Эндодонтиялық препараттың аспирациясы.
Белгілері – ауыз қуысынан құралдың мүлдем жоғалып кетуі, шулы, ысқырықты тыныс алу, қиындатылған дем алу.
Бұл асқыну тұншығуға алып келу мүмкін!
Жедел жәрдем– жедел жәрдем бригадасын шақыру, жедел госпитализациялау, тұншығу пайда болғанда – қолдағы бар заттармен трахеотомия жасау!
Эндодонтиялық құралдың жұтылуы.
Белгілері – ауыз қуысынан құралдың, аспирация белгілерісіз, мүлдем жоғалып кетуі.
Жедел жәрдем–гастроэнтерология бөліміне жедел госпитализациялау, құралдың табиғи жолмен шығуына дейін күнделікті бақылау жүргізу.
Түбір өзекті обтурациялау кезіндегі немесе кейін байқалатын асқынулар
Түбір өзектің силермен толып кетуі және оның тамыр ұшынан шығуы.
Белгілері – ауру сезімі (өзіндік немесе шайнағанда), шырышты қабаттың, жұмсақ тіндердің мүмкін ісінуі.
Рентгенограммада– рентгенконтрастты массаның тамыр үшынан шығуы.
Емдеу – физиотерапия, ісіну байқалса– өтпелі қаптарда тілік жасау.
Гуттаперчилік штифттің периапикальдық тіндерге шығуы.
Белгілері – өзіндік немесе шайнағанда ауру сезімі, штифттің тамыр ұшынан шығуының рентгенологиялық көрінісі.
Емдеу– физиотерапия, әсері болмаса – өзекті пломбыдан тазалау, штифтті шығарып алу.
Тамыр өзегінің толық емес обтурациясы.
Белгілері – емдеуден ұзақ уақыттан өткеннен кейінгі ауру сезімі, тамыр өзегінің толық емес обтурациясының рентгенограммадағы көрінісі.
Емдеу - тамырлық пломбыны алып тастау, тамыр өзекті қайтадан обтурациялау.
Тіс тамырының бойлай сынуы.
Белгілері: гуттаперчидің латеральді конденсациясы кезінде ауру сезімінің пайда болуы. Спредер тамыр өзегіне еркін кіре бастайды. Тамыр сынуының рентгенограммада көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |