Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин



бет61/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90
эндо

1.3.9 Ұлпа қабынуының алдын-алу
Ұлпа қабынуының әртүрлі клиникалық белгілерін белгілі бір жүйеге келтіру көптеген ғалымдарды ынталандырған және көбіне клиникалық, морфологиялық (патологоанатомиялық) белгілеріне негізделген, немесе оларды бірге негізге ала отырып жасалған жүйелер ұсынылған.
Ұлпа қабынуының себептері (этиология пульпита).
Ұлпадағы қабыну үрдістері көбінесе тісжегі қуысы арқылы ықпал ететін әртүрлі тітіркендіргіштердің әсерінен дамиды. Олардың ішінде ең бірінші орында микроорганизмдер мен олардың уыттары, дентиндегі органикалық заттың ыдырауынан тұратын зиянды заттар тұр.
Тітіркендіруші факторларға химиялық әсерлерді (әртүрлі тамақтар құрамындағы заттар, олардың қалдықтарының тісжегі қуысында ыдырауынан пайда болатын қышқылдар, пломбылық материалдардың құрамындағы зиянды ингредиенттер), механикалық және температуралық әсерлерді жатқызуға болады.
Микроорганизмдер ұлпаға тісжегі қуысынан көбіне дентин түтікшелері арқылы өтеді. Сонымен қатар қан және лимфа тамырлары арқылы да (жедел жұқпалы аурулар, сепсис кезінде) өтуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ретроградтық жолмен немесе кері жолмен (пародонтальдық қалталар аймағында түбір бетіндегі цементтің ыдырауы кезінде беті ашылған дентин өзекшелері арқылы, ал қалталар тереңдеген кезде өзек тармақтарының немесе түбір ұшы тесіктері арқылы) де түсуі мүмкін.
Механикалық және температуралық әсерлердің ықпалы тісжегі қуысына түскен қатты тағам түйірлеріне, қабылдаған астың жоғарғы және төменгі температурасына байланысты болады. Сонымен қатар тісжегі қуысын егеп-тазалағанда, тісті жасанды сауыт кигізуге дайындағанда, емдеу шараларын дұрыс жүргізбеу ұлпаның әртүрлі зақымдануына әкеп соғады. Ұлпаға әсерін тигізетін тағы да бір химиялық факторлар – асқынбаған тісжегіні емдеген кезде тісжегі қуысын ұлпаны қатты тітіркендіретін дәрілермен (спирт, эфир, жоғары концентрациялы антисептиктер) өңдеу.

1.3.10 Периодрнтит еми аскынуы
Периодонт қабынуын емдеу үшін ету спектрі ( аясы ) кең антибиотиктер ( микроцид , мономицин , неомицин ) мен трипсин және химотрипсиннің косарландыра пайдаланған тиімді . Түбір өзектерін өңдеу үшін панкреатин , иммобилизденген ферменттер профезима және имозиманы да оолдануға болады . леофильденген , зарарсыздандырылған препараттарын Трипсиннің бактериостатикалық қасиеті бар , фагоцитозды жеделтедi , әсерін тежейді , бактериальдык гиалуронидазаның уыттарды бейтараптандырып , тіндердің регенерациялық қасиетін жоғарылатады . Егер фермент пен антибиотикті түбір өзегінде ұзақ уақыт қалдыру қажет болатын болса , олардың « Е » витаминінің 30 % майлы ертіндісіндегі эмульсиясын дайындайды . Уакытша пломбымен тісжегі куысын жапқан кезде ауыратын немесе герметизациялауды көтермейтін тістердi ( зуб не выдерживающий герметизации ) емдеген кезде және түбір өзегіне жалқық көп бөлінгенде эмульсияны түбір ұшы сыртына шығарып емдеген тиімді болады . Түбір өзегін өндеуге лизоцимнің 0,1 % изотониялык ертіндісін колданған Өте пайдалы . Бұл фермент граммон және граммтеріс микроорганизмдерді ыдыратумен қатар , организмнің қорғанысын күшейтеді , қабынуға қарсы және ауырусыздандырушы әсер көрсетеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет