Булекова гулзат абилкасыновна


КІРІСПЕ    Проблеманың  қазіргі  жағдайы



Pdf көрінісі
бет8/33
Дата02.01.2022
өлшемі1.72 Mb.
#452336
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Булекова Гулзат Дисер

КІРІСПЕ 

 

Проблеманың  қазіргі  жағдайы.Металлургия  саласында  өндірістің 

тиімділігін  арттыру,  технологияны  жетілдіру  және  техникалық–экономикалық 

көрсеткіштерді  жақсарту  үшін  кешенді  ферроқорытпаларды  өндіруді  және 

пайдалануды  кеңейту  қажет.  Қазіргі  уақытта  болат  пен  ферроқорытпаларды 

өндіру  кезінде  қолданылатын  қорытпалардың  номенклатурасын  кеңейту 

мақсатындакешенді қорытпалардың жаңа сапалы түрлерін іздеу қажет. 

Кешенді  қорытпаларды  іріктегенде  басты  назар  аударатын  жағдайлар 

оңтайлы  химиялық  құрамы  және  неғұрлым  арзан  әдіс  болып  табылатын 

қорытпаларды  алудың  бір  сатылы  тәсілі.  Ферроқорытпа  зауыттары  әлемдік 

стандарттарға сәйкес келетін металл өндіру үшін қажетті сапалы, салыстырмалы 

түрде  қымбат  емес  тотықсыздандырғыштарды  қажет  етеді.  Сонымен  қатар 

Қазақстан  аумағында  химиялық  құрамы  ферроқорытпаларды  балқыту  үшін 

тотықсыздандырғыш 

ретінде 


жарамды 

көміртекті 

материал 

ретінде 


сипатталатын  тас  көмір  кен  орындары  бар.  Республиканың  ферроқорытпа 

зауыттары қажет ететін зиянды қоспалардың мөлшері аз сапалы  көмір құрамды 

шикізатты іздеу қажеттілігі осы тақырыпты әзірлеуге негіз болды. 

Перспективалы  қорытпалардың  бірі  –  кремний,  алюминий  және  марганец 

кешені  бар  қорытпа,  ол  жоғары  күлді  көмірді  қожсыз  электротермиялық 

балқытумен  алынуы  мүмкін.  Мұндай  қорытпаларды  болат  балқыту  өндірісінде 

қолданып болатты бірлесіп қышқылсыздандыру және легерлеу проблемасын бір 

мезгілде шешеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет