Бухгалтерлік есеп


Банкіге қолма-қол ақшаны өткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет31/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

22. Банкіге қолма-қол ақшаны өткізу тәртібі
Кассаға есеп айырысу шотынан алынған қолма-қол ақша қатаң 
мақсатты бағыттар (ақшалар алынған мақсаттар ақша чегінің теріс 
бетінде көрсетіліп қойылған) бойынша жұмсалу қажет. Ақшаның 
жұмсалмаған қалдығы кассаға тапсырылады. Алушылар тарапынан 
қолма-қол ақшамен төленген өнімнің өткізілуінен түскен ақшалар 
да есеп айырысу шотына өткізіледі.
Есеп айырысу шотына ақша салу шығыс кассалық ордерімен жа-
салады.
Банкте ақша өткізетін кассир қолма-қол ақша салу бойынша ха-
барландыруларды толтырады. «Хабарландыру» бланкісін банктің 
операторынан алу мүмкін. Ол үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлік 
банкіде қалады, ортадағы бөлік (квитанция) кассирге беріледі. 
Хабарландырудың төменгі бөлігі (ордер) де кассирге қайтарылады, 
бірақ банк тиісті операцияны өткізгеннен соң, банктің көшірмесімен 
бірге тігіледі.
Үш бөліктің әрбірінде қойылатындар: күні, кімнен ақша қабыл-
дағаны, алушы мен оның банкі, салымның тағайындалуы. Бірінші 
мен екінші бөліктердің жоғарыдағы оң бұрышында кәсіпорынның 
есеп айырысу шоты мен сомасы сандармен жазылады. Сол соманың 
өзі төмендегі тәртіпте сөзбен жазылады: жазуды ол үшін арналған 
орынның басына тиістіре бас әріппен бастау керек. Орынның қалған 
жерлерін көлденең сызықпен сызып қою қажет.
Үшінші бөлік сәл басқаша толтырылады. Ордерде алушы банктің 
коды мен кредит бойынша сомасын көрсету қажет (біздің есеп айы-
рысу шотымызда бұл сома дебет бойынша, ал банкіде — кредит 
бойынша өтеді).
 Қайталау үшін сұрақтар:
1. Толтырылған чектің теріс бетінде көрсетілмеген мақсаттарға 
қолма-қол ақшаны жұмсау мүмкін бе?
2. Еңбекақы төлеу үшін алынып, жұмсалмай қалған сома қай 
мерзімде банкіге өткізіледі?
3. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың бланкісін қайдан 
алуға болады?
4. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың бланкісі неше 
бөліктен тұрады?


56
5. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың қайсы бөлігі банкіде 
қалады?
6. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың қайсы бөлігі кассир-
ге беріледі?
7. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың қайсы бөлігі банк та-
рапынан банктің көшірмесімен бірге қайтарылады?
8. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың үш бөлігінің 
әрбірінде қандай міндетті реквизиттер қайталанады?
9. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың үшінші бөлігінің 
толтырылуының басқа екеуінен ерекшелігі неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет