18 тақырып.
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. Құқық жүйесінің түсінігі.
2. Құқықтық реттеу пəні мен əдісі құқық нормаларын салалар-
ға бөлу негіздері ретінде.
3. Құқық саласы.
4. Құқық институты.
1. Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі – бұл
құқықтың
өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқық-
тың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген
элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады,
олар, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды – институт-
тарды, салаларды құрайды;
2) оның элементтері
бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлес-
кен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын
қамтамасыз етеді;
3) ол əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени,
тарихи факторлармен тығыз байланысты;
4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы
қатынастарға тəуелді жəне адамдардың
субъективтік қалауы
бойынша қалыптасуы мүмкін емес.
2. Құқықтық реттеу пəні мен əдісі құқық нормаларын са-
лаларға бөлу негіздері ретінде. Құқық нормаларын салаларға
бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пəні
мен əдісін.
Құқықтық реттеу пəні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қаты-
настар. Ол
басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қаты-
настар объективтік түрде қалыптасады жəне олардың белгілі бір
сипаты сəйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек
қатынастары
еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы-
неке құқығының реттеу пəні болып табылады.
Қосымша негіз болып құқықтық реттеу əдісі табылады. Егер
пəн құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, əдіс
оның қалай
реттейтінін көрсетеді.
Құқықтық реттеу əдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қо-
ғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды
құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің төмендегідей негіз-
гі əдістері болады:
1) императивтік – бұл тыйымдарға,
міндеттерге, жазаларға
негізделген биліктік ережелер, субординация əдісі;
2) диспозитивтік – рұқсат етуге негізделген,
тараптардың
теңқұқылығы, координация əдісі;
3) марапаттаушы – белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін
марапаттау əдісі;
4) ұсынушылық – мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-
тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру əдісі;
Достарыңызбен бөлісу: