3% сутегі асқын тотығы. Клиникалық фармакологиясы
Әсер ету механизмі:
Тінмен жанасқанда сутегі сақын тотығы суға және сутегі атомына бөлінеді.
Газ көпіршіктерінің бөлінуі кезінде көпірудің әсерінен өзек некротизирленген бөлшектерден және дентиндік қалдықтардан механикалық тазарады, ал оттегі бактеридцидті әсер көрсетеді.
Одан бөлек, сутегі асқын тотығы қан тоқтатушы әсерге ие, және оны пульпаны алып тастағаннан кейін қан тоқтату үшін пайдаланады.
Алайда , сутегі асқын тотығы натрий гипохлориді сияқты некротизирленген органикалық тіндерді еріте алмайды, сондықтан эндодонтияда каналды өңдеу кезінде осы екі препаратты кезектеп қолдану ұсынылады. Екеуін кезектеп қолдану кезінде одардың арасында пайда болатын реакция әсерінен оттегі атомы мен хлор бөлінеді. Бұл өңдеудің сапасын жақсартады.
Құрамында хлоры бар препараттар.
Әсер ету механизмі:
Тінмен жанасқанда хлорлы газ тәрізді масса бөлініп, ол өзек пен тар дентин өзекшелеріндегі қалдық органикалық қалдықтарды бұзып құрамындаға микроорганизмдерге бактеридцидті әсер етеді.
Бұл препараттар бактеридцидті, дезорирлейтін және әлсіз ағартқыш әсер көрсетеді. Бактерияларға, саңырауқұлақтарға белсенді қарсы әсер етеді, бірақ периодонт тіндеріне токсикалық әсер жоқ.
Бұл топқа жатады:
1-2% хлорамин ерітіндісі,
0,2% хлоргексидин биглюконат ерітіндісі
3-5% гипохлорит натрий ерітіндіс
Натрий гипохлорит ерітіндісі (NaOCl
Тірі, некротизделген және химиялық жолмен бекіген тіндерді жақсы ерітеді.
Бактеридцидті әсерге ие.
Тітіркендіргіш әсер етуі мүмкін.
1 - 5 % ерітінділері қолданылады.
Өзекті шаю үшін эндодонтиялық инесі бар шприцпен қолданылады.
Бір өзекті өңдеу үшін 5-10 мл ерітінді қажет.
«Septodont» фирмасы 250 мл флакондағы 3%- дық стабилизденген жоғары тазартқыш әсері бар « Паркан» гипохлорит ерітіндісін шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |