Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


 Құқық нормаларының түрлері



Pdf көрінісі
бет50/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Құқық нормаларының түрлері. Заң нормаларының түрлері: 
1) реттеуші жəне құқыққорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым 
салушы жəне міндеттеуші; 3) императивтік жəне диспозитивтік.
Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен 
міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын
анықтайтын норма. 
Құқыққорғаушы норма – бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеу 
шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен 


мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді 
жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма. 
Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді 
жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма. 
Міндеттеуші норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы 
əрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс 
табатын жəне құқық субъектілерінің қалауларынан тəуелсіз түрде 
əрекет ететін норма. 
Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіре-
тін норма. 
3. Құқық нормаларының құрылымы. Құқықтық норманың 
құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция жəне 
санкция.
Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағ-
дайын көрсету; диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін 
көрсету; санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз 
салдарды көрсету.
Бұл үлгінің сөздік кестесі мынадай: «егер… , онда… , бұлай 
болмаған жағдайда…». Мысалы, займ шарты жазбаша нысанда 
жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құ-
руға болады: егер займ шарты бекітілетін болса, онда ол жазбаша 
түрде жасалуы тиіс, бұлай болмаған жағдайда, шарттың күші 
болмайды.
4. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақаты-
насы. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар 
емес, көп жағдайларда олар сəйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нор-
масы – бұл гипотезадан, диспозициядан жəне санкциядан құралған 
жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы–бұл 
құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерік 
білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының маз-
мұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып 
табылады. Олардың арасындағы байланыс əртүрлі сипатқа ие. 
Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының
логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір 
бабына енгізуі мүмкін,бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі 
мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін əр түрлі 
нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір норматив-
тік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.


Көрсету тəсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік 
акт бабының арақатынасының үш түрі болады: 
а) тікелей тəсіл – құқық нормасы нормативтік акт бабының 
өзінде тікелей көрсетіледі; 
ə) сілтемелі тəсіл – нормативтік акт бабы норманы толығымен 
ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды; 
б) бланкеттік тəсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа 
емес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.


№ 25 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет