Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет60/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

9. Заңды фактілер – бұл белгілі бір құқықтық салдардың туын-
дауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды 
фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарт-
тары болып табылады.
Заңды фактілерді əр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге 
болады: 
1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша: 
- құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу); 
- құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бө-
лімге ауысу); 
- құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).
2. Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына 
қарай: 


- оқиғалар – бұл субъектілердің еркіне тəуелсіз жағдайлар
мысалы, табиғат апаты, өлім жəне т.б 
- əрекеттер – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен 
байланысты жағдайлар. Əрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай жəне 
құқыққа қайшы болып бөлінеді.
Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір 
заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы–заңды құрам 
қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кəрілігіне байла-
нысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір 
еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің 
болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық 
элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін 
(мысалы, зейнетақыны тағайындау мəселесі); ə) ол жалпы белгі-
лермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері). 


№ 31 кесте 
Құқықтық қатынастардың түрлері: 
- салалық белгісі бойынша: 
• 
Конституциялық-құқықтық; 
• 
Əкімшілік-құқықтық; 
• 
Азаматтық-құқықтық жəне т.б.. 
- сипатына байланысты: 
• 
материалдық (қаржылық, енбек жəне т.б.); 
• 
процессуалдық (қылмыстық іс жүргізушілік, 
азаматтық іс жүргізушілік жəне т.б.)
- құқық функциялары бойынша: 
• 
реттеуші; 
• 
қорғаушы 
- қатысушылардың құрамы бойынша: 
• 
жай; 
• 
күрделі 
- субъектілердің анықталғандығының дəрежесі 
бойынша: 
• 
абсолюттік (тек қана бір тарап анықталған); 
• 
қатысты (екі тарап та анықталған)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет