Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Нормативтік актілердің түсінігі жəне түрлері



Pdf көрінісі
бет47/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Нормативтік актілердің түсінігі жəне түрлері. Норматив-
тік заңды актілер – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, 
құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қаты-
настарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.нормативтік акті-
лерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анық-
талған тəртіп бойынша қабылдайды. Заңды күшіне қарай барлық 
заң актілері екі топқа бөлінеді: заңдар мен заң актілері.
Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум 
арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, 
жоғары заң күшіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды 
реттейтін нормативтік акт. 
Заңға сəйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заң-
дардың негізінде жəне оларды орындау мақсатында қабылданған 
актілер. Оларға мыналар жатады: 
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен 
өкімдер; 
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен 
өкімдер; 
3) мемлекеттік аумақтық жəне жергілікті органдардың (өкілдік 
органдар мен əкімшілік органдар) актілері – мемлекеттік билік пен 
басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі 
басқару органдары қабылдайды жəне осы аумақта өмір сүріп 
жатқан барлық тұлғаларға таралады; 
4) ведомстволық актілер – белгілі бір органның құзіреті шегін-


де қабылданады жəне осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.
3. Заңдардың түсінігі, белгілері жəне түрлері. Заң – бұл заң 
шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше 
тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң кү-
шіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін норма-
тивтік акт. 
Заңның белгілері: 
1. Заң – бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды 
жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық əре-
кеттер бекітілген заң актісі. 
2. Заң – бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары 
органдарының актісі. 
3. Заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді: а) қалған 
барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі жəне оларға қарама-
қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген 
жағдайда басымдылық соңғысына беріледі; ə) заңды кез-келген 
басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа 
ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.
4. Заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған жəне қоғамдық 
өмірдің маңызды мəселелеріне байланысты міндетті нормалардан 
құралған нормативтік акт. 
Заңның түрлері: 
1) Конституция – бұл басқарудың жəне мемлекеттік құры-
лымның нысанын, сот əділдігі жүйесін анықтайтын, конститу-
циялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостан-
дықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт; 
2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген жəне 
онымен байланысты мəселелерге қатысты қабылданады; 
3) жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, 
əлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет