Мемлекет белгілері: 1) жария биліктін болуы; 2) тұрғындардың аумақтық бөлінуі; 3) салық жүйесі; 4) егемендік; 5) құқық. № 7 кесте Мемлекетті түсінудің əртүрлілігі Аристотель – азаматтардың барлық ой жəне адамгершілік мүдделерін топтастыру Цицерон – ортақ құқық бастамаларымен жəне ортақ пайдамен біріккен адамдар одағы Коркунов, Шершеневич, Трубецкой – белгілі бір аумақ шегінде ерікті адамдарға жеке дара мəжбүрлі билік етуді білдіретін қоғамдық одақ Гумплович – белгілі бір тəртіпті қорғауға арналған табиғи жолмен пайда болған билік ету ұйымы Еллинек – заңды субъект болып табылатын жəне құқықтарды иеленетін тұлғалардың мақсатты біртұтастығы
№ 8 кесте Мемлекеттің əлеуметтік мақсаты Құқықтық тəртіпті, адам бостандықтары мен құқықтарын қорғау Қоғамның əртүрлі таптары тарапынан қолдау тапқан шешімдерді жүзеге асыру Əлеуметтік қарама-қайшылықтарды жою Бейбітшілікті сақтау, қарулы қақтығыстардың алдын алу Əлеуметтік тіл табысушылыққа қол жеткізу, халықтың əртүрлі топ тарының мүдделерін ескеру мен үйлестіру