы не үшін құрылады?
2. Айдың басындағы қалдықтардың дебет пен кредит бойынша 
жиынтықтары неге тең болуы тиіс?
3. Айдың ішіндегі айналымдардың дебет пен кредит бойынша 
жиынтықтары неге тең болуы тиіс?
4. Айналым ведомосындағы айналымдардың жиынтықтарын 
операцияларды тіркеу журналының жиынтығымен неге салыстыра-
мыз?
5. Айдың соңындағы қалдықтардың дебет пен кредит бойынша 
жиынтықтары неге тең болуы тиіс?
6. Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы мен 
баланстың арасында қандай байланыс бар?
9. Құжаттау
Өзінің жұмысы барысында бухгалтер әртүрлі құжаттармен іс 
жүргізеді. 
Құжат деген латын тілінде «куәлік» немесе «дәлел» деген 
мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепте әрбір шаруашылық 
операция құжатпен белгіленеді. Ол шаруашылық операцияның 
орындалғанын (фактісін) дәлелдейді, оның бухгалтерлік жазуын 
заңдастырады.
Кәсіпорынның бухгалтері құжаттардың мүлтіксіз сақталуына 
ерекше көңіл бөлуі қажет. Құжаттар арнайы папкілерге тігіліп және 
белгілі мерзім бойы сақталуы тиіс.
Құжат, бұл — бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін, 
жасалған шаруашылық операцияның жазбаша түрдегі дәлелі.
Құжаттардың құрамындағы бастапқы құжаттарды, есепті 
регистрлерді және есеп беруді (баланс және басқа үлгілер) ажыра-
тып отыру қажет.
Бухгалтерлік есептегі барлық жазулар бастапқы құжаттар 
негізінде жүргізіледі. Содан соң, олардың мәліметтері есеп 
регистрлеріне өткізіледі, сонда олар жүйеленеді, яғни бухгалтерлік 
шоттарда жазылады. Есепті кезеңнің соңында есеп регистрлерінің 
мәліметтері бойынша кәсіпорынның есептерін толтырады. 
Бастапқы құжаттар есеп ақпаратының қозғалысына баста-
ма береді, кәсіпорынның шаруашылық қызметін толық және 
үзіліссіз бейнелеу үшін қажетті мәліметтермен бухгалтерлік 


32
есепті қамтамасыз етеді. Есепке тек қана дұрыс жасалған, яғни 
барлық міндетті реквизиттері (көрсеткіштері) толтырылған құжат 
қабылданады. Сонда ғана бастапқы құжат өзінің заң жүзіндегі 
маңыздылығына ие болады.
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережесімен 
реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға үлгінің (форманың) көзі, 
жазылған күні, шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық 
операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері, шаруашылық 
операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін 
жауапты тұлғалар лауазымдарының аталуы, қолтаңбалар мен 
олардың түсіндірмелері жатады.
Бастапқы құжаттарда қажетті жағдайларда жоғарыда аталған-
дардан басқа да қосымша реквизиттер болуы мүмкін.
Бастапқы құжаттар операцияны орындау кезінде немесе оны 
аяқтаған соң бірден жасалады. Мысалы, өз уақытында алынбаған 
(депонирленген) еңбекақыны беру үшін шығыс кассалық ордер 
бухгалтер және еңбекақысын алатын тұлғамен барлық қажетті 
реквизиттерді толтырғаннан соң жазылады.
Құжатты жасап, қол қойған адамдар оны өз уақытында және са-
палы толтыру, мәліметтердің дұрыстығы және есепті регистрлерге 
жазу үшін белгіленген мерзімде беруге жауапты болады.
Кассалық және банктердің бастапқы құжаттарында (кіріс 
және шығыс кассалық ордерлерде, төлем тапсырмаларында, ақша 
чектерінде және т.б.) ешқандай түзетулерге жол берілмейді. Егер 
сондай бастапқы құжатта сіз қатеге орын берсеңіз, онда ол жойылып, 
жаңа құжат жасалуы тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін тол-
тыруда қателессеңіз, оны сызып тастап және оның жарамсыздығын 
белгілей отырып орнында қалдырыңыз. Сонан соң, келесі жаңа 
чекті толтырыңыз.
Басқа бастапқы құжаттарда түзетулер міндетті түрде ескертілу 
қажет. Яғни дұрыс жазылмаған мәтін немесе соманы мұқият, ал-
дын жазылғанды оқуға мүмкіндік болатындай етіп сызып тастау 
қажет. Жоғарыда дұрыс мәтін немесе соманы жазыңыз. Қатенің 
түзетілуі оның күнін белгілеуімен, құжатқа қол қойған тұлғалардың 
қолтаңбаларымен расталуы тиіс.
Бастапқы құжаттар есеп регистрлерімен бірге сақталады неме-
се жеке папкілерге тігіледі. Олардың сақталуын қамтамасыз ету 
үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне 
жүктеледі.


33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет