Түбір өзекті өңдеу кезіндегі асқынулар
Түбір өзектің формасын өзгертпей, оны тым кеңейту.
Белгілері – үлкен диаметрлі саймандардың өзекте бос жүруі.
Профилактикасы – өзектің өңдеуден кейінгі диаметрін еске ала отырып, оны 2-3 размерге үлкейту.
Түбірдің майысқан жерлеріндегі өзектердің тым кенеюі.
Белгісі – саймандардың өзекте тым бос жүруі.
Себебі – түбір өзекте майыспайтын немесе аз майысатын саймандармен жұмыс істеу.
Түбір өзекте сайдың пайда болуы.
Белгісі – жұмысшы ұзындықтың бітпей тұрып, құралдың бітеліп қалуы.
Профилактика – Мұқиятты ирригация, ЭДТА препараттарын қолдану, түбір өзектерін мерзім-мерзім кіші диаметрлі құралдармен өндеу.
Белгісі'>Тамыр қабырғасының латеральді перфорациясы.
Белгісі – дұрыс емес жолға барғанда ауру сезімінің пайда болуы және түбір өзегінен қан ағу.
Себебі – ұшы өткір құралды, оны майыстырмай қолдану
Емдеу – дұрыс емес жолды пломбылық материалмен обтурациялау (мысалы, Pro Root).
Тамыр өзегі саңылауының дентин қалдықтарымен бітеліп қалуы.
Белгісі – кіші диаметрлі құрал, бұрыңғыдай, жұмысшы ұзындығына кіре алмайды.
Мұқиятты ирригация, ЭДТА препараттарын қолдану, түбір өзектерін мерзім-мерзім кіші диаметрлі құралдармен өндеу.
Тамыр қабырғасының жұқаруынан болған перфорация.
Белгісі – тамыр өзегінен қан ағу және қабырғаларды өңдегенде ауру сезімінің пайда болуы.
Себебі – түбір өзегінің майысуын дұрыс бағаламау.
Емдеу – түбір өзекті пломбылау немесе құрамында кальцийі бар препаратпен уақытша обтурациялау.
Апикальды саңылаудың тым кеңейіп кетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |