Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет54/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

23 тақырып.
ЗАҢҢАМАНЫ ЖҮЙЕЛЕУ 
1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен 
түрлері. 
2. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі. 
1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі 
мен түрлері. Жүйелеу – бұл нормативтік актілерді реттеу, оларды 
белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлылығын 
арттыру үшін, көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін 
қажет.
Жүйелеудің түрлері: 
1. Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өз-
гертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Мұн-
дай жинақта əрбір акт өзінің дербес мəнін сақтап қалады. Ин-
корпорацияның қағидалары: хронологиялық (оларды қабылдау 
уақыты бойынша), тақырыптық (белгілі бір тақырып бойынша) 
жəне т.б. 
Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақ-
тардың үш түрін бөліп қарастырады: ресми, официозды жəне 
бейресми. Ресми жинақ құқықшығарушы орган өзі жинақты 
дайындап, жариялаған кезде орын алады. Официоздық жинақ бо-
лып құқықшығарушы органның (мысалы, əділет министрлігінің) 
тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған қолдауы 
арқылы шығарылған жинақтар табылады. Бейресми жинақ болып 
ғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқық-
шығарушы органның арнайы өкілеттіктерісіз шығарған заңнама 
жинақтары табылады.
2. Консолидация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өз-
гертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Ин-
корпорациядан айырмашылығы – мұндай жинақта əрбір акт өзінің 
дербес мəнін жоғалтады. Мұнда нормативтік актілер олардың 
белгілі бір қызмет түріне қатыстылығы белгісі бойынша бірікті-
ріледі (табиғатты қорғау, білім жəне т.б.). 
3. Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын 
өзгертудің нəтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы 
жүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдар 
мен нормалардағы қарама-қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-
тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара келісуі мен 


логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дəстүрлі 
қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол – бір сипатты қоғам-
дық қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеуге 
мүмкіндік беретін ірі акт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет