494-бап. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау
1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235#z462
5 Есеп
Нарымбаев Е.Е. өз ұйымымен 460-1-бап бойынша тартылуы мүмкін
460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу
1. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда хабардар етпеу, сондай-ақ оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235#z462
6 Есеп
Азамат Цыба Г.ф. өзінің діни басақармасын мемлекеттік тіркеуге тіркеген жоқ. Ол біздің ҚР заңнамасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасады.489-баптың 9 тармағына сәйкес
489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру
9.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235#z462
Достарыңызбен бөлісу: |