Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


Уақытша пломбалық материалдарға қойылатын талаптар



бет44/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90
эндо

Уақытша пломбалық материалдарға қойылатын талаптар
Материалдардың келесі қасиеттері болу керек:

  • Пластикалық,

  • Дәрілерге кері әсері болмау керек,

  • Берікті болу керек

  • Ауыз қуысы сұықтығында ерімеу керек

  • Тіс тіндерінде, ұлпаға және ауыз қуысының шырышты қабығына индиферренті болу,

Керек уақытқа ақауды герметикалық жабу
3.2.1 Ұлпаның қызметі және физиологиясы
Тіс ұлпасы (pulpa dentis) тіс қуысында орналасқан және екі бөліктен тұрады:сауыт ұлпасы (pulpa coronalis), түбір ұлпасы (pulpa radicis). Морфологиялық құрылысы жағынан тіс ұлпасы борпылдақ дәнекер тінге жатады және былқылдақ жасушааралық негізгі затқа бай болып келеді. Талшықты құрылымдары коллаген және ретикулярлы талшықтардан тұрады, эластикалық талшықтар ұлпада анықталмаған. Ұлпаның жасушалық құрылымы одонтобласттардан, фибробласттардан толық жетілмеген жасушалардан орныққан макрофагтар және басқалардан тұрады. Бұл жасушалар ұлпада біркелкі орналаспаған және белгілі бір заңдылыққа бағынады. Шартты түрде ұлпада үш қабатты ажыратады: шеткейлік немесе одонтобласттар қабаты, одонтобласттар асты және орталық қабаттар. Әрбір қабат өзіне тән физиологиялық қызмет атқарады және әр түрлі үрдістерге өзінше жауап қайтарады. Дентинмен тікелей жанасқан шеткейлік қабатта бірнеше қатар құрап одонтобласттар орналасады. Бұлар жақсы жетілген, биік цилиндрге ұқсас, қою базофиьді цитоплазмалы жасушалар. Әрбір жасуша көптеген қысқа және дентин өзекшелеріне өтетін ұзын өсінділер Томес талшығы береді. Жасушаның денесі жасушалық органеллаларға бай: жақсы дамыған жасушаішілік торлы аппарат, пластиналы кешен – Гольджи аппараты, көптеген митохондрийлер, ядросында көп мөлшерде хроматин және бірнеше ядрошықтар бар. Түбір ұлпасына ауысқан сайын одонтобласттар қатары азаяды және 1-2 ғана қатар құрайды.

Тіс ұлпасының қызметі.


Тіс ұлпасы әртүрлі қызмет атқарады. Олардың бірі - одонтобласттардың қатысуымен орындалатын дентин құру немесе пластикалық қызмет. Пластикалық қызметі тіс тіндерінің қалыптасуы кезінде белсенді түрде жүреді және тіс шыққаннан кейін де жалғасады және орынбасушы дентиннің құрылуымен сипатталады. Тіс тіндерінде әртүрлі патологиялық үрдістер дамыған кезде (тісжегі, сынаға ұқсас ақау, жедел қажалу) орынбасушы немесе екіншілік дентинмен қатар, патологиялық ошақ табанындағы дентинде қайта құрылу үрдісі немесе үшіншілік дентиннің құрылуы орын алады. Баяу дамыған тісжегі кезінде қуыстың табанында жүмсарған дентиннің қайта минералданып,жылтыр немесе склерозданған дентинге айналуын дентинобласттардың пластикалық қызметімен байланыстыруға болады. Ұлпаның ең маңызды қызметінің бірі - трофикалық қызмет, ол дентиннің қоректенуін қамтамасыз етіп, кіреукенің өміршеңдігін сақтайды. Тістердің қатты тіндері қоректік заттарды капиллярлардағы транссудаттан алады, және олар дентинге Томес талшықтары арқылы жетеді.Тіс ұлпасында ретикулоэндотелиальды тіндер элементтерінің болуы,яғни орныққан макрофагтар ұлпаның қорғаныс қасиетін қамтамасыз етеді. Ұлпаның тағы бір маңызды қызметі-регенераторлық қызмет. Бұл қызмет ұлпадағы көптеген толық дамып - жетілмеген жасушалардың қажетті жағдайда жоғары дамып - жетілген және арнаулы жасушаларға ауысуымен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет