4. Құқық жəне корпоративтік нормалар. Корпоративтік нор-
маларға мүшелікке негізделген еркін қауымдастықтардың, кəсіп-
тік одақтардың партиялардың жарғылары мен басқа да құжатта-
рында бекітілген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік жəне
коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар
жатады.
Қорпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсас-
тығы олардың екеуінің де белгілі бір ресми тəртіппен қабылданған
жазбаша құжаттарда бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік
нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы–олар өзде-
ріне сəйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен мүдделерін
білдіреді жəне солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпо-
ративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көздел-
ген əсер ету шаралары қолданылады.
5. Құқық жəне əдет-ғұрып. Əдет ретінде күнделікті қалып-
тасқан əрекеттердің нəтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды.
Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нəтижесінде оларды сақтау əдетке
айналған нормалар əдет нормалары деп аталады.
Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпші-
ліктің əдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау əдеті).
Кейбір жағдайларда санкцияланған əдет құқықтың қайнар көзі бо-
лып табылады.
№ 21 кесте
Əлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
Əлеуметтік нормалар – бұл адамдардың қоғамдық өмірдегі жүріс-тұрыс ережелері
Моральдық нормалар – қоғамдық өмірде адамдардың қайырымдылық пен зұлымдық,
əділеттік, адалдық, адамның қоғам мен адамдар алдындағы парызы туралы
пайымдауларына сəйкес қалыптасады
Діни нормалар – адамдардың құдай туралы, оның өмір мен адамзат қоғамының
негізгі бастауларының негізін салуы туралы пайымдауларынан туындайды
Достарыңызбен бөлісу: |