Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


) Түбір өзектерінің өлшемін анықтау әдістеріне түсінік бер



бет80/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90
эндо

2.3.13) Түбір өзектерінің өлшемін анықтау әдістеріне түсінік бер
Тістің жұмыс ұзындығын анықтау үшін келесі әдістерді қолданамыз:

  • математикалық,

  • рентгенологиялық,

  • электрометрикалық.

Математикалық әдіс: Тістердің және түбірлерінің ұзындығының көрсеткіштері жазылған арнайы таблицалар болады. Онда тістің және түбірлерінің ұзындығының мәні және де тіс сауыты мен түбірінің мөлшерінің қатынасы, түбір өзектерінің саны, апикалды тесіктің кездесу жиілігі, өзектің қисаю бағыты көрсетіледі. Бірақ, бұл әдіс негізгі әдіс болып саналмайды.
Диагностикалық рентгенсурет: Бул әдіс сенімді болып саналады. Жұмыс ұзындығы рентгенологиялық ұшынан 0,5-1 мм қысқаша болу керек.
Электрометрикалық -Апекслокатор . Жұмыс істеу қағидалары периодонттың дентиннен өзгеше электрлік потенциал ға жауап беруіне негізделген.Аппараттың үш индикациясы бар: цифрлық, дыбыстық және сәулелік.


2.3.14) Пульпиттің емі, асқынуы
Пульпит - әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерінің нәтижесінде пайда болатын тіс ұлпасындағы қабыну процессі. Пульпиттің дамуының басты себебі – кариес қуысындағы дентин түтікшелері арқылы ұлпа қалташасына түсетін микроорганизмдер меноның өнімдері болып табылады. Көптеген авторлардың айтуы бойынша, ұлпа қабынуының негізгі қоздырғышы кокк бактериясы, оның ішінде гемолитикалық және гемолитикалық емес стрептококктар, диплококктар, стафилокоокктар, грам оң таяқшалар, стрептобациллдер, лактобациллдер және ашытқы саңырауқұлақтары.Ұлпаға инфекция тіс кариесін емдеу кезінде байқаусыз тіс қуысын ашып алғанда, терең пародонт қалталарынан ретроградты жолмен, гаймор кеңістігі қабынғанда, остеомиелитте қатар тұрған тіс периодонтитпен ауырғанда түсуі мүмкін.
Екінші себебі – жедел немесе созылмалы жарақат болып табылуы мүмкін. Оның түрлері: механикалық, физикалық, химиялық.Жедел механикалық жарақат ұлпа мүйізін аша тіс сауытының бір бөлігі сынғанда, тіс түбірі сынғанда, тіс түбірі ұшындағы қан тамырлары жарақаттанғанда (мысалы, соғып алғанда), кариесті емдеу кезінде ұлпа мүйізін ашып алу немесе қаптама сауыт астына тісті бұрғылап өңдеу кезінде пайда болады. Ұлпаның созылмалы механикалық жарақатына тістің патологиялық өшуі, терең кариесті емдегенде пломбаның биік болуы жатады.Физикалық жарақат-қа – кариес қуысын немесе қаптама сауыт астына тісті бұрғылап өңдеу кезінде ұлпаның күюі жатады. Амальгама пломбасын айыр-ғыш аралықсыз салғанда ұлпаны созылмалы физикалық тітіркендіргіштерді, өйткені металл термиялық тітіркендіргіштерді жақсы өткізеді.
Қандайда болмасын классификация аурудың диф. диагностикасын, емдеу әдісін құру мен таңдауын жеңілдетеді. Пульпиттің әрбір түрі шағымына, объективті көрсеткішке және патоморфологиялық жағдайға анық сәйкес келуі керек. Пульпиттің классификацияларына авторлары: Б.М. могильницкий, А.И. Евдокимов (1925ж) Е.М. Гофунг (1927ж)ВОЗ-дың халықаралық классификациясы жатады. Соның ішінде біздің қолданатынымыз Мәскеу Медициналық стоматологиялық институт (ММСИ) ұсынған классификация (1989 ж):
I.Жедел пульпит:
1.ошақты
2.диффузды
II.Созылмалы пульпит:
1.фиброзды
2.гангренозды
III. Асқыну сатысындағы созылмалы пульпит:
1.созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы
2.созылмалы гангренозды пульпиттің асқынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет