жесін, қоғамдағы процедуралық
нормалар мен институттардың
даму деңгейін сипаттайды;
5) жариялылық – құқықшығармашылық
процестің көпшілік
қауым үшін ашықтығын білдіреді.
3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.
Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жү-
зеге асырылады:
1. Заң шығару ынтасы – құқықшығарушы органға нормативтік
актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсы-
нылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамада
қатаң түрде анықталған.
2. Заң жобасын талқылау – бұл кезең
құжатты қажетті сапаға
жеткізу,
қарама-қайшылықтарды,
олқылықтарды, түсініксіз мəсе-
лелерді жəне т.б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобалары
жалпыхалықтық талқылауға ұсынылады.
3. Заңды қабылдау.
4. Қабылданған актінің
мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни,
заңды жариялау.
№ 29 кесте
Субъектілеріне байланысты
құқықшығармашылық төмендегідей болінеді:
Құқықшығармашылық –
бұл құзыретті органдардың заңдық
нормаларды қабылдау, өзгерту жəне жою жөніндегі арнайы қызметі
-
референдумды өткізу процесіндегі
халықтың тікелей құқықшығармашылығы
-
уəкілетті мемлекеттік органдардың
тікелей құқық белгілеуші қызметі
-
мемлекеттік органдармен, өздерінен тыс
əдет-ғұрып түрінде қалыптасқан немесе
мемлекеттік емес ұйымдармен жасап
шығарылған нормаларды санкциялау