осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күш-
терін жояды.
Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы
ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:
а) заңның кері күші – жаңадан қабылданған нормативтік акті-
нің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға
таратуы.
Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды,
алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заң-
ның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңіл-
детсе немесе жойса;
ə)жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған
заңның жекелеген мəселелерге қатысты күшін сақтап қалуы.
2. Нормативтік актілердің кеңістіктегі күші
олар таралатын
аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік
шекаралар ішіндегі оның құрғақ жəне су кеңістігі, олардың үстін-
дегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары,
сонымен қатар, шетелдердегі
елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі əскери жəне
сауда кемелері, мемлекеттің
аумағынан тыс жерлерде ұшып
жүрген ұшақтар танылады. Бұл мəселені қарастыру кезінде мы-
наны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе тұл-
ғаларға таралмау тəртібі эксаумақтық деп аталады.
3. Заңның тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талап-
тардың белгілі бір актінің əрекет ету аумағындағы барлық тұлға-
ларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушы-
лықтар бар:
а) мемлекеттер мен үкіметтердің
басшылары, елшілік жəне
консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық құқығына ие
жəне оларға қылмыстық заңнаманы жəне əкімшілік құқықбұзушы-
лықтар туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік жəне
мемлекеттік мəжбүрлеу шаралары қолданылмайды;
ə) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қылмыстық жауапкер-
шілікті көздейтін актілер,
азаматтарға, олардың қай жерде жүр-
геніне жəне олардың шетелдік заңнама нормаларына сəйкес жа-
заны өтегеніне қарамастан, таралады;
б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен
азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен міндеттердің кең шең-
берін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар
мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер
қатарында
борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына
сайлана алмайды жəне сайлауға қатыса алмайды.