Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет49/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Мердігерлік келісім шарт қандай жұмыстарға жасалады?
2. Оларға әлеуметтік салық есептеледі ме?
3. Мердігерлік келісім шарт бойынша төлемдер кезінде табыс 
салығы қандай мөлшерлеме бойынша есептеледі?
4. Мердігерлік келісім шарт бойынша жұмыс істейтін жұмыс-
шылар еңбекақыға шығыстардың нормаланған мөлшерін анықтау 
үшін тізім бойынша нақты орташа санның есебіне ене ме?


78
III бөлімше. ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ 
БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ ЕСЕБІ 
39. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы 
қорына жарналар есептеу (ЖЗҚ)
Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) 
әлеуметтік қамсыздандыру мақсатымен ұйымдастырылады, бірақ 
әлеуметтік қамсыздандыру қорынан ерекшелігі, ол мемлекеттік 
зейнетақылар төлеуге арналған.
Жинақтаушы зейнетақы қорына жарналардың мөлшері жыл 
сайын белгіленеді. 1999 жылдан бастап ол есептелген еңбекақының 
10 %-ын құрайды. Ол еңбекақыдан ұсталады және еңбекақы бұл 
жағдайда тек қана есептеу мөлшері болып саналады.
ЖЗҚ-на жарналар зейнетақы есептелетін еңбекақының барлық 
түрлерінен, оның ішінде мердігерлік келісім шарт бойынша жұмыс-
тар орындағаны үшін сыйақыларға да есептеледі. ЖЗҚ-на жарналар, 
мысалы, пайдаланбаған демалыс үшін орнын толтыру, материалдық 
жәрдем, сыйақылар мен жүлделер, қызметтен босарда алатын 
жәрдемақы және әлеуметтік қамсыздандырудың қаржыларынан бе-
рілген жәрдемақыларға есептелмейді.
ЖЗҚ-на жарналарды кәсіпорын әр тоқсанда 1 рет төлейді. ЖЗҚ-
на қаржылар аударуға берілген төлем тапсырмаларынсыз банкіден 
қолма-қол ақша берілмейді.
Уақытында төленбеген сома төлем қарызы болып саналады және 
оның өсімі қоса өндіріледі. Егер ЖЗҚ-да қаржылардың сомасы 
жасырылып немесе төмендетілсе, ол кәсіпорыннан айыппұл ре-
тінде өндіріледі, қайталап тәртіп бұзылған кезде айыппұл екі есе 
көлемінде салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет