Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет28/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері. Құқық əлеу-
меттік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, 
көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағыт-
талған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құ-
қық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси 
билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады
қолданады жəне оларға кепілдік береді.
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, 
ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен 
мүдделерін білдірді. Егер əдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен 
жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық нормалар жалпыға мəлім 
болу мақсатында жазбаша рəсімделе басталды. Құқықтың пайда 
болуы – əлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы 
қарама-қайшылықтардың таралуын əлеуметтік нормалардың рет-


тей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты: 
1) мононормалардың (алғашқы қауымдық əдет-ғұрыптардың) 
əдет құқығының нормаларына айналуы жəне осыған байланысты 
оларды мемлекеттің санкциялауы; 
2) құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – норма-
тивтік актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқық-
шығармашылық қызметі; 
3) сот жəне əкімшілік органдарымен қабылданатын нақты 
шешімдерден құралған жəне басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік 
сипатты иеленетін прецеденттік құқық. 
№ 17 кесте 
Құқықты қалыптастырудың негізгі 
жолдары 
Алғашқы қауындық əдет-
ғұрыптық нормаларды 
мемлекетпен санкциялау 
жəне оларды əдет 
құқығының нормаларына 
айналдыру, оларды 
мемлекет тарапынан 
қорғау 
Заңдық прецедент (нақты 
бір іс бойынша соттық 
немесе əкімшілік шешім), 
оған мемлекет ұқсас істер 
бойынша заңдық міндетті 
күш береді  
Мемлекеттік құқықтық 
нормалардан тұратын 
жаңа нормативтік 
актілерді шығаруы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет