Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Құқықтық реттеудің тиімділігі



Pdf көрінісі
бет79/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Құқықтық реттеудің тиімділігі – бұл құқықтық реттеудің 
нəтижесі мен оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы арақа-
тынас.
Құқықтық реттеудің тиімділігін көтерудің төмендегідей жолда-
рын атап өтуге болады: 
1. Құқықшығармашылықты жетілдіру; мұның нəтижесінде 
заңшығармашылық техниканың жоғары деңгейіне сəйкес құқық 
нормаларында қоғамдық мүдделер мен заңдылықтар мейлінше 
анық көрініс табады. Бұл кезде заңды жəне ақпараттық құрал-
дардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай 
жағдай жасау керек.
2. Құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нəти-
желерін толықтырады. Құқықты қолдану əр бір заңды жағдайдың 


нақты жағдайларын, өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Құқық-
шығармашылық пен құқыққолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық 
реттеуге икемділік пен кешенділікті береді.
3. Құқық субъектілерінің құқықтық мəдениетінің деңгейін кө-
теру де құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық 
тəртіпті нығайту процесіне əсерін тигізеді. 
№ 42 кесте 
Құқықтық реттеу механизмі
– 
бұл заңдық құралдардың жүйесі, олардың 
көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, 
құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады
Төмендегідей элементтерді қамтиды: 

құқықтық нормалар; 

құқықтық қатынастар; 

жеке құқықтық актілер; 

құқықтық тəртіп; 

құқықтық сана 
Мақсаттары: 

өркениетті қоғамның қалыпты өмірінің негізі жəне 
сөзсіз талабы ретіндегі заңдылық пен құқықтық 
тəртіпті қолдау; 

мемлекеттік құрылымдарды оңтайлы құру, олардың 
нəтижелі қызмет етуі; 

адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге 
асыру, адамның өз міндеттерін орындауы, 
азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен 
құқықтарын тиімді қорғау; 

қоғам мүшелерінде прогрессивтік құқықтық сана 
мен құқықтық мəдениетті қалыптастыру 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет